ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ ТҮРЛІ ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша Өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы Болатбек қажы Абуов толыққанды мәлімет берді.
Бас имам әрбір ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман, өзінің тұрғылықты мекенінде болса, құрбан шалғаны дұрыс дегенді айтып, құрбан шалу тәртібін түсіндірді.
«5 жасар түйені 7 адам бірігіп немесе 2 жасар сиыр, өгізді 7 адам бірігіп, 1 қойды 1 адам шалады. Құрбандыққа жылқы шалынбайды. Жалпы қаражат тауып отырған әрбір мұсылманның құрбан шалғаны сауапқа жазылады. Құрбан шалынған мал етін үшке бөліп, бір бөлігі бала-шағасына, екінші бөлігі туған-туысқандарға, үшінші бөлігі кедей немесе мұқтаж жандарға беріледі. Құрбандыққа шалынған малдың қандайда бір кемістігі болмауы тиіс»,-дейді Болатбек қажы.
Айта кету керек, құрбан айт құрметіне орай, «Мешіттерде Құрбан шалу рәсімін өткізу», «Құрбандық малының етін мұқтаждарға үлестіру», «Спорттық жарыстар», «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында пәтер табыстау рәсімдері жасалады.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика