ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАНДЫРУҒА 270,9 МЛН ТЕҢГЕ АУДАРЫЛҒАН
Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында 270,9 млн. теңге түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалы хабарлады.
«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 6,1 млрд. теңгені құрады. Оның 5,9 млрд. теңгесі (96,7%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 181,6 млн. теңге (3,3%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», - делінген хабарламада.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика