Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жыл   бойынша  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі  6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады. Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқаруда. Облыс бойынша орман өсімін молайту мақсатында 2017 жылда мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 га ағаш көшеттерін егу жоспарланып, толығымен орындалды. 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл іс-шараға облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшыларынан келісім алынды. Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Ауылдық округтерге 1890 дана ескерту хаттары таратылып, теледидар арқылы 5 рет, ақпарат құралдарына 14 рет мақалалар жарияланды. 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3193  шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 63 дана аншлагтар мен паннолар  орналастырылды. Қызылорда төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман және дала өрттерін сөндіру кезінде қызметтердің өзара іс-қимылын жасауын ұйымдастыру мәселесі бойынша облыстық өрт тактикалық кестесін бекітіп, орман мекемелері төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, осы жылдың сәуір айында 8 өрт-тактикалық жаттығуларын  өткізді. Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 174 рейдтер ұйымдастырып, заңсыз орман ағашын кесудің 8 жағдайы анықтап, тиісті шаралар қабылданды. Жыл басынан бері салаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы  208 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 197 дана, ағаш кесу билеті - 11 дана. Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызмет тіркелмеген.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елбасы биылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге жерді пайдалану тиімділігін арттыру және суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажеттігін тапсырды. Облыста 238 мың га. суармалы жерлердің 179 мың га. инженерлік жүйеге келтірілген. 60 мың га. пайдаланылмайды.  Бүгінгі күні, облыста 188 мың га. болатын суармалы жерлерді қалпына келтіру жөнінде 122 млрд. теңге болатын нақты 3 (үш) жобаларымыз бар. Атап айтқанда,

15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (7 млрд.теңге);

144 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (102 млрд.теңге);

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы

(13 млрд.теңге).

 ПУИД-2 жобасы (63 млн.теңге)  мен 29 мың гектар (531 млн.теңге)  суармалы жерді айналымға қосу жобасына енген су шаруашылығы нысандарын паспорттауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 594 млн. теңге қаржы бөлінді.

 «ПУИД-2» мен «29 мың гектар суармалы жерді қайта айналымға қосу» жобалары бойынша Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 Ал, ПУИД-3 жобасына енген су нысандарын құжаттандыруға

2018 жылға облыстық бюджеттен 410 млн. теңге бөлінді.

Жалпы аталған 3 (үш) жоба іске асырылған жағдайда, суармалы жерлердегі 11 мың 802 шақырым (пуид-2 - 913  км, пуид-3 - 8,2 мың км,  29 мың га - 2,7 мың км) су жүйелері мен 11 мың 165 шақырым (пуид-2 -1,8 км, пуид-3

- 8,4 мың км,  29 мың га - 1,9 мың км)
қашыртқы-дренаж жүйелері және олардың бойындағы 64 мың дана гидротехникалық құрылыстар жөнделетін болады.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 214-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. 2017 жылы 7 каналды тазалау (Қызылорда қаласындағы «Бозбай», «Дүкенбай», Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол») және өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана  насос қондырғыларын алып беру жұмыстарына 333 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 7 каналды тазалау жұмыстары аяқталып, 8 дана насос қондырғысы алынып берілді. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 2017 жылы облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленді.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қарашадағы

№779 қаулысына сәйкес «Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және реконструкциялау» жобасын бастау жұмыстарына Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 293,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті салынды.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толықтай және жергілікті маңызы бар 203 су айдындарының 142 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 61-і резервтiк қорда тұр. Облыс аумағында 37 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 32 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Бүгінгі күні, 5 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.         2017 жылдың 12 айында 7536 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 140 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2017 жылы облыс аумағынан 3410 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Ресей Федерациясына 2171,6 тонна, Европа елдеріне (Дания, Германия, Польша, Голландия) – 910,2, ТМД елдеріне (Әзірбайжан, Грузия,Өзбекстан) – 268,7 тонна және Қытай Халық Республикасына - 60 тонна.

 Браконьерлермен күрес шаралары

        Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 45 фактісі анықталып, оларға 192,6 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, толықтай өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін  174,5 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Биотехникалық іс-шаралар

        2017 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 2,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылды.

Мелиорациялық жұмыстар

         2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп,  Қазалы ауданында "Мариям-Ақкөл", Қармақшы ауданында "Қаракөл", "Таскөл", "Қоңыраулы-көлдей" көлдерін сумен қамтамасыз етілуі мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

Арал өңірі балықшыларының слеті

         2017 жылы да Қамбаш көлінің жағасында Арал өңірі балықшыларының халықаралық үшінші слеті өтті.

         Бұл шараны 2018 жылы да кең көлемде ұйымдастыру жоспарлануда.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың  12 айында 319 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 8, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 311 келіп түскен. Сонымен қатар, 2017 жылдың 12 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 531 рұқсат берілген, яғни II-санат бойынша - 28, III-санат бойынша – 53, IV санат бойынша – 450. Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 10, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 521  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қалдықтарды басқару жүйесін дамытудың 3 (үш) нысаналы көрсеткіштері.

Атап айтсақ:

Бірінші - тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі.

2017 жылы 145,0 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталып, оның 6,45 мың тоннасы қайта өңделген. Пайыздық үлесі - 4,45 %.

 (Анықтама: өңірде «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-гі қалдықтарды қайталама ресурс ретінде өңдеу жұмыстарын жүзеге асырып, нәтижесінде шатыр жамылғысы (черепица) мен жаяу жүргіншілер жолына арналған тақтайшалар (тратуарная плитка) әзірлеуде.

Ал, «Smart Rubber» (Смарт Ровер) ЖШС-нің «Ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін әзірлеу» өндірісін жүзеге асыруда.

Аталған өңеркәсіп 2016 жылы Қытайға 120,0 мың және Германияға

60,0 мың метр су түтіктерін экспорттаса, 2017 жылдың 9 айында Германияға жер асты суару түтіктерінің 120,0 мың метр өнімін экспорттаған).

Екінші - облыс халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту. Облыс тұрғындарының 55,24 пайызы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.

 (Анықтама ретінде: қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту көрсеткішінің республика бойынша орташа деңгейі – 66,4 пайызды құрайды. Қызылорда облысы

5 орынға орналасқан. Яғни, Астана қаласы, Алматы қаласы, Павладар мен Маңғыстау облыстарынан кейін).

Үстіміздегі жылы Энергетика министрлігінің қолдауымен адам өміріне қауіпті болып табылатын құрамында сынап бар жарамсыз электр шамдарын қалдықтарды бөліп жинау мақсатында 850 дана арнайы контейнерлер орнатылып, өз жұмыстарын сәтті жүргізді.

Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан жер асты контейнерлерінің жүйесі енгізіліп, 45 дана жер асты контейнерлері орнатылды. Бұл контейнерлер қағаз және үлкен көлемді (крупногабаритный) қалдықтарды бөліп жинау қызметін атқаруда.

Үшінші - Экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің (полигондар) үлесі.

Облыс аумағында орналасқан полигондарды санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында, жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Атап айтсақ, соңғы 3 (үш) жылда облыстық бюджеттен

67 млн.теңге бөлініп, облысқа қарасты аудан орталықтарына полигон құрылыстары жүргізілді. (Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті). Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыс әкімінің өкімдеріне сәйкес, көктемгі және күзгі маусымдарда облыс аумағын санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру мақсатында, санитарлық тазалық айлығы жүргізілді.Ұйымдастырылған сенбіліктерге әр апта сайын облыс бойынша барлығы 30 мыңнан астам адам күші (барлығы 300 мың 200 адам) мен

388 арнайы техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде арнайы полигондарға 52,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 32 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жүйелері тазаланды. Сонымен қатар, жалпы халықты ынталандыру мақсатында «Таза көше», «Таза мөлтек аудан» және «Таза қала» конкурстар ұйымдастырылды.

Нәтижелері «Алтын Күз» сабан тойында жарияланды.

«Үлгілі ауыл» жобасы туралы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында, облыс әкімінің бастамасымен ағымдағы жылдан бастап, Қызылорда облысының елді мекендері арасында «Үлгілі ауыл» байқауын өткізу туралы шешім қабылданып, байқаудың ережесі облыс әкімінің 2017 жылғы 20 қарашадағы

№ 690-ө өкімімен бекітілді.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылдың ІII  тоқсанына  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Облыс бойынша орман өсімін молайту мақсатында 2017 жылда мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 га ағаш көшеттерін егу жоспарланып, есепті кезеңде 3709 гектарға сексеуіл, жеміс, саялы  ағаш көшеттері егілді. Ал қалған 7000 гектары  агротехникалық талаптарға сәйкес күз айында егілетін болады.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3193  шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 16 дана аншлагтар мен паннолар  орналастырылды.

Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 120 рейдтер ұйымдастырып, заңсыз орман ағашын кесудің 6 жағдайы анықтап, тиісті шаралар қабылданды.

Жыл басынан бері салаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы  204 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 195 дана, ағаш кесу билеті - 9 дана.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 209-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

2017 жылы 7 каналды (Қызылорда қаласындағы «Бозбай», «Дүкенбай», Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол» каналдарын) тазалау,  өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге      8 дана  насос қондырғыларын алып беру жұмыстарына 408 млн.теңге бөлініп, соның ішінде бүгінгі күнге Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс» каналын тазалау жұмыстары аяқталды.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылуда.

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 002 "Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы   49,6 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленуде.

Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен сурамалы жерлерді қалпына келтіру бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1) «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2) «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ПУИД-3) 144,3 мың гектар;

3) 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

Суармалы жерлерді қалпына келтіру жобалары

Жоба атауы

Қаржы көзі

Көлемі

мың га

Құжаттандыру

млн. теңге

Тартылған инвестиция

млрд. теңге

ПУИД-2

Дүниежүзілік банк

15,1

63

7

29 мың га

Азия Даму банкі

29

531

13,4

ПУИД-3

Дүниежүзілік банк

144,3

810

102

Барлығы

 

188,4

1,4

млрд. теңге

122 млрд. теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оның ішінде:

ПУИД-2 жобасы бойынша

ПУИД-2 жобасына енгізіліп, кезінде құжаттандырылмай қалған су шаруашылығы нысандарын құжаттандыруға Жалағаш ауданының бюджетіне 63 млн. теңге трансферт бөлінді.

ПУИД-2 жобасына енгізілген 15,1 мың гектар суармалы жерлерлердегі су нысандарының құжаттары толық әзірленіп, республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы туралы

Республика бойынша қалпына келтірілетін 610 мың гектар суармалы жерлердің құрамында Қызылорда облысы бойынша 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарланған. 

Қайта айналымға қосуға жоспарланған 29 мың гектар аумақтағы суармалы жерлерде 2,7 мың шақырым су жүйелері мен 1,9 мың шақырым қашыртқы жүйелері және олардың бойында 3,3 мың дана су құрылыстары орналасқан.

2017 жылы облыстық бюджеттен суармалы жерлердегі су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 531,4 млн.теңге (1-кезекке – 323 млн.теңге, 2-кезекке 208,4 млн.теңге) бөлінген.

Бүгінгі таңда, Жалағаш және Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталып, су нысандарын республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда, облыстағы пайдаланылмай жатқан 60 мың гектар суармалы жерлердің 50 пайызы қайта айналымға қосылатын болады.

ПУИД-3 жобасы бойынша

Алдын-ала жүргізілген түгендеулерге сәйкес, ПУИД-3  жобасына енгізілген суармалы жерлерде 8171 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер мен 8379 шақырым болатын қашыртқы-дренаж жүйелері және олардың бойында 46 мың дана су құрылыстары бар. Құжаттандыруға қажетті қаржы көлемі 810 млн. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аудан әкімдіктері жобаға енгізілген иесіз су объектілерін коммуналдық меншікке алу жұмыстарын ұйымдастыруда.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Балық аулау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 10.03.2017 жылғы  № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

            2017 жылдың 9 айында 3512 тонна балық ауланып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін республикалық бюджетке 80 млн. теңге қаржы түсірілді.

 

Балық экспорты

2017 жылдың 9 айында облыс аумағынан 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Ресей Федерациясына -         1 577 тонна және Европа елдеріне - 758 тонна (Дания, Германия, Польша, Әзірбайжан, Голландия, Грузия, Өзбекстан).

 

Балық шабақтарын құтқару шаралары

2017 жылдың тамыз-қыркүйек  айларында  облыс бойынша күріштік алқаптар мен бөлектенген су айдындарында қалған балық шабақтарын құтқару шаралары жүргізілді.

Аталған шараға аудан әкімдіктері, мемлекеттік ұйымдар және табиғат пайдаланушылар қатысып, 3,6 млн. дана балық шабақтары су айдындарына жіберілді.

Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында Арал теңізіндегі Көкарал бөгетінің алдында жиналған балық шабақтарын құтқару шаралары жүргізілді.

Аталған шараға, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ғылыми ұйымдар мен табиғат пайдаланушылар қатысты.

Нәтижесінде – 6,9 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, Кіші Арал теңізі мен жақын маңдағы су айдындарына жіберілді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың 9 айында 201 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлік арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қортындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 8, қағаз жүзінде – 0, электронды портал арқылы – 193 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 9 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 258 рұқсат берілген, яғни II–санат бойынша  - 23, III-санат бойынша – 40, IV-санат бойынша – 195.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 9, қағаз жүзінде – 0, электронды портал арқылы – 249 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс әкімінің 2017 жылғы 31 тамыздағы №634-ө өкімімен үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегі мен 11 қарашасы аралығында күзгі маусымдағы көркейту, көгалдандыру және тазалық айлықтары жарияланды.

Осыған сәйкес, облысымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде апта сайын жаппай сенбіліктер ұйымдастырылуда.

(Бірінші сенбілік - 2017 жылғы 9 қыркүйекте, екінші сенбілік - 2017 жылғы      16 қыркүйекте, үшінші сенбілік-2017 жылғы 23 қыркүйекте).

2017 жылғы 9 қыркүйек, 16 қыркүйекте және 23 қыркүйекте   ұйымдастырылған сенбіліктерге жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер қатысып, апта сайын барлығы 30 мыңнан астам адам күші мен 334 техника жұмылдырылды.

Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, ұйымдастырылған сенбіліктер нәтижесінде полигондарға 1,68 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылса, 270 шақырымға жуық арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды.

 

«ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» «WhatsApp» мессенджері.

         Қазіргі заманауи технологияны пайдалана отырып елді мекендердегі санитариялық тазалық жағдайын бақылау мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде «Эко - Патруль Қызылорда» жобасының жобасы қайта жандандырылып, басқарманың қатаң бақылауына алынды.

Жобаның мақсаты - заманауи технологияны пайдалана отырып, аймағымыздың санитариялық тазалық жағдайын бақылау жасау және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «Whatsapp» мессенджерге келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдардың назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару:

2017 жылы қаңтар-қыркүйек  айларында облыс бойынша

114 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталса, оның

3700 мың тоннасы қайталама ресурс ретінде өңделген. Пайыздық үлесі – 3,24 %.

Облыс тұрғындарының 55,24 % тұрмыстық қатты қалдықтарын тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Облыс бойынша қалдықтарды уақытша сақтайтын 4300-ден астам контейнерлер бар.

Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-гі “Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру” жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жоба 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген.

Қазіргі таңда мөлтек аудандарда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында арнайы контейнерлерден тұрғындардың істен шыққан, құрамында сынабы бар электрүнемдеуші 26466 дана шамдар жиналып залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының аясында Қызылорда қаласы аумағында тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинау үшін арнайы 24 дана контейнер орнатылды.

Қазақстан Республикасының Өңдірушілердің Кеңейтілген міндеттемелерінің Операторымен бірлесіп, үстіміздегі жылы облысқа

850 дана тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер алу жоспарлануда.

 

Бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы туралы

2017 жылы 30-31 мамырда Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы өтті.

Форумның мақсаты - Арал өңірінің қазіргі экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының және Орта Азия елдерінің басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форум барысында, бірқатар өзара ынтымақтастық туралы мынадай келісімдерге қол қойылды.

1) «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;

2) «Арал өңірі «Алтынсу» жабайы жануарларды жерсіндіру орталығын құру» жобасы;

3) «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық құру» құру;

Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі  ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

 

 

 


Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 31 мамырдағы

№231 бұйрығына

1-қосымша

 

 

 

Нысан

 

  1. Қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпарат

 

Облыстың, республикалық маңызды қаланың, елорданың атауы

Қоршаған ортаға эмиссиялардан түсетін түсімдердің жоспары, млн. теңге 

Қоршаған ортаға эмиссиялардан түсетін нақты түсімдер, млн. теңге 

1

2

3

4

 

 

341,664100

515,105500

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 31 мамырдағы

№231 бұйрығына

4-қосымша

 

 

 

Нысан

 

 

  1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпарат

 

           

Іс-шараның атауы

Іс-шараның өтетін жері

Жауапты тапсырыс беруші және орындаушы

Бөлінген сома мөлшері мың теңге

 

Игеріл ген сома мың теңге

Толық ақпарат алу үшін байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

1.

 

Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін және экологиялық жағдайын жақсарту

 

 

Қазалы ауданы

Сарыбұлақ ауылдық округі.

 

 

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орындаушы.Сыр-маржан

 

62131,056

 

62130,7

 

8(7242)605367

2.

 

Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында «Ақарық» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу

 

 

Жалағаш ауданы

Аққұм ауылдық округі

 

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Орындаушы ТОО Өмірзақ

 

11325,7

 

11226,7

 

8(7242)605367

3.

 

 

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында «Жыңғылдыкөл» каналына сушаруашылығы жұмыстарын жүргізу

 

 

 

 

 

 

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округі

 

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орындаушы.Углесбит

 

 

28540,4

 

 

28540,4

 

 

8(7242)605367

4.

 

Шиелі ауданы Шиелі кентінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз  етілуін жақсарту  мақсатында  «Базар арығы» каналына  су шаруашылығы жұмыстарын  жүргізу

 

Шиелі ауданы

Шиелі кенті.

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орындаушы.Стандарт Ойл КЗО

 

140434,8

 

140434,8

 

8(7242)605367

5.

 

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округінің экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз  етілуін жақсарту  мақсатында  «Бозарық» каналына  су шаруашылығы жұмыстарын  жүргізу

 

 

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округі.

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орындаушы.Мұраптехсервис.

 

12307,6

 

12307,6

 

8(7242)605367

6.

Кіші арал теңізіңдегі Арал және Түркістан қаязының аналық тобын құру генофондарын сақтау жұмысы.

Арал-Түркістан.

     Шарткен-Ата қоғамдық бірлестігі

 

9707000

9707000

8(7242)605367

 

 

 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылдың ІI тоқсанына  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылға орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 га ағаш көшеттерін егу жоспараланып, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында оның 3709 гектарына сексеуіл, жеміс ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде  2500 гектары Арал теңізі ұлтанына егілген, ал қалған көлем агротехникалық талаптарға байланысты күз айында егілетін болады.

Облыс бойынша 2017 жылы орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 187 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 178 дана, ағаш кесу билеті - 9 дана. Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 72 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 5 жағдайы анықталып, 56,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді. Табиғатқа келтірген залал 173,3 мың теңгені   құрап,  оның 36,1 мың теңгесі өндірілген. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы                      30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен                   54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Ауылдық округтерге 1780 дана ескерту хаттары таратылып, теледидар арқылы 3 рет, газет, журналдарға  6 рет мақалалар жарияланды.

Орман өртінің алдын алу, болдырмау мақсатында  жаңадан 185 км  минералдық жолақтар  және 1710км ескі  минералдық жолақтар қалпына келтірілді.

Мемлекеттік орман қоры жерлерін орман зиянкестерінен, аурулардан қорғау мақсатында  бірінші жартыжылдықта 297 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары атқарылып және 3078 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу және апатты су қоймаларды жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі пысықталуда.

Қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Шиелі ауданының Күміскеткен учаскесінде сыйымдылығы 600 млн. текше метр болатын жаңа су қоймасының құрылысын салу үшін техника экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2017 жылы 31,4 млн. теңге  қаржы бөлініп, мердігер мекеме "Сартөбе" ЖШС - мен ТЭН әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Cондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 238,6 мың гектар суармалы жердің 188,4 мың гектарын қалпына келтіру жоспарлануда.

1. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ИДЖЖ /ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2. Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

3. «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ИДЖЖ/ПУИД-3) 144,3 мың гектар.

Үстіміздегі жылы ПУИД-2 және су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теңге және Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға облыстық бюджеттен 384 млн. теңге қаржы бөлінді. 

Жобаға енген су нысандарын құжаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін  оларды белгіленген тәртіпте республикалық меншікке өткізу жұмыстары атқарылатын болады.

Қазіргі таңда, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

2017 жылы 4 каналды (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналындары) тазалау,  өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана  насос қондырғыларын алып беру, Арал ауданындағы  «Баян» және «Көкіш» каналдарын жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарына 398 млн. теңге бөлініп, соның ішінде бүгінгі күнге Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс» каналын тазалау жұмыстары аяқталды.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылуда.

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 002 "Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға бөлінген 49,6 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленуде.

Сонымен қатар,  «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған кешенді іс шаралар жоспары» жобасына Жол картаға Қызылорда облысы бойынша жалпы құны 19,3 млрд.теңге болатын 155 жоба ұсынылып,  Қазақстан Республикасының  энергетика,  инвестициялар және даму,  ішкі істер, ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірескен бұйрықтарымен  Жол карта 2017 жылғы 23 маусымда  бекітілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны мен 36 аңшылық алқаптар тізімге алынған.

Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай, 196 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 144-і және 36-ы аңшылық алқаптардың 32-і ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

         Балық аулау

         ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 10.03.2017 жылғы  № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

         2017 жылдың І жартыжылдығында 2200 тонна балық ауланып, балық аулауға берілген рұқсаттары үшін республикалық бюджетке 62 млн. теңге қаржы түсірілді.

Балық экспорты

2017 жылдың І жартыжылдығында облыс аумағында 1784 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Европа елдеріне - 680,67 тонна (Дания-127,64 тн, Германия -29,01тн, Польша-242,4 тн, Әзірбайжан-59,8 тн, Голландия–101,82 тн, Грузия-120 тн) және Ресей Федерациясына - 1 103,3 тонна.

         Браконьерлермен күрес

         Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 11 фактісі анықталып, оларға 61,1 мың. теңге әкімшілік айыпұлдар мен табиғатқа келтірген залалы үшін  20,3 мың. теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.  

        Арал өңірі балықшыларының слеті

        2017 жылы 30 маусым - 1 шілде күндері  Арал ауданында Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі  Арал өңірі балықшыларының  халықаралық үшінші слеті өтті

Слетке, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының өкілдері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері, Дания мемлекеті мен республиканың басқа облыстарынан (Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан)  делегациялар, сонымен бірге, балық шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері қатысты.

Слетте балықшылардың тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып,түрлі номинациялар бойынша еңбек озаттары марапатталды, шара соңы белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен гала-концертке ұласты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі

2017 жылғы маусым - қыркүйек айларында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде.

Қызылорда облысы аталған көрмеге республикада бірінші болып балық өнімдерін жеткізді.

 

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың  6 айында 149 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 8, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 141 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 6 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 181 рұқсат берілген, яғни II-санат бойынша - 22, III-санат бойынша – 31, IV санат бойынша – 128.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 1, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 180  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс әкімінің өкімімен жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша үстіміздегі жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында көктемгі көркейту, көгалдандыру және тазалық айлығы жарияланды.

Сондай-ақ, көркейту - көгалдандыру жұмыстары барысының қажеттілігіне сәйкес маусымдық кезең қосымша тағы екі айға ұзартылды.

Маусымдық кезеңде ұйымдастырылған сенбіліктерге жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер қатысып, апта сайын барлығы 40 мыңнан астам адам күші мен                       400-ге жуық техника жұмылдырылды.

Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, сенбіліктер нәтижесінде полигондарға 72,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылса,

270 шақырымға жуық арықтар мен аяқ су жолдары тазаланып, 128 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару:

2017 жылы қаңтар-мамыр айларында облыс бойынша

61,7 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталса, оның

1,64 мың тоннасы қайталама ресурс ретінде өңделген. Пайыздық үлесі – 1,2 %.

Облыс тұрғындарының 55,24 % тұрмыстық қатты қалдықтарын тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Облыс бойынша қалдықтарды уақытша сақтайтын 4300-ден астам контейнерлер бар.

Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-гі “Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру” жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жоба 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген.

Қазіргі таңда мөлтек аудандарда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында арнайы контейнерлерден тұрғындардың істен шыққан, құрамында сынабы бар электрүнемдеуші 26466 дана шамдар жиналып залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының аясында Қызылорда қаласы аумағында тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинау үшін арнайы 24 дана контейнер орнатылды.

Қазақстан Республикасының Өңдірушілердің Кеңейтілген міндеттемелерінің Операторымен бірлесіп, үстіміздегі жылы облысқа 850 дана тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер алу жоспарлануда.

 

Бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы туралы

2017 жылы 30-31 мамырда Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы өтті.

Форумның мақсаты - Арал өңірінің қазіргі экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының және Орта Азия елдерінің басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форум барысында, бірқатар өзара ынтымақтастық туралы мынадай келісімдерге қол қойылды.

1) «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;

2) «Арал өңірі «Алтынсу» жабайы жануарларды жерсіндіру орталығын құру» жобасы;

3) «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық құру» құру;

Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі  ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

 

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылдың І тоқсанына  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылы орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 261 адамға берілді. Орман билеті - 126 дана, ағаш кесу билеті - 135 дана. Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 47 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 4 жағдайы анықталып, 22,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және олардың табиғатқа келтіргені 150,7 мың теңге залалды құрап, 13,5 мың теңге бюджетке түсірілді. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Өртке қауіпті деген жерлерге 32 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1220 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 3 рет мақалалар жарияланды.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылы 4 су шаруашылығы нысандарын жөндеуге (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет» және «Дәулет-арық» каналдарын, Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс» каналын, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналын) Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын ұстап тұру, Жаңақорған ауданындағы Қыраш және Көлтоған су қоймаларындағы гидрометрикалық бекеттерді күтіп ұстап тұруға, Арал ауданы Қаратерең ауылдық округіндегі «Баян» каналымен Бөген ауылдық округіндегі «Көкіш» каналының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, 8 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру (Қазалы ауданы Бірлік, Көларық, Тасарық, Бозкөл, Майдакөл, Өркендеу, Ақжона, Алға ауылдық округтеріне,) сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында жалпы аумағы 16760 гектарды құрайтын 22 көлдің Қараөзек арнасы Арал теңізі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобаларын әзірлеуге, яғни барлығы  475,3 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің күміскеткен учаскесінде суларды жинау үшін су қоймасын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,4 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны мен                       36 аңшылық алқаптар тізімге алынған.

Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай,  196 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 144 және 36-ы аңшылық алқаптардың 34-і ұзақ мерзімге бектіліп берілген.

            Балық аулау

            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

            2017 жылдың 3 айында 1078 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 27 млн. теңге қаржы түсірілді.

Балық экспорты

2017 жылдың 3 айында барлығы 523,5 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Европа елдеріне 181,04 тонна (Дания-31,74 тн, Польша-129,3 тн, Әзірбайжан-20,0 тн) және Ресей Федерациясына 342,5 тонна.

            Браконьерлермен күрес

            Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 11 фактісі анықталып, оларға 61,1 мың. теңге әкімшілік айыппұлдар салынды және оның 49,8 мың. теңгесі өндірілді.

          Табиғатқа келтірген залалы үшін  20,3 мың. теңге айыппұл салынып 9,0 мың. теңгесі өндірілді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың  3 айында 76 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 7, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 69 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 104 рұқсат берілген, яғни II-санат бойынша - 11, III-санат бойынша – 15, IV санат бойынша – 78

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 1, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 103  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Қызылорда қаласының тұрмыстық

қалдықтарды кәдеге жарату жобасы бойынша.

 

2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру бойынша алдын - ала келісім жасалды.

Осыған сәйкес, 2016 жылғы қазан айында Еуропалық даму және қайта құру банкісімен жобының несиелік келісім шарты жасалды. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2017 - 2020 жылдар аралығы.

 Жоба бойынша жүргізілген техникалық экономикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жоба аясында: қалдықтарды механикалық - биологиялық өңдеу бойынша кешендерінің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою және тиісті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша облыс көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу тереңдігі бірнеше есеге өседі деп жоспарлануда.

2017 жылдың I тоқсанында  «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату» жобасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Арал өңірін тұрақты дамыту

бойынша «Арал-2017» форумы туралы.

2017 жылғы 25-26 мамыр аралығында облыс әкімдігі Қазақстан Республикасындағы Халықаралық аралды құтқару қорының атқару дирекциясы және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Арал  өңірін тұрақты дамыту бойынша форумды өткізудің жұмыстарын ұйымдастырып, «Арал-2017» Арал өңірінің тұрақты даму форумын ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімінің 2017 жылғы 13 наурыздағы №511-ө жұмысшы тобын құру туралы өкімі шықты. Арал өңірінің тұрақты даму форумын ұйымдастыру мақсатындағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тұрақты даму форумын ұйымдастырылуына қажетті қаржы көлемі нақтылау жұмыстары жүргізілуді.

Облыс көлеміндегі санитариялық тазалық,

 көркейту және көгалдандыру жұмыстары туралы

 

Облыс әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы №497 ө-өкіміне сәйкес биылғы жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығы облыс аумағын санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру мақсатында, көктемгі тазалық айлығы болып белгіленді.

Көктемгі  маусымда ұйымдастырылып жатқан  сенбілікке әр   апта сайын облыс бойынша барлығы 30 мыңнан астам адам күші (барлығы 300 мың 200 адам) мен 280 - 180 арнайы техникалар жұмылдырылуда.

Нәтижесінде арнайы полигондарға 52,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 32 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптарын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдану профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыс көлемінде жалпы халықтың санитарлық тазалық мәдениетін дамыту мақсатында атқарылып жатқан шаралар бойынша ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жергілікті басылым беттерінде «Қала тазалығы», «Үлгілі үй», «Таза қала», «Ақпараттар ағыны» т.б. арнайы айдарлары ашылып, тұрақты турде жариялануда.

Атап айтқанда, облыстық «Ақмешіт» газетінде,«Сурет айғақ», «Қала тазалығы-бәрімізге  сын», «Тазалыққа талап күшейтілсін», «Тазалық сақтау-адамдық борыш  т.б.

Санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру тақырыптары бойынша облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарының  бағдарламаларынан және жаңалықтар топтамасынан көрсетілді.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 18 наурыздан бастап Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» жобасы іске қосылды.

Жоба мақсаты - заманауи технологияны пайдалана отырып, аймағымыздың санитариялық тазалық жағдайын бақылау жасау және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «Whatsapp» мессенджерге келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдардың назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылуда.

 


 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016 жылға атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

Облыс бойынша 2016 жылы орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры жерлеріне барлығы 10 707 гектар жерге сексеуіл, саялы, ағаштарын егу жұмыстары  атқарылса, оның ішінде 5000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына орналастырылды. Сонымен қатар, орман қоры жеріне егу және көгалдандыру кезінде ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету үшін  17,8 гектар жерге саялы ағаштардың уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орман мекемелерінің, уақытша орман тұқымбақтарында қарағаш, үйеңкі, шаған, сыр талы, терек, сексеуіл ағаштарының көшеттері өсірілді.  Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында, орман қорының 594 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орман ауруларымен зақымдалған 1700 гектар жерге химиялық залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 222 адамға берілді. Орман билеті - 209 дана, ағаш кесу билеті-13 дана. Сонымен қатар, ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 181 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 20 жағдайы анықталып, 82,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және олардың табиғатқа келтіргені 2110,7 мың теңге залалды құрап, 36,8 мың теңге бюджетке түсірілді.  Облыс әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №244-ө өкімімен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылып, 2016 жылдың 8 сәуірінде облыстық жұмыс тобының отырысы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Орман өртін болдырмау мақсатында облыстағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1786 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 19 рет мақалалар жарияланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылы мемлекеттік орман қоры жерінде орман өрті тіркелген жоқ.

 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 208-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды.

Осыған байланысты, 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына және Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 297,3 млн. теңге бөлініп, белгіленген жұмыстар толық орындалды.

Нәтижесінде 420 га жерге егін егу, 460 га шабындықтарды суландыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қызылорда қаласы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық-құжаттамасына өзгерістер енгізіліп қайта дайындауға облыстық бюджеттен 6,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық құжаттама әзірленді.

Үстіміздегі жылдың 26 қазанында облыстық бюджетті нақтылау барысында жалпы құны 18,7 млн. теңгені құрайтын Қараөзек арнасының Қожатай учаскесінде габионнан жасалатын  су тоспасын салу жобасын бастауға Қармақшы ауданының бюджетіне 5 млн. теңге трансферт бөлінді. Жобаны қоса қаржыландыруға аудан бюджетінен 500 мың теңге бөлінді. Қалған 11,9 млн. теңге 2017 жылы бөлінді.

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен Күміскеткен су қоймасын салу жобасының техника экономикалық негіздемесін әзірлеу  жұмыстарын бастауға 1 млн. теңге қаржы қаралды. ТЭН әзірлеуді жалғастыруға қажетті 31,4 млн.теңге 2017 жылға арналған облыстық бюджетте қаралды.

2016 жылғы 7 шілдеде Қамыстыбас көлінің жағасында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен сурамалы жерлерді қалпына келтіру бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1) «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2) «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ПУИД-3) 144,3 мың гектар;

3) Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

Жалпы, ПУИД-2 жобасына енгізілген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теңгеге және Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға 840 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, 2016 жылға 2 млн. теңге,  2017 жылға 384,4 млн. теңге қаржы бөлінді

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толықтай және жергілікті маңызы бар 196 су айдындарының 146 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 50 резервтiк қорда тұр.

Облыс аумағында 36 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 31 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Бүгінгі күні, 5 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

         2016 жылдың 12 айында 7786,0 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 101,803 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың 12 айында барлығы 3604 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1412,8 тонна (Дания-453 тн, Польша-259 тн, Грузия-280 тн, Әзірбайжан-420 тн) және Ресей Федерациясына 2191,2 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 12,947 мың теңге бөлініп, 114 қасқыр мен 1030 шибөрі ату жоспарланып, жоспар толық орындалды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

 2016 жылдың 12 айында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 407 рұқсаттар берілді.

         Браконьерлермен күрес шаралары

         Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 92 фактісі анықталып, оларға 392,245 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, толықтай өндірілді.

         Табиғатқа келтірген залалы үшін  78,4 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Арал өңірі балықшыларының слеті

2016 жылғы 8-9 шілде күндері  Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі түрде  Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өтті.

Слеттің мақсаты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында балықшылардың өткені мен бүгінгісін саралап, алдағы міндеттерді белгілеу және осы саладағы ардагерлер мен балықшылардың еңбек жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалды.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың 12 айында  1170 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алуға құжаттармалар тапсырылған оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 146, қағаз жүзінде - 2, электронды портал және  МЕМСАРАПТАМА арқылы – 1022.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 12 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар алуға табиғат пайдаланушылардан 435 өтінімдер келіп түскен, II-санат бойынша - 55, III-санат бойынша – 89, IV санат бойынша – 291.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 14, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 421  табиғат пайдаланушылардан қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  өтінімдер келіп түсті.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

2016 жылы облыс бойынша 145,0 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.      

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады. Аталған мекемемен 2016 жылы

5,0  мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (3,45 %) ТҚҚ өңделген.                

Сондай-ақ, 2016 жылдың 2-ші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, «Қызылорда облысындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша Жол картасы» әзірленіп,

ҚР Энергетика Министрлігімен келісіліп, бекітілді.

Қазіргі таңда, Жол картаның тиісті тармақтарының орындалуын үлестіру жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылғы облыс әкімінің өкімдерімен санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының көктемгі және күзгі маусымдық кезеңдер жарияланды. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан нақты іс-шара жоспарлары қабылданып, аймағымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде сенбіліктер ұйымдастырылды.

Көктемгі және күзге маусымдарда ұйымдастырылған сенбіліктер нәтижесінде апта сайын облыс бойынша барлығы 75 мыңнан астам адам күші (барлығы

422 мың 300 адам)
мен 380 - 400 арнайы техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде арнайы полигондарға 72,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 42 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптарын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдану профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға 8507 әкімшілік шаралар қолданылып, 12 млн. 633 мың теңгеге жуық айыппұлдар салынды.

Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды

кәдеге жарату жобасы бойынша

2014 - 2016 жылдар аралығында облыс бойынша 425 мың тоннадан аса тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталып, оның

3,6 пайызы ғана қайталама ресурс ретінде өңделген.

Осы жағдайды тиісті деңгейге жеткізу үшін бүгінгі таңда облысымызда Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жоба аясында, қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу бойынша кешенінің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою жұмыстары және тасымалдау қызметін жетілдіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Нәтижесінде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайталама ресурс ретінде өңдеу көрсеткіші 40 пайызға өседі деп күтілуде.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016  жылдың ІІІ тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2016 жылдың 9 айында орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры жерлеріне барлығы 4307 гектар жерге сексеуіл, саялы, ағаштарын егу жұмыстары  атқарылса, оның ішінде 3000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына орналастырылды.Сонымен қатар, орман қоры жеріне егу және көгалдандыру кезінде ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету үшін  8,6 гектар жерге саялы ағаштардың уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орман мекемелерінің, уақытша орман тұқымбақтарында қарағаш, үйеңкі, шаған, сыр талы, терек, сексеуіл ағаштарының көшеттері өсірілді.  Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында, орман қорының 297 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен барлығы 236,7 мың теңге қаржы жұмсалды. Сонымен қатар, орман ауруларымен зақымдалған 1700 гектар жерге химиялық залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 212 адамға берілді. Орман билеті-203 дана, ағаш кесу билеті-9 дана. Сонымен қатар, ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзуды алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 133 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын егудің 15 жағдайы анықталып, 61,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және олардың табиғатқа келтіргені 2071,6 мың теңге залалды құрап, 25,2 мың теңге бюджетке түсірілді.  Облыс әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №244-ө өкімімен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылып, 2016 жылдың 8 сәуірінде облыстық жұмыс тобының отырысы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Орман өртін болдырмау мақсатында облыстағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1786 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 18 рет мақалалар жарияланды.  Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың 9 айында мемлекеттік орман қоры жерінде орман өрті тіркелген жоқ.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша  2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына және Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 365,1 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазанына бөлінген қаржының 182,1     млн. теңгесі игеріліп, 2 каналдың тазалау жұмыстары толық аяқталды, 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары алынып берілді.Сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қызылорда қаласы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық-құжаттамасына өзгерістер енгізіліп қайта дайындауға облыстық бюджеттен 6331,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.     

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 199 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 146 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 38-і резервтiк қорда тұр.Облыс аумағында 33 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 30 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Бүгінгі күні, 3 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді. 2016 жылдың 9 айында 4116 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 53,43 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың 9 айында барлығы 2790,3 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1156 тонна (Дания-325,7тн, Польша-210,6тн, Грузия-280тн, Әзірбайжан-340тн) және Ресей Федерациясына 1634,3 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 114 қасқыр мен 1030 шибөрі ату жоспарлануда. 2016 жылдың 9 айында 54 қасқыр мен 739 шибөрі  атылды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

2016 жылдың 9 айында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 300 рұқсаттар берілді.

Браконьерлермен күрес шаралары

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 67 фактісі анықталып, оларға 286,22 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 275,62 мың теңгесі өндірілді.Табиғатқа келтірген залалы үшін  57,2 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Арал өңірі балықшыларының слеті

2016 жылғы 8-9 шілде күндері  Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі түрде  Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өтті.

Слеттің мақсаты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында балықшылардың өткені мен бүгінгісін саралап, алдағы міндеттерді белгілеу және осы саладағы ардагерлер мен балықшылардың еңбек жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалды.

.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың 9 айында 410 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.Сонымен қатар, 212 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 19, III-санат бойынша – 55, IV санат бойынша – 138  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді. Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 10, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 202 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Тұрмысттық қатты қалдықтарды басқару саласы бойынша

Облыс бойынша 2016 жылдың қаңтар – қыркүйек  айларында 101,5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған. Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады.  2016 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында  облыс бойынша  аталған мекемемен 1,7  мың тонна ТҚҚ өңделген.

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

 Басқарма тарапынан облыс көлеміндегі иесіз қалдықтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда облыста үлкен көлемде 3 аймақта жинақталған иесіз қалдықтар анықталып отыр.

Атап айтсақ:

1.Арал ауданындағы «Чайка» және «Березка» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 40 гектар,

ал, көлемі жобамен – 80 мың текше метрді құрайды;

2.Арал ауданындағы «Урал» әскери қалашығының орнындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 50 гектар, ал, көлемі жобамен –

100 мың текше метрді құрайды;

3.Қармақшы ауданындағы Байқоңыр ғарыш айлағының №9 және  №20 алаңдарының бұрынғы таратылған әскери бөлімдерден қалған құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Жалпы ауданы – 100 гектар, ал, көлемі жобамен – 188 мың текше метрді құрап отыр. (Ескертпе: Арал ауданы, Арал қаласында «Чайка», «Березка» және «Урал» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін Арал аудандық сотына Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №03-8/2015 арызы жолданып, Арал аудандық сотының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №2-1091/5 шешімімен аталған иесіз қалдықтар коммуналдық меншікке түсті деп танылды.Ал, Қармақшы аудан әкімдігі тарпынан жоғарыда аталған иесіз қалдықтарды сот шешімімен республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде).  Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасы туралы 2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру бойынша алдын - ала келісім жасалды.  Келісімнің жалпы соммасы - 9,0 млрд. теңге.

Бұл жоба аясында, қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу бойынша кешеннің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою жұмыстары жүргізілетін болады. «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен кеңесшілер ретінде таңдалған Финляндия мемлекетінің FCG Design and Engineering Ltd компаниясы таңдалып, аталмыш компания 2015 жылғы 15 маусымнан бастап жұмыстарын бастап,  жобаға қажетті бастапқы деректер жинақтау жұмыстары жүргізуде.

Осы жоба жүзеге асырылған жағдайда тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделу көрсеткіші бірнеше есеге өседі деп күтілуде. 

Пестицидтер бойынша жол картасын бекіту туралы

Энергетика министрлігі 14-ші халықаралық пестицидтер бойынша форумды 2017 жылы Астана қаласында ұйымдастыру және жұмысына қатысты мәселелері жөнінде облыс және қала әкімдіктеріне Жол картасын дайындау туралы тапсырма берілген. Жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігіне пестицидтер бойынша Жол картасы әзірленіп, 30.06.2016 05/1-6/4469 хатымен бекітілді. Қазіргі таңда, осы Жол картада қамтылған тармақтарын орындау мақсатындаға жұмыстар атқарылуда.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша Жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, Қызылорда облысындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша Жол картасының (бұдан әрі-Жол карта) жобасы әзірленіп, Энергетика Министрлігімен  бекітілді.

Облыс көлеміндегі санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы

Көктемгі маусымдағы.

2016 жылғы 29 ақпандағы №226-ө өкіміңізге сәйкес, осы жылғы көктемгі маусымдағы  санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы 10 наурыз бен 10 мамыр аралығы болып белгіленді. Көктемгі маусымдағы қажеттілікке сәйкес, 2016 жылғы

17 мамырдағы №291-ө өкіміңізбен аталған екі айлық үстіміздегі жылдың  15 маусымына дейін ұзартылды. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары бойынша нақты іс-шара жоспарлары қабылданып, аймағымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде сенбіліктер ұйымдастырылды. Аталған сенбіліктерге облыс бойынша апта сайын 40 мыңға жуық адам күші мен 380 - 400 арнайы техникалар жұмылдырылды. Бүгінгі күнге дейін 12рет ұйымдастырылған сенбіліктерге барлығы 159 100 адам қатысқан.Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін арнайы полигондарға 48 мың текше метрден астам тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстар жинақталып, шығарылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, аудан, кент, ауылдық округтер әкімдері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды атқаруда.Атап айтсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарын негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптырын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылуда.

Жыл басынан бастап, жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға 5725 әкімшілік шаралар қолданылып, 14 млн. 289 мың теңгеден астам айыппұлдар салынған. Өндірілгені - 6 млн. 684 мың теңге, яғни, 46 пайыз. Облыстық әділет департаменті және Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып, салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда.

Күзгі маусымдағы.

2016 жылғы 22 тамыздағы №367-ө өкіміңізге сәйкес, осы жылғы кузгі маусымдағы  санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы 1 қыркүйек  пен 1 қараша аралығы болып белгіленді.Аталған өкім негізінде Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері тарапынан өз аумақтарында санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы өкімдер  жарияланып, сенбіліктер басталды. Маусымдық кезең басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 3 рет сенбіліктер ұйымдастырылып,  аталған сенбіліктерге жеке және заңды тұлғалар, білім және медицина ұйымдары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.  Яғни, барлығы апта сайын облыс көлемінде 22 900 астам адам күші мен 310 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде арнайы полигондарға 1100 текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 42 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жолдары тазаланып, көше бойындағы 2500-ге жуық ағаштардың түптері ақталып, 1200-ге жуық электр бағандарының түптері ақталып, жолақтармен сырланды.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016  жылдың ІІ тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.Атап айтқанда, 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

  Облыс әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №244-ө өкімімен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылып, 2016 жылдың 8 сәуірінде облыстық жұмыс тобының отырысы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

   Облыс бойынша орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру машинасы мен 50 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Сонымен қатар               19 трактор тіркемесімен, 1 дана өрт-химиялық  станциясы, 9 дана радиостанция,  26 дана арқаға салып жүретін өрт сөндіргіштер, 415 ұрғыш, 99 дана балта,                 183 дана күректер дайындалды. Өртке қауіпті учаскелерге 16 қадағалау мұнаралары орнатылған.

Орман  өртін болдырмау мақсатында осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3153 шақырымға ескі жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1721 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 15 рет мақалалар жарияланды.

Орманды жанама пайдалануға  189 дана орман билеті босатылып,  орман қоры жерлері мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2016 жылдың есепті кезеңінде 4307 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 3000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген. 

2016 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 7 фактісі анықталып, 61,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және  олардың табиғатқа келтіргені 1987,3 мың теңге залалды құрап, 14,8 мың теңге бюджетке түсірілді. 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 197 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 184 су айдыны (45 500 га).

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 145 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 39 резервтiк қорда тұр.

 Табиғат  пайдаланушыларға бекітіліп берілген  жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің мерзімі аяқталуына байланысты, 33 су айдыны мен Кіші Арал теңізінің 4 учаскесін табиғат пайдаланушыларға қайта бекітіп беру жұмыстары жүргізілді.

Облыс аумағындағы резервте тұрған 5 аңшылық алқаптар конкурсқа шығарылып, 2 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді.

Бүгінгі күні, 3 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы      22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

         2016 жылдың ІІ тоқсанында 2743 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 36,92 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 2319 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1055 тонна және Ресей Федерациясына 1264 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды (Дания, Польша, Грузия, Әзірбайжан).

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 115 қасқыр мен 1078 шибөрі ату жоспарлануда.

2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 8 қасқыр  және 170 шибөрі  атылып, аңшыларға 1 533 800 теңге сыйақы төленді. Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы екінші жартыжылдықта жалғастырылатын болады.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

2016 жылдың ІІ тоқсанында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 177 рұқсаттар берілді.

  Браконьерлермен күрес шаралары

  Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 38 фактісі анықталып, оларға 201,4 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 74,2 мың теңгесі өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін  40,1 мың теңге айыппұл салынып, 18,9 мың теңгесі өндірілді.

Биотехникалық іс-шаралар

        2016 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1 153 мың теңге қаржы бөлінді.

        Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылуда.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың І жартыжылдығында  299 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 86, қағаз жүзінде - 2, электронды портал арқылы - 138, МЕМСАРАПТАМА арқылы - 73 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың І жартыжылдығында өтінімдері бойынша 130 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 14, III-санат бойынша – 30, IV санат бойынша – 86  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 4, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 126  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді.

 

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

Облыс бойынша 2016 жылдың жартыжылдығында 83 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады.

2016 жылғы жартыжылдығында  облыс бойынша  аталған мекемемен 1,7  мың тонна ТҚҚ өңделген.

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

Басқарма тарапынан облыс көлеміндегі иесіз қалдықтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда облыста үлкен көлемде 3 аймақта жинақталған иесіз қалдықтар анықталып отыр.

Атап айтсақ:

  1. Арал ауданындағы «Чайка» және «Березка» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 40 гектар,

    ал, көлемі жобамен – 80 мың текше метрді құрайды;
  2. Арал ауданындағы «Урал» әскери қалашығының орнындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 50 гектар, ал, көлемі жобамен –

    100 мың текше метрді құрайды;
  3. Қармақшы ауданындағы Байқоңыр ғарыш айлағының №9 және

    №20 алаңдарының бұрынғы таратылған әскери бөлімдерден қалған құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Жалпы ауданы – 100 гектар, ал, көлемі жобамен – 188 мың текше метрді құрап отыр.

(Ескертпе: Арал ауданы, Арал қаласында «Чайка», «Березка» және «Урал» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін Арал аудандық сотына Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №03-8/2015 арызы жолданып, Арал аудандық сотының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №2-1091/5 шешімімен аталған иесіз қалдықтар коммуналдық меншікке түсті деп танылды.

Ал, Қармақшы аудан әкімдігі тарпынан жоғарыда аталған иесіз қалдықтарды сот шешімімен республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде).

Облыс көлеміндегі санитариялық  тазалық, көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

2016 жылғы 29 ақпандағы №226-ө өкіміңізге сәйкес, осы жылғы көктемгі маусымдағы  санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы 10 наурыз бен 10 мамыр аралығы болып белгіленді.

Көктемгі маусымдағы қажеттілікке сәйкес, 2016 жылғы

17 мамырдағы №291-ө өкіміңізбен аталған екі айлық үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін ұзартылды.

Осыған сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары бойынша нақты іс-шара жоспарлары қабылданып, аймағымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде сенбіліктер ұйымдастырылды.

Аталған сенбіліктерге облыс бойынша апта сайын 40 мыңға жуық адам күші мен 380 - 400 арнайы техникалар жұмылдырылды.  

Бүгінгі күнге дейін 12рет ұйымдастырылған сенбіліктерге барлығы

159 100 адам қатысқан.

Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін арнайы полигондарға 48 мың текше метрден астам тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстар жинақталып, шығарылды.

Санитариялық тазалық жұмыстарының барысы туралы

Елді-мекен атауы

Жұмылдырылған адам күші (адам)

Жұмылдырылған техника саны (дана)

Шығарылған қоқыс көлемі

(мың текше метр)

Арал

3087

53

6,1

Қазалы

3826

51

6,3

Қармақшы

3457

57

6,2

Жалағаш

3300

43

5,1

Сырдария

3750

47

4,2

Шиелі

4100

40

3,3

Жаңақорған

3820

42

4,1

Қызылорда

14860

67

13

Барлығы

40200

400

48,3

Орта есеппен

193 мың тонна

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанынан облыс бойынша санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шараларын үйлестіруші жұмысшы тобы құрылып, жұмыстарды жоғарғы деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті іс-шаралар атқарылды.

Сонымен қатар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тарапынан санитариялық тазалық жұмыстарының барысын бақылау мақсатында арнайы жедел топтар құрылып, рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.

Бұл жедел топтардың рейд жұмыстарының нәтижелері жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда.

Санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын насихаттау мақсатында жергілікті «Қазақстан-Қызылорда, «Қоғам ТВ» телеарналарынан «Аймақ тазалығы – өз ауламыздан басталады», «Қала тазалығын сақтайық» тақырыптарында бейнероликтер күніне

4 реттен
жүргізілді.

2016 жылғы 19 наурыздағы сенбілікте облысты көркейту және көгалдандыру мақсатында Тұңғыш президент атындағы саябақта ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласы бойынша аталған шараға облыстық басқармалардан барлығы 270 қызметкерлер қатысып, 2100 ағаш көшеттері отырғызылды.

Акция облысымыздың барлық елді мекендерде жалғасын тауып, облыс бойынша барлығы 5 мыңға жуық адам күші жұмылдырылып,

15 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. 

Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен «Таза ауыл», «Таза көше», «Таза аула», «Таза мөлтек аудан» конкурстарын ұйымдастырылып, жеңімпаздарды жергілікті БАҚ - ы арқылы жарияланды.

2016 жылғы 16 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен облысымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы ұйымдастырылды.

Бұл акцияға меншік нысанына қарамастан республикалық, облыстық, аудандық мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің мүшелері жұмылдырылды.

Акцияға 22 мыңнан астам адам күші жұмылдырылып,

60 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Акция барысында атқарылған жұмыстар жергілікті телеарналар мен баспасөз беттерінде жарияланды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, аудан, кент, ауылдық округтер әкімдері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды атқаруда.

Атап айтсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарын негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптырын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылуда.

Жыл басынан бастап, жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға 5725 әкімшілік шаралар қолданылып, 14 млн. 289 мың теңгеден астам айыппұлдар салынған. Өндірілгені - 6 млн. 684 мың теңге, яғни, 46 пайыз.

Облыстық әділет департаменті және Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып, салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда.

Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасы туралы

2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру бойынша алдын - ала келісім жасалды.

Келісімнің жалпы соммасы - 9,0 млрд. теңге.

Бұл жоба аясында, қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу бойынша кешеннің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою жұмыстары жүргізілетін болады.

 «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен кеңесшілер ретінде таңдалған Финляндия мемлекетінің FCG Design and Engineering Ltd компаниясы таңдалып, аталмыш компания 2015 жылғы 15 маусымнан бастап жұмыстарын бастап,  жобаға қажетті бастапқы деректер жинақтау жұмыстары жүргізуде.

Осы жоба жүзеге асырылған жағдайда тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделу көрсеткіші бірнеше есеге өседі деп күтілуде. 

Пестицидтер бойынша жол картасын бекіту туралы

Энергетика министрлігі 14-ші халықаралық пестицидтер бойынша форумды 2017 жылы Астана қаласында ұйымдастыру және жұмысына қатысты мәселелері жөнінде облыс және қала әкімдіктеріне Жол картасын дайындау туралы тапсырма берілген.

Жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігіне пестицидтер бойынша Жол картасы әзірленіп, 30.06.2016 05/1-6/4469 хатымен бекітуге ұсынылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтардыбасқару саласын жетілдіру  бойынша Жол картасын бекіту туралы

   Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, Қызылорда облысындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша Жол картасының (бұдан әрі-Жол карта) жобасы әзірленіп, Энергетика Министрлігіне бекітуге ұсынылды.

 

 

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016  жылдың І тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағы мен ауылшаруашылығы құрылымдарына қарасты орманды алқаптарда өрт қауіпі бар кезеңдерде жүргізілетін шаралардың іс-шара жоспары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

          Облыс әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №244-ө өкімімен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

          Облыс бойынша орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру машинасы мен 50 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Сонымен қатар 20 трактор тіркемесімен, 1 дана өрт–химиялық  станциясы, 9 дана радиостанция,  29 дана арқаға салып жүретін өрт сөндіргіштер, 425 ұрғыш, 91 дана балта, 149 дана күректер дайындалды. Өртке қауіпті учаскелерге 16 қадағалау мұнаралары орнатылған.

Орман  өртін болдырмау мақсатында осы жылы 82 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 396 шақырымға ескі жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 380 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 8 рет мақалалар жарияланды.

Орманды жанама пайдалануға  124 дана орман билеті босатылып,  жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2016 жылдың есепті кезеңінде 4308 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 3000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.  2016 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің            7 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген  1276,8 мың теңге залал құрап, 4,2 мың теңге өндірілді.

 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС-2  жобасы туралы

САРАТС  жобасының екінші фазасын бастау бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның құны 23,2 млрд.теңге, оның 85% Дүниежүзілік Банк заемы және 15% республикалық бюджет есебінен.

Қарыз Келісімі туралы Дүниежүзілік Банктің шарт талаптарына сәйкес келіссөздерді бастау үшін 2014 жылдың қарашасында Арал-Сырдария бассейні елдеріне (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) хабарландыру хаттары жолданған болатын.

Өзбекстан Республикасы жобаның жүзеге асуы Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкіндігіне сүйене отырып, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыруды қолдамайтындығын білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен (2015 жылғы 21 қаңтар, 10 ақпан және 27 наурызда) өзбек тарапына САРАТС-2 жобасының жүзеге асырылуы қоршаған ортаға  кері әсерін тигізбейтіндігі, керісінше Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайын жақсартатындығы туралы негізделген жауап ұсынылды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, Дүниежүзілік Банк «САРАТС-2» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тағайындады.

2015 жылғы 23 қазанда тәуелсіз сарапшылардың есебі Дүниежүзілік Банктің қарауына ұсынылды. Дүниежүзілік Банктің тәуелсіз сарапшыларымен өзбек тарапының ұстанымына сәйкес, төмендегідей қорытынды берілген:

1. Айдаркөл-Арнасай көлдер жүйесіне Шардара су қоймасынан жылына 1,5 км3 кем емес мөлшерде су тастау;

2. Көлдер жүйелерін қалпына келтіру мен балық өсіру тоғандарын кеңейту жөніндегі 2 компонентті жобадан алып тастау;

3. Солтүстік Арал теңізін қалпына келтірудің 2 деңгейлі нұсқасын жүзеге асыру.

Дегенмен, Арал өңірі үшін маңызы зор жобаны іске асыру Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан созылуда. 2015 жылы ақпанда Өзбекстан Республикасының Ауыл және су шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыру орынсыз деген қайта ескерту берді.

2015 жылғы желтоқсанда және 2016 жылғы қаңтарда Дүниежүзілік банкінің қатысумен өткізілген Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша өзбекстан тарапы САРАТС-2 жобасының барлық компоненттері Арал өңірін жақсартуға бағытталғанын мойындап, бірақ САРАТС-2 жобасының іске асырылуына тек Шардара су қоймасынан Арнасай ойпатына талап етілген көлемде жыл сайын су жіберу арқылы Айдар-Арнасай көлдер жүйесін сақтап қалу мәселесі шешілгеннен кейін келісетіндігін білдірді.

Сонымен бірге, Қазақстан осындай кепілдік бере алмайды, өйткені Арнасай ойпатының Сырдария өзенімен гидравликалық байланысы жоқ және Арал теңізі бассейніне қатысты барлық мемлекетаралық құжаттар бойынша Айдар-Арнасай көлдер жүйесі су тұтынушы ретінде су объектісі болып табылмайды және Орталық Азия елдері арасында Сырдария өзенінің су ресурстарын тарату кезінде ескерілмейді.

Дүниежүзілік банк тараптарға Айдар-Арнасай көлдер жүйесінің жағдайымен жергілікті жерге барып танысуды және САРАТС-2 жобасын іске  асыруды бастау үшін мәмлеге келуді ұсынды.

Арал өңірі үшін маңызы зор жобаны іске асыру Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан созылуына байланысты, САРАТС-2 жобасын Өзбекстан Республикасының келісімінсіз жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды жөн деп есептейміз.

Сондай-ақ атап өту керек, жобаны жүзеге асыру жөнінде бір жақты шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан ешқандай халықаралық нормаларды бұзбайды.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда аталған  жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 188 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

 

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 184 су айдыны (45 500 га).

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 141 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 43 резервтiк қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы      15 ақпандағы № 66 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

            2016 жылдың І тоқсанында 2493 тоннаға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 32,8 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2015 жылы барлығы 1768 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 847 тонна және Ресей Федерациясына 921 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды (Германия, Дания, Польша, Австрия, Грузия, Әзірбайжан).

2016 жылдың 3 айында 382,8 тонна болатын, құны 1,5 мың АҚШ долларды құрайтын балық өнімдері Европа елдеріне экспортталды (Дания, Польша, Австрия, Грузия, Әзірбайжан).

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 115 қасқыр мен 1078 шибөрі ату жоспарлануда.

Бүгінгі күні, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде жыртқыш аңдардың санын реттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

2016 жылдың І тоқсанында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 121 рұқсаттар берілді.

            Браконьерлермен күрес шаралары

            Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 29 фактісі анықталып, оларға 180,2 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, 53 мың теңгесі өндірілді.

            Табиғатқа келтірген залалы үшін  29,6 мың теңге айыппұл салынып, 8,4 мың теңгесі өндірілді.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп «Уылдырық-2016» акциясының іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар жасауда.

Биотехникалық іс-шаралар

            2016 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1 153 мың теңге қаржы бөлінді.

            Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылуда.

 

 

 

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың І тоқсаны бойынша  240 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 37, қағаз жүзінде - 2, электронды портал арқылы - 84, МЕМСАРАПТАМА арқылы - 117 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың І тоқсанында өтінімдері бойынша 54 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 4, III-санат бойынша – 6,             IV санат бойынша – 44  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 2, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 52  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді

 

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

Басқарма тарапынан облыс көлеміндегі иесіз қалдықтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда облыста үлкен көлемде 3 аймақта жинақталған иесіз қалдықтар анықталып отыр.

Атап айтсақ:

  1. Арал ауданындағы «Чайка» және «Березка» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 40 гектар,

    ал, көлемі жобамен – 80 мың текше метрді құрайды;
  2. Арал ауданындағы «Урал» әскери қалашығының орнындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 50 гектар, ал, көлемі жобамен –

    100 мың текше метрді құрайды;
  3. Қармақшы ауданындағы Байқоңыр ғарыш айлағының №9 және

    №20 алаңдарының бұрынғы таратылған әскери бөлімдерден қалған құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Жалпы ауданы – 100 гектар, ал, көлемі жобамен – 188 мың текше метрді құрап отыр.

(Ескертпе: Арал ауданы, Арал қаласында «Чайка», «Березка» және «Урал» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін Арал аудандық сотына Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №03-8/2015 арызы жолданып, Арал аудандық сотының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №2-1091/5 шешімімен аталған иесіз қалдықтар коммуналдық меншікке түсті деп танылды.

Ал, Қармақшы аудан әкімдігі тарпынан жоғарыда аталған иесіз қалдықтарды сот шешімімен республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде).

 

Облыс көлеміндегі санитариялық

тазалық, көркейту және көгалдандыру

жұмыстарының барысы туралы

    Облыс әкімінің өкіміне сәйкес 2016 жылғы көктемгі маусымдағы 10 наурыз   бен 10 мамыр аралығында облыс елді мекендерінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланып, сенбіліктер басталды.

    Осыған сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары бойынша нақты іс-шара жоспарлары қабылданды.

    Маусымдық кезен басталғаннан бері 4 рет сенбіліктер ұйымдастырылды.

     Аталған сенбіліктерге облыс бойынша 40 мыңға жуық адам күші мен 380 - 400 арнайы техникалар жұмылдырылды.

      Нәтижесінде арнайы полигондарға 25 мың текше метрден астам тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстар шығарылды.

Сенбіліктерде тек қана санитариялық тазалық шараларымен айналыспай, көше келбетіне сән беретін ғимараттар мен тұрғын үйлердің сыртқы келбетін әрлеу, аула қоршауларын жөндеп, әктеу, сырлау, жеміс ағаштары мен гүлзарлар отырғызу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанынан облыс бойынша санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шараларын үйлестіруші жұмысшы тобы құрылып, өз жұмысына кірісті. 

Бұл жұмысшы топтың негізгі мақсаты - облыс көлеміндегі санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру іс - шараларының тиісті денгейде ұйымдастырылуын үйлестіру болып табылады.

Бүгінгі таңда, аталған жұмысшы топтың 2 рет отырысы өткізіліп, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар мен ұсыныстар енгізілді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан санитариялық тазалық жұмыстарының барысын бақылау мақсатында арнайы жедел топ құрылып, рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл жедел топтың рейд жұмыстарының нәтижелері тұрақты түрде баспасөз беттерінде жариялануда.

Қазіргі таңда, облыс көлемінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шараларын жүргізуге арналған жадынама әзірленіп, қала және аудан әкімдіктеріне таратылды.

2016 жылғы 19 наурыздағы сенбілікте облысты көркейту және көгалдандыру мақсатында облыс әкімі Қ. Көшербаевтың қатысуымен Тұңғыш президент атындағы саябақта ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға облыстық басқармалардан барлығы

270 қызметкерлер қатысып, 2100 ағаш көшеттері отырғызылды.

Акцияға облысымыздың барлық елді мекендерде жалғасын тауып, облыс бойынша барлығы 5 мыңға жуық адам күші жұмылдырылып,

15 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. 

2016 жылғы 25 наурызда Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаменті, Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, облыстық коммуникациялар орталығында санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баспасөз отырысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы

29 наурызда Арал және Қазалы аудандарында көшпелі мәжілістер өтті.

Ал, Қарамақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында осы тектес көшпелі мәжілістер үстіміздегі жылдың сәуір айының бірінші он күндігінде өткізу жоспарланып отыр.

2016 жылғы 29 наурызда Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Қызылорда облысы тұтынушыларының құықтарын қорғау департаментінің мамандары

Қазақстан – Қызылорда телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде облысымыздың санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын талқылап, насихаттады.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2015 жылға атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 494 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқаруда.

Атап айтқанда, облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағы мен ауылшаруашылығы құрылымдарына қарасты орманды алқаптарда өрт қауіпі бар кезеңдерде жүргізілетін шаралардың іс-шара жоспары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

 Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №681-ө өкімімен 2015 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

 Облыс бойынша орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру машинасы мен 51 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Сонымен қатар 20 трактор тіркемесімен, 1 дана өрт–химиялық  станциясы, 9 дана радиостанция,  29 дана арқаға салып жүретін өрт сөндіргіштер, 425 ұрғыш, 91 дана балта, 149 дана күректер дайындалды. Өртке қауіпті учаскелерге 16 қадағалау мұнаралары орнатылған.

Орман  өртін болдырмау мақсатында осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырымға ескі жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 51 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1290  дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 26 рет мақалалар жарияланды.

  2015 жылы халықты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 27,4 мың текше метр жыңғыл бұталары босатылды.  

Орманды жанама пайдалануға  167 дана орман билеті босатылып,  жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2015 жылдың есепті кезеңінде 10707 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 5000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген. Ағаш көшеттерін өсіретін 16,8 га орман тұқымбағы ұйымдастырылып, 60,8 га жердің шығымдылығы нашар бұрынғы жылғы егілген орман екпелері толықтырылды. 

 Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында 594  мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 500 га сексеуіл алқабына химиялық  өңдеу жұмыстары атқарылды.

  2015 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 28 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген  865,5 мың теңге залал құрап толығымен өндірілді.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС-2  жобасы туралы

Қазіргі таңда, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші фазасын (бұдан әрі САРАТС-2) іске асыру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табуда. САРАТС-2 жобаның  құны 23,2 млрд.теңге.

Қарыз Келісімі туралы Дүниежүзілік Банктің шарт талаптарына сәйкес келіссөздерді бастау үшін 2014 жылдың қарашасында Арал-Сырдария бассейні елдеріне (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) хабарландыру хаттары жолданған болатын.

Өзбекстан Республикасы жобаның жүзеге асуы Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкіндігіне сүйене отырып, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыруды қолдамайтындығын білдірді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, Дүниежүзілік Банк  «САРАТС-2» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тағайындады.2015 жылғы 7 желтоқсанында Премьер - Министрдің Бірінші Орынбасары Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа мырзамен САРАТС-2 жобасын іске асыру мәселесін талқыланған.САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру мәселесін шешу үшін 2016 жылдың қаңтар айының 18-20 аралығында Алматы қаласында  Дүниежүзілік Банктің ұйымдастыруымен 3 жақты кездесу өткізу ұйымдастырылатын болады.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы 8 су шаруашылығы нысандарын жөндеуге (Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналын, «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту» Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналын, Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналын, Мырзабай ахун ауылдық округіндегі «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналын, Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық»каналын, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналын) Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын ұстап тұру, 2 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру (Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округіне, Қызылорда қаласындағы Жібек жолы каналына) жұмыстарына, яғни барлығы  369,5 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар толығымен орындалды.

Үстіміздегі жылы жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде 8 елді мекеннің аяқ сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 371 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінге күнге Қызылорда облысы әкімдігінің қаулыларына сәйкес 142 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді. Қазіргі таңда қосымша 45 су шаруашылығы нысандарын облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өтізу жұмыстары жүргізілуде.

Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және қайта жаңғырту жобасы туралы

«Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын бекітудің» жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 158,6 млн. теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер «Институт Казгипроводхоз» өндірістік кооперативі танылып, 153,2 млн. теңге қаржыға келісім-шарт жасалды. 2015 жылдың 31 желтоқсанында №01-0603/15 санды  мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 12,205 млрд. теңге құрайды.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га).Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 180 су айдындарының 134 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 46резервтiк қорда тұр.

Балық аулау

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы балық аулау лимиті 6725-тен 8 394 тоннаға (20 пайыз) ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізінен ауланатын балық 30 пайызға өсті.Бүгінгі күнге, облыс бойынша 7750 тонна балық ауланды.

Балық экспорты

Соңғы жылдары, балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді. 2014 жылы 715 тонна экспортқа шығарылса, 2015 жылы  4 млн. 657 мың АҚШ доллары болатын  846 тонна балық өнімдері  Грузия, Дания, Польша, Австрия, Азербайжан мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. 

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2015 жылға аталған шараға 124 қасқыр мен 590 шибөрі ату жоспарланды.

Бүгінгі күнге, 94 қасқыр (75 пайыз) және 590 шибөрі  (100 пайыз) атылып, аңшыларға 6 млн. 687 мың теңге сыйақы төленді.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру

Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі  2015 жылдың 28 ақпанынан бастап табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін рұқсат бере бастады.Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға және облыс көлеміндегі  30 аңшылық шаруашылық субъектілеріне аң аулауға рұқсаттар берілуде.

  Браконьерлермен күрес шаралары

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 88 фактісі анықталды.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2015 жылы 974 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 211, қағаз жүзінде - 363, электронды портал арқылы - 247, МЕМСАРАПТАМА арқылы - 65 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.Сонымен қатар, 2015 жылы өтінімдері бойынша 392 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 21, III-санат бойынша – 58, IV санат бойынша – 313  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 93, қағаз жүзінде - 35, электронды портал арқылы – 264  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді.

5.Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша

Қалдықтарды басқару саласы бойынша

Облыс көлемінде жыл басынан бастап 141,0 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған.

Облыс бойынша «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеумен айналысады.

Жыл басынан бастап облыс бойынша  аталған мекемемен 3,75  мың тонна ТҚҚ өңделген. Пайыздық үлесі – 2,66 пайыз.

Бүгінгі таңда, облыс тұрғындарының 51,54 пайызы  тұрмыстық қатты қалдықтарын тасмалдау қызметімен қамтамасыз етілген.  

Облыс көлеміндегі полигондарды экологиялық  және санитариялық талапқа сәйкестендіру

Облыста 145 тұрмыстық қатты қалдықтар жинақтау нысандары (полигондар) бар болса, оның 3-і Экологиялық Кодекс талаптарына сәйкес заңдастырылған.

Бүгінгі таңда, тиісті талаптарға сәйкес келмейтін 142 өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою нысандарына арналған жер учаскелерін заңдастыру мақсатында (ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабының

9-тармақшасы)
Қызылорда облысы бойынша 131 ауылдық округ, 9 кент және 2 қала (Қазалы, Арал) әкімдіктері тарапынан түскен өтініштері арқылы сұратылған жер учаскелеріне алдын-ала таңдау жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 403,19 гектар жер учаскелеріне облыстық жер комиссиясының оң қорытындылары  қабылданып, облыс әкімдігі қаулыларымен белгіленді.

Атап айтсақ, Арал ауданы бойынша  Арал қаласы, Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері мен 21 ауылдық округі, Қазалы ауданы бойынша Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы мен 19 ауылдық округі, Қармақшы ауданы бойынша Жосалы кентіне және 11 ауылдық округі, Сырдария ауданы бойынша Тереңөзек кенті мен 13 ауылдық округі, Шиелі ауданы бойынша Шиелі кенті мен 21 ауылдық округі, Жаңақорған ауданы бойынша Жаңақорған кенті,

4 ауылдық округі (21 ауылдық округтердің жер орналастыру жобаларына қажетті 17 137 мың теңге аудандық бюджеттен 2016 жылға бөлінген).  

Сонымен қатар, облыс көлеміндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау нысандарын экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру және мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында

2011 жылы облыстық бюджеттен 9 800,0 мың теңге қаржы бөлініп, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округіне тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған полигонның құрылысы жүргізілсе,

2013 жылы облыстық бюджеттен 34 306,0 мың теңге бөлініп, «Қармақшы ауданы Жосалы  кентінде ТҚҚ жинақтауға және жоюға арналған полигонының» құрылысы жүргізілді.

Ал, 2015 жылы «Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау мен жою нысанының құрылысын жүргізу» жобасына облыстық бюджеттен 22894,0 мың теңге бөлініп, полигон құрылысы толығымен аяқталды (Анықтама ретінде: Полигонда бақылау өткізу пункті, әкімшілік тұрмыстық корпусы, бақылау-залалсыздандыру ваннасы, арнаулы машиналарға арналған тұрақ, қойма, өрт қауіпсіздігіне арналған резервуар,  техникалық суға арналған резервуар, электронды автоөлшеуші, темір қоршау және т.б. құрылыс жұмыстары жүргізілді).

Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

Басқарма тарапынан облыс көлеміндегі иесіз қалдықтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда облыста үлкен көлемде 3 аймақта жинақталған иесіз қалдықтар анықталып отыр.

Атап айтсақ:

  1. Арал ауданындағы «Чайка» және «Березка» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 40 гектар,

    ал, көлемі жобамен – 80 мың текше метрді құрайды;
  2. Арал ауданындағы «Урал» әскери қалашығының орнындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 50 гектар, ал, көлемі жобамен –

    100 мың текше метрді құрайды;
  3. Қармақшы ауданындағы Байқоңыр ғарыш айлағының №9 және

    №20 алаңдарының бұрынғы таратылған әскери бөлімдерден қалған құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Жалпы ауданы – 100 гектар, ал, көлемі жобамен – 188 мың текше метрді құрап отыр.                                                                                      Қазіргі уақытта, Арал және Қармақшы аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, жоғарыда аталған иесіз қалдықтарды сот шешімімен республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты  қалдықтарды кәдеге жарату жобасы туралы

2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру бойынша алдын - ала келісім жасалды.

Келісімнің жалпы соммасы - 9,0 млрд. теңге.

(Анықтама ретінде:       

  • Еуропалық даму және қайта құру банкісі траншы - 3,6 млрд. теңге;
  • облыс және/немесе Үкіметтің гранттық қаржылары - 3,6 млрд. теңге;
  • Еуропалық даму және қайта құру банкісінің Таза Технологиялар Арнайы Қорынан қаржыландыру - 1,44 млрд. теңге;
  • Еуропалық даму және қайта құру банкісінің техникалық ықпал ету гранттары -

    360,0 млн. теңге).

Бұл жоба аясында, қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу бойынша кешеннің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою жұмыстары жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда, жобаның техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін кеңесшілер қызметіне Финляндия мемлекетінің техникалық экономикалық ықпал ету қоры мен Еңбек министрлігі арқылы 295 мың EUR гранттық қаржы бөлген.

«Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен кеңесшілер ретінде таңдалған Финляндия мемлекетінің FCG Design and Engineering Ltd компаниясы таңдалып, аталмыш компания 2015 жылғы 15 маусымнан бастап жұмыстарын бастап,  жобаға қажетті бастапқы деректер жинақтау жұмыстары жүргізуде.

Осы жоба жүзеге асырылған жағдайда тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделу көрсеткіші бірнеше есеге өседі деп күтілуде. 

Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен

жинақталу нормаларын есептеу қағидалары туралы

Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары әзірленіп, облыс әкімдігінің

2015 жылғы 8 сәуірдегі №911 Қаулысымен бекітілді.

Осыған сәйкес, ҚР Әділет министрлігі, Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 мамырдағы №4973 нөмірімен тіркелді.

Қағида «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 20 бабының                             17-3) тармақшасы, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы  25 қарашадағы

№145 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің

2014 жылдың 12 желтоқсанындағы №143-ө өкімінің негізінде әзірленді.

Қазіргі таңда, қала және аудан әкімдіктері тарапынан осы қағиданы негізге ала отырып, тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталу нормасын есептеу жұмыстары жүргізілуде.

Экологиялық кеңес туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын негізге ала отырып, Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы

№2 Қаулысымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы экологиялық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. 

Аталған Қаулымен Кеңестің құрамы бекітіліп, ережесі әзірленді.

Кеңес Қызылорда облысында экология және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы негізгі бағыттарды үйлестіру мақсатында құрылған.

Экологиялық кеңестің негізгі қызметі - Қызылорда облысында экология саласын дамыту және табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі бағыттарды үйлестіру болып табылады.

Кенес мүшелерінің құрамына тиісті сала басшылары, облыстық мәслихатының депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді.

Аталған Кеңес отырыстарында облысымыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында туындаған мәселелер талқыланып және олардың оң шешімін табу мақсатындағы жұмыстар атқарылатын болады.

2015 жылғы 2 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары

С. Қожаниязовтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы экологиялық кеңестің 1-ші отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы Қызылорда облысы көлемінде іске асырылуы және Шиелі және Жаңақорған аудандары бойынша туындаған экологиялық мәселелер кеңінен талқыланды.

Ал, 2015 жылғы 24 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары

С. Қожаниязовтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы экологиялық кеңестің 2-ші отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының күн тәртібінде Қызылорда облысы бойынша бірінші кезектегі экологиялық өзекті мәселелері және Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы бойынша туындаған мәселелер кеңінен талқыланды.

Мәжілістердің нәтижесімен экология бағытындағы көкей тесті сұрақттардың шешу жолдары қарастырылып, тисіті сала басшылары мен аудан әкімдіктеріне Кеңес тарапынан ұсыныс-пікірлер енгізілді.

Облыс көлеміндегі санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

2015 жылғы облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» өкімдеріне сәйкес, облыстың барлық қала және аудан әкімдіктерінде осы тектес өкімдер қабылданып, барлық деңгейдегі елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, үстімізге жылдың көктемгі маусымында төрт ай, ал күгзі маусымында екі ай тұрақты түрде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру шаралары жүргізілді.

Аталған шараларға, яғни сенбіліктерге облыс бойынша 82 мыңнан астам адам күші мен 400-ге жуық әртүрлі арнайы техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 54,3 мыңға жуық текше метр коммуналдық қалдықтар шығарылып, 250 шақырымға жуық арық жүйелері тазартылды.

Сондай-ақ, көктемгі маусымдағы көркейту және көгалдандыру шаралары барысында қала және аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен

151 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Шығымдылығы жобамен 52,3 пайыз болып отыр.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, көктемгі және маусымдық жұмыстар кезенінде облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы Қожаниязовтың төрағалығымен Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің басшылық құрамдарынан жұмысшы тобы құрылып, санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын насихаттау мақсатындағы барлық аудандарда көшпелі мәжілістер ұйымдастырылды.

Аталған мәжілістерге аудан әкімдері, аудан әкімінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ардагерлер, жастар қоғамдық ұйымдары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысып, санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары кеңінен насихатталып, қадағалауға алынып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының күзгі маусымдағы жүргізілу мерзімінде атқарылған жұмыстар тұрақты түрде облыстық және жергілік баспасөз беттерінде жарияланып, насихатталуда.

Облыс көлемінде жүргізілген санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының төңірегінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес қоғамға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау шаралары Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері облыстық ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, жүргізілді.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде барлығы жыл басынан бастап

6808 құқық бұзушылық анықталған.

Атап айтсақ:

  • белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін

    1483 азаматқа (ӘҚБтК 204 бабы),
  • иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзғаны үшін 983 азаматқа (ӘҚБтК 408 бабы),
  • жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 1526 азаматқа (ӘҚБтК 441 бабы)
  • қалалар мен елдi мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіргендері үшін 2816 азаматқа

    (ӘҚБтК 505 бабы) әкімшілік шаралар көрілген.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша 36 млн. 289 мыңнан астам теңге айыппұлдар салынып, оның 14 млн. 11 мыңнан астам теңгесі өндірілген.


2015 жылдың ІІІ тоқсанына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

         2015 жылы өрт қауіпті маусымда   Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары  облыс әкімінің орынбасарымен 2015 жылдың 18 наурызында бекітілді.

        Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №681-ө өкімімен 2015 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

      2015 жылдың есепті кезеңінде  438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, елді-мекендер мен ауылдық округтерге  1238  ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 25 рет мақалалар жарияланды.

       Қыс мезгілінде халықты отынмен қамтамасыз етуге 2015 жылға 28,1 текше метр жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, есепті кезеңде 5,4 мың текше метрі игерілді.  

Орманды жанама пайдалануға  161 дана орман билеті босатылып  жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2015 жылдың есепті кезеңінде 2007 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.   Ағаш көшеттерін өсіретін 7,6 га орман тұқымбағы ұйымдастырылып, 59,9 га жердің шығымдылығы нашар бұрынғы жылғы егілген орман екпелері толықтырылды. 

 Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын 297  мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 500  га сексеуіл алқабына химиялық  өңдеу жұмыстары атқарылды.

2015 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 18 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген залалдан 855,6 мың теңге өндірілді.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

2015 жылы елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 8 су шаруашылығы нысандарын  (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді», Жалағаш ауданы Мырзабай-ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту) жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Оның ішінде, қазіргі таңда 5 су шаруашылығы нысандарының жұмыстары толығымен аяқталып (Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді»), 3 су шаруашылығы нысандарының жұмыстары жүргізілуде (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданы Мырзабай-ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту) және  елді-мекендерге аяқ су апару үшін (Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне және Қызылорда қаласы «Жибек жолы) 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары  сатып алынып берілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

  Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га).

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 180 су айдындарының 141 (немесе 78%) конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 39-ы резервтiк қорда тұр.

Балық аулау

  2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы балық аулау лимиті 6725-тен 8 394 тоннаға (20 пайыз) ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізінен ауланатын балық 30 пайызға өсті.Бүгінгі күнге, облыс бойынша 4627 тонна балық ауланды.

Балық өңдеу

  Қызылорда облысы бойынша өңдірілген балық өнімдері 2014 жылы 3 495 тонна болса, 2015 жылдың III-тоқсанына 1 878 тонна балық өңдірілді.

Балық экспорты

  Соңғы жылдары, балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді.2014 жылы 715 тонна экспортқа шығарылса,  2015 жылдың III-тоқсанына 507 тонна балық өнімдері  Грузия, Дания, Польша, Австрия, Германия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. 

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

  2015 жылға аталған шараға 124 қасқыр мен 509 шибөрі ату жоспарланды.Бүгінгі күнге,  88 қасқыр (70 пайыз) және 238 шибөрі  (40 пайыз) атылды.  Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы жыл соңына дейін жалғастырылатын болады

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру

  Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі 2015 жылдың 28 ақпанынан бастап табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін рұқсат бере бастады.Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға және облыс көлеміндегі 30 аңшылық шаруашылық субъектілеріне аң аулауға рұқсаттар берілуде.

Браконьерлермен күрес шаралары

 Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 49 фактісі анықталды.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

  2015 жылдың тоғыз айында 746 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді. 2015 жылдың жылдың тоғыз айында өтінімдері бойынша 299 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға үшін оның ішінде, II-санат бойынша - 18, III-санат бойынша - 38, IV санат бойынша – 243 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

5.Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша

Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында 99,7 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделуі бойынша

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады.

2015 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында  облыс бойынша  аталған мекемемен 1,8  мың тонна ТҚҚ өңделген.

Иесіз қалдықтар туралы

Облыс бойынша белгілі себептермен көп көлемде жинақталған қалдықтарға қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып мониторинг жүргізіліп, иесіз қалдықтарға түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында үш аумақта жинақталған иесіз қалдықтар жинақталып отыр.

Олар:

  1. Арал ауданы, Арал қаласының батыс жағында орналасқан бұрынғы «Чайка» және «Березка» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтары шоғырланған. Ластанған жердің ауданы 40 га. құрайды. Қалдықтардың жалпы көлемі 80 мың м.3 .
  2. Арал қаласының шығысында орналасқан бұрынғы «Урал» әскери қалашығының орнындағы құрылыс қалдықтары шоғырланған. Ластанған жердің ауданы 50 га. құрайды. Қалдықтардың жалпы көлемі 100 мың м3.
  3. Қармақшы ауданы, Байқоңыр ғарыш айлағының №9 және

    №20 алаңдарының бұрынғы таратылған әскери бөлімдерден қалған ауданы 55 га., көлемі 133 мың м3 және 45 га., көлемі 45 мың м3 құрылыс және тұрмыстық қалдықтар.

Ескертпе: Жоғарыда аталған иесіз қалдықтардың жай-күйі туралы есеп ай сайын Қызылорда облысының экология департаментімен келісіліп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жолданып отырады.

 

Облыс бойынша санитариялық тазалық,

көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

Көктемгі маусымдағы

«Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімінің 2015 жылғы  6 наурыздағы №659-ө өкімімен  үстіміздегі жылдың 14 наурызы мен 16 мамыры аралығында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 22 мамырдағы №12-ө өкімімен  санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының жүргізілу мерзімі

2015 жылдың 14 наурызы мен 29 маусымы аралығы болып өзгертілді.

Жоғарыда аталғандарға сәйкес, бүгінгі таңда облыстың барлық елді мекендерінде 13 рет сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған сенбіліктерге 41 600 астам адам күші мен 335 дана техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 16,49 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Күзгі маусымдағы

Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі №98-ө «Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» өкімі қабылданды.

Осы өкімге сәйкес, облыстың барлық қала және аудан әкімдіктерінде осы тектес өкімдер қабылданып, барлық деңгейдегі елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда, аталған сенбіліктерге 14 мыңнан астам адам күші мен

398 дана техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 3,5 мыңнан астам текше метр коммуналдық қалдықтар шығарылды.

Сонымен қатар, санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының күзгі маусымдағы жүргізілу мерзімінде атқарылған жұмыстар тұрақты түрде облыстық және жергілік баспасөз беттерінде жарияланып, насихатталуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің басшылық құрамдарынан құрылған жұмысшы тобы қала және аудандарды аралап, санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын насихаттау мақсатындағы көшпелі мәжілістер ұйымдастырылуда.

Атап айтсақ, 2015 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Арал және Қазалы аудандарында, 28 қыркүйекте Қармақшы және Жалағаш аудандарында көшпелі мәжілістер ұйымдастырылып, мәжілістерге ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

 

 

 

 


2015 жылдың І жартыжылдыққа атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

2015 жылы өрт қауіпті маусымда   Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары  облыс әкімінің орынбасарымен 2015 жылдың 18 наурызында бекітілді.

          Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №681-ө өкімімен 2015 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

          2015 жылдың есепті кезеңінде  438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3033 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, елді-мекендер мен ауылдық округтерге  1176 ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 20 рет мақалалар жарияланды.

           Қыс мезгілінде халықты отынмен қамтамасыз етуге 2015 жылға 28,1 текше метр жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, есепті кезеңде 5,2 мың текше метрі игерілді.  

Орманды жанама пайдалануға  128 дана орман билеті босатылып  жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2015 жылдың есепті кезеңінде 2007 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.   Ағаш көшеттерін өсіретін 7,6 га орман тұқымбағы ұйымдастырылып, 59,9 га жердің шығымдылығы нашар бұрынғы жылғы егілген орман екпелері толықтырылды. 

 Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын 297  мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 500  га сексеуіл алқабына химиялық  өңдеу жұмыстары атқарылды.

2015 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 14 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген залалының көлемі 163,3 мың теңгені құрап толығымен өндірілді.

 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

2015 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  6 канал  тазалау (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналы жұмыстары жүргізілуде  және  елді-мекендерге аяқ су апару үшін (Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне және Қызылорда қаласы «Жибек жолы) 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары  сатып алынып берілді.

 

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га) бар.

Басқарма мамандары су айдындарының тізбесін қайтадан нақтылау жұмыстарын жүргізіліп, облыс әкімінің      2015 жылғы 17 наурыздағы № 875 қаулысымен 180 су айдынының тізімі бекітілді.

Су айдындарының 149-ы (83%) ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі күні  31 су айдыны (көлдер) резервте тұр.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 18-03/93 бұйрығымен 2015 жылға облысқа 8391 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында 1600 тонна балық ауланды. Көктемгі ауа-райының қолайсыз болуынан өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда балық аулау  17 пайызға кем ауланды. 

2015 жылдың  1-ші жартыжылдығында құны 1 978 944 АҚШ доллары болатын 472 тонна балық өнімдері Грузия, Азербайжан, Дания, Польша мемлекеттеріне экспортқа шығарылды(өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 58 пайызға артты).

Жыртқыш аңдардың санын реттеу.

2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында 88 қасқыр (70 пайыз) және 238 шибөрі  (40 пайыз) атылып, аңшыларға 5 726 800 теңге сыйақы төленді.

Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы екінші жартыжылдықта жалғастырылатын болады.

   Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру

 Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға 138 рұқсаттар және аң аулау алқаптарын пайдаланушыларға 16 рұқсаттар берілді.

            Браконьерлермен күрес шаралары

          Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұлдар салынды.

          Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға айыппұл салынды.

 

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

 

2015 жылдың 6-айында 513 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері өтінімдері бойынша 226  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға үшін оның ішінде, II-санат бойынша - 13, III-санат бойынша – 21, IV санат бойынша – 192  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.


Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша

Облыс бойынша 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында  71,5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, өндірістік қалдықтар 47 мың тонна (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.

 

Тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделуі бойынша

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеумен айналысады.

2015 жылғы 1-ші жарты жылдығында  облыс бойынша  аталған мекемемен 2,8  мың тонна ТҚҚ өңделген.

 

Облыс бойынша санитариялық тазариялық, көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

«Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімнің 2015 жылғы  6 наурыздағы №659-ө өкімімен  үстіміздегі жылдың 14 наурызы мен 16 мамыры аралығында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №12-ө өкімімен  санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының жүргізілу мерзімі 2015 жылдың 14 наурызы мен 29 маусымы аралығы болып өзгертілді.

Жоғарыда аталған өкімге сәйкес, бүгінгі таңда облыстың барлық елді мекендерінде  сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған сенбіліктерге 41 600 астам адам күші мен 354 дана техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 26,5 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

 

 

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2015 жылдың I тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Басқарма бойынша 2015 жылдың I тоқсанына 6 бағдарлама бойынша  облыстық  бюджеттен 172974 мың теңге қаржы бөлініп, нақты орындалғаны  171504,7  мың теңге (99,2 %).

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

             2015 жылы өрт қауіпті маусымда   Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары  облыс әкімінің орынбасарымен 2015 жылдың 18 наурызында бекітілді.

          Орман өртін алдын алу болдырмау мақсатында, осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтарын жүргізу, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтіру жоспарланып, 2015 жылдың І-тоқсанында  54 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 116 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, елді-мекендер мен ауылдық округтерге  586 ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 5 рет мақалалар жарияланды.

           Қыс мезгілінде халықты отынмен қамтамасыз етуге 2015 жылға 28,1 жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, есепті кезеңде 4 мың текше метрі игерілді.  

Орманды жанама пайдалануға  83 дана орман билеті босатылып, 57  мың гектар жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2015 жылдың есепті кезеңінде 2000 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.   

2015 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 6 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген залалының көлемі 27,8 мың теңгені құрап толығымен өндірілді.

 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

2015 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында    6 каналды тазалауға (Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналын, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналын, Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналын, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналын, Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық»каналын, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналын), елді-мекендерге аяқ су апару үшін 2 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру жұмыстары жоспарланып отыр.

Осы жұмыстар жүзеге асқанда 4542 га. жер суландырылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Жаңа Шиелі магистралды каналының су алу мүмкіншілігін арттыру үшін Сырдария өзенінде матадан су тіреуіш құрылысын салу» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Казсушар» республикалық мемлекеттік мекемесімен  құрылыс жұмыстары жұргізілуде.

 

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

 

             Балық шаруашылығы облыс үшін маңызды ауылшаруашылығы салаларының бірі.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс әкімдігінің қаулысымен Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2015 - 2017 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га) бар.

Тіркеуге алынған балық шарушылығына маңызы бар 180 су айдынының 149-ы ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі күні, 31 жергілікті маңызы бар су айдындары (көлдер) резервте тұр.

2015 жылға  балық аулау лимиті 8391 тонна көлемінде бекітілді.

Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен 2015 жылғы 14 ақпанда облыстағы балық шаруашылығын дамыту жөнінде мәжіліс өтіп, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

 

Жануарлар дүниесін қорғау:

 

          1) Браконьерлікке қарсы күрес шаралары:

          Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға 33 638 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді.

2) Биотехникалық іс-шаралар:

          2015 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.

          Аталған қаржыға жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру:

Жануарлар дүниесін пайдалануға 80  рұқсат берілсе, оның ішінде  Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарынан  балық аулауға 64  және аң аулауға 16 рұқсаттар берілді.

2015 жылдың I-ші сәуіріне 197 тонна балық ауланып, бюджетке 9 757 800 теңге қаржы түсті.

Жануарлар дүниесін қорғау:

1) Браконьерлікке қарсы күрес шаралары

          Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға 33 638 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді.

2) Биотехникалық іс-шаралар

          2015 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.

          Аталған қаржыға жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

 

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша 2015 жылдың 1-тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

2015 жылдың І-тоқсанында 251 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Жыл басынан бері өтінімдері бойынша 127 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға, оның ішінде, II-санат бойынша - 8, III-санат бойынша - 10, IV санат бойынша – 109 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

 

 

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

 

Санитариялық тазариялық жұмыстарының барысы туралы

«Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімнің 2015 жылғы  6 наурыздағы өкімімен  үстіміздегі жылдың 14 наурызы мен 16 мамыры аралығында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды. Осы өкімді  іске асыру мақсатында, облыс бойынша біршама  жұмыстар атқарылуда.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, облыста  3 рет сенбілік ұйымдастырылып, аталған сенбіліктерге 20250 астам тұрғындар мен 318 дана техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 5261 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылып, 8300 шақырымға жуық көшелер мен арықтар тазаланды.

 

Құрамында сынап бар қатерлі

қалдықтарды бөліп жинау тәжірбесін енгізу

2014 жылғы мамыр айынан бастап «ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі Құрамында сынап бар қатерлі қалдықтарды бөліп жинау жұмыстарымен айналысуда. 

«ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі жыл сайын құрамында сынап бар шамдарды бөліп жинау, өндеу және залалсыздандыру үшін  қабылдайтын болады.

«Экотром - 2У» құрылғысының қуаттылығы жылына 1500 тонна қауіпті қалдықтарды өндеуге және залалсыздандыруға мүмкіндік береді.

Есепті кезеңде ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі арқылы 5870 дана құрамында сынап бар энергоүнемдегіш шамдар өңделді.

 

 

Облыс әкімінің бекітілген іс-қимыл жоспарына сәйкес 2014 жылы инвестициялық форумдар өткізу, көрмелерге қатысу (республикалық және шетелдік), жақын шет елдерге жұмыс сапарын ұйымдастыру шаралары өткізілетін болады.
2014 жылдың 1-3 сәуір күндері Қызылорда облысының әкімдігі Атырау қаласында 13-і  Солтүстік-Каспий «Атырау Мұнай және Газ» Аймақтық көрмесіне облыстың сервистік компанияларымен, сондай-ақ, «Атырау Инвест - 2014» Халықаралық бизнес-форумына қатысты. Форум аясында екі облыс әкімдігі мен мұнай-газ компаниялары басшылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 3-6 маусымында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында «Каспий мұнай және газ» (CaspianOil&Gas 2014) атты ХХІ –і Халықаралық көрме-конференциясына қатысты.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 30 қыркүйек-3 қазан аралығында Алматы қаласында өңірлік мұнай сервистік компаниялар «Мұнай және Газ» атты 22-і Халықаралық көрмеге катысты.
Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйек аралығында Атырау облысында Қазақстан мен Ресей өңірлік ынтымақтастығының «Көмірсутек саласындағы инновация» атты XI Форумына облыс әкімі Қ. Көшербаев бастаған ресми делегация қатысты, сонымен қатар Форум аясында Қазақстан мен Ресей компанияларының жетістіктері көрмесіне облысымыздан «ҚОР» Мұнай Компаниясы» АҚ өзінің «Оңтүстік –Торғай мұнай-газды аймағының біріңғай геологиялық моделі» жобасы ұсынылды. ХІ Ынтымақтастық форумы аясында қызылорда облысы әкімдігі Татарстан Республикасы Үкіметімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
2014 жылдың 25-26 мамырында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің«Байқоңыр» кешенінде арнайы өкілі С. Қожаниязов бастаған ресми делегация Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде жұмыс сапарымен болды.Сапар мақсаты Қызылорда облысы мен краснодар өлкесі арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық қарым-катынастарды ұлғайту мен алдағы уақытқа даму перспективалары мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, 2014 жылдың 2-ші жарты жылдығында Қытай Халық Республикасы Нинься-Хуэйский автономдық ауданы, Инчуань қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 16-17 сәуірінде «Байқоңыр» ІІІ Инвестициялық Форумы өткізілді.
Форумның негізгі мақсаты шетелдік және отандық инвесторларды тарту, жаңа бизнес-әріптестер іздеу, мемлекеттік органдар өкілдерімен еркін диалог жүргізу алаңын құру, аймақтағы кіші және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, аймақтың инвестициялық тартымдылығын көтеру және туризмді дамыту болып табылды. 
2014 жылдың 29-30 қазанында Қызылорда облысының әкімдігі мен Еуразия Экономикалық Комиссиясымен бірлесіп «Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы Қызылорда облысының жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» атты Байқоңыр» ІV Инвестициялық Форумы өткізілетін болады.
 

Облыстық Сыртқы байланыстар басқармасының шақыруымен шетел азаматтарына алынған визалар жөнінде мониторинг
 
Басқарманың міндеттемелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрінің м.а. 2013 жылғы 05 наурыздағы №08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің 2013 жылғы 07 наурыздағы №175 Бірлескен бұйрығына сәйкес өңірімізге келетін инвесторларға, басқа да шетел азаматтарына визалық қолдау мақсатында шақырту хаттар жіберілді.
 
Шет елдерден келетін азаматтардың визаларын рәсімдеуге байланысты 28 азамат шақыртылды. Атап айтқанда,  ҚХР – нан –   21 азамат, Польша Республикасынан – 7 инвестор келді. 
Олар «PONAR» гидравликалық-қозғаушы жабдық өндiрушi компаниясы және «4UP TRADE» қаржы-инжиниринг компаниясы «Қызылорда локомотив жөндеу депо станциясы базасында көпсалалы біріккен кәсіпорын жұмыс тобын құру» жобасын ұсынып, жылу электр орталығының құрылысына қатысуды жоспарлап отыр. 
Ал, Польшалық «FAM» компаниясы өңірімізде мырыш зауытының құрылысын жүргізуге ниет білдірген.

 

Шақырылған шет ел азаматтары

(елдер бойынша)

Елі

Адам саны

Қытай Халық Республикасы

21

Польша Республикасы

7

Барлығы:

28

 


Қызылорда облысының 2013 жылдағы сыртқы экономикалық және өңіраралық қызметін дамытудың басым бағыттары

 

Облыстың сыртқы саясатының негізгі мақсаты аймақтың сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстар жүйесінде экономиканың тиімді бәсекелестікке қабілетті секторларын дамытуға және инвестициялық тартымды жүйені қалыптастыруға бағытталған ұстанымды нығайтуға жағдай жасау болып табылады.

Облыстың стратегиялық мақсаттары мен тактикалық міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негізгі мақсаттарына, Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Стратегия-2050» Жолдауында айқындалған қағидаларға, стратегиялық құжаттарға және даму бағдарламаларына сәйкес айқындалған.

Стратегиялық мақсат ретінде Қызылорда облысының сыртқы экономикалық дамуына жағдай жасау және Қызылорда облысының тартымды экономикалық-инвестициялық имиджін қалыптастыру қойылады.

Осы стратегиялық мақсаттар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық мақсаттарына, инвестициялар тарту Бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы №1145 қаулысымен бекітілген арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға және 2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасына экспортты ынталандыруға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013жылғы 30 қаңтардағы №61 қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық дамуы төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы заңды тұлғаралға өнеркәсіп жеңілдіктерін ұсыну Ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысымен бекітілген 2013-2013 жылдары ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізудің Ұлттық жоспарына сәйкес келеді. 

Стратегиялық мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

-Қызылорда облысында сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстарды тиімді дамытуға мүмкіндік туғызуға институционалдық және басқа да қолайлы жағдайлар қалыптастыру;

-аймақ экономикасының өсу көрсеткіштерінің тиімді құрылымын қалыптастыруда сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстардың орны мен рөлін анықтау және талдау;

-аймақтағы сыртқы экономикалық қызметінің қолдау инфрақұрылымын оңтайландыру;

-Қызылорда облысында өндірістік, инновациялық және қызмет көрсету салаларында сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстарды дамытуға қолайлы жағдайды кеңейту;

-өңіраралық және халықаралық салыстыру тұрғысынан аймақтың бәскелестікке қабілеттілік рейтингін көтеру;

-біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және жаһандық инновациялық ақпараттық технологиялардың үстемділігі жағдайында сыртқы экономикалық және өңіраралық қызметті ақпараттық және консалтингтік қолдаудың аймақтық жүйесін дамыту.

Сыртқы экономикалық қызмет сыртқы сауда, инвестициялық және таурлардың, ақпараттың, жұмыстың, қызметтің халықаралық алмасу саласында, интеллектуалдық қызметтің нәтижелерінде, оның ішінде оларға ерекше құқықтарын (интеллектуалдық меншік), өндірістік кооперацияны қоса алғанда, басқа да қызметті қамтиды.

Сыртқы экономикалық және өңіраралық қызметін дамытудың тұжырымдамасы келесі кезеңдерінде жүзеге асырылады.

1 кезең. Қызылорда облысының қазіргі және жаңа сауда-экономикалық байланыстарын әрі қарай дамыту мен нығайту үшін негізгі бағыттарын айқындау және база қалыптастыру:

1.Қызылорда облысының негізгі сауда әріптес мемлекеттерімен және өңіраралық қызмет субъектілерімен ынтымақтастықты қарқындату:

1.1. Тауарайналымның көлемін ұлғайту;

1.2. Өзара сапарлардың санын көбейту;

2. Жаңа сауда-экономикалық әріптестерді іздеу.

3. Халықаралық және өңіраралық қарым-қатынастар саласында ақпараттық алмасу жүйесін жетілдіру.

4. Сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстар саласында жоспарлау жүйесін жетілдіру.

5. Мемлекеттер арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тоқтататын факторларды іздеу және талдау.

6. Сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстар саласында инвестициялық жобалар және ұсыныстар базасын құру және дамыту.

2 кезең. Инвестицияларды дамыту және тартудың басымдық бағыттарында өзара қарым-қатынастың инфрақұрылымын жетілдіру. Бұл кезеңде келесі мәселелерді шешу қарастырылады:

1.Өндіру және артық тауарды алмастыру/сату  процесінде шығындарды азайту мақсатында өңірлік қарым-қатынас инфрақұрылымын қалыптастыру.

2.Негізгі әріптес мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу туралы келісімдерге отыру.

3.Облыс аумағында шығарылатын тауарлар номенклатурасын кеңейту.

4. Облыс аумағында шығарылатын тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін көтеру.

5.Өңіраралық және халықаралық деңгейде шаралар, жәрмеңкелер мен көрмелер өткізу және ұйымдастыру.

6.Негізгі халықаралық шараларға, экономикалық форумдарға, презентацияларға қатысу.

7.Аймақтың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған жарнамалық және презентациялық өнімді әзірлеуге және шығаруға қаржыландыруды ұлғайту.

3 кезең. Қызылорда облысының сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстарының тиімді құрылымын пайдалану негізінде сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстарды аймақтық дамытудың мақсатты моделін қалыптастыру. Бұл кезеңде келесі мәселелерді шешу қарастырылады:

1.     Қызылорда облысының тұрақты сыртқы экономикалық балансын ұстау.

2.     Қызылорда облысына жоғары инвестициялық тартымды, инновациялық бағыттағы және экономикалық белсенді аймақ имиджін бекіту.

3.     Әлемдік және қазақстандық нарықтың коньюктурасын, аймақтың экономикасына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды, сыртқы экономикалық және өңіраралық қызметті талдау.

Белгіленген мақсаттар мен міндеттерді нәтижелі және тиімді орындаудың индикативтік көрсеткіштері болып жалпы тауарайналым, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің және базалық кезеңге қызметтерінің экспорт көлемінің өсу қарқыны, Қызылорда облысының халықаралық конгресстік-көрме шараларына қатысу және имидждік шараларды өткізудің жыл сайын бекітілетін жоспарының орындалуы табылады.

 

Сыртқы экономикалық және өңіраралық қызметті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар

 

Инвестициялық форумдар

Аймақтың инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволарының, даму институттарының, Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің өкілдері және шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуымен 2013 жылдың 1-2 наурыз күндері «Байқоңыр» І инвестициялық форумы өткізілді.

Форумның негізгі мақсаты аймақтың өңдеу өнеркәсібіне, туризмге, ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар және жаңа технологиялар тарту болып табылды.

Форум жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі А.Ө.Исекешев, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, халықаралық қаржы институттары мен бизнес-қауымдастықтық, Түрік Республикасының «KASIAD» Кәсіпкерлер Ассоциациясы өкілдері қатысты.

Форумның негізгі міндеттері Қызылорда облысының металлургия, энергетика, көлік логистикасын дамыту саласындағы инвестициялық мүмкіншіліктерін ұсыну, құрылыс, аутсорсинг және ихтиология салаларын дамыту болып табылды. Сонымен қатар, жаңа бизнес әріптестер, шетелдік және отандық инвесторларды тарту, жергілікті тауар өндірушілердің өнім өткізу, аймақта кіші және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттандыру мәселелері де қамтылды.

Форум аясында түрлі салалар бойынша 5 меморандумдарға қол қойылды.

- Қызылорда облысының әкімдігі мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті арасында «Өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас жасау туралы»;

-Қызылорда облысының әкімдігі мен «Казгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ арасында «Өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас жасау туралы»;

-Қызылорда облысының әкімдігі мен «Еуропалық қайта жаңғырту банкі» арасында «Арысқұм кен орнында газ әзірлеу қондырғысының құрылысы жобасын бірлесіп жүзеге асыру» туралы;

 -Қызылорда облысының әкімдігі мен «Дана фирмасы» ЖШС арасында «Кварц құмын құрғақ байыту үшін «Дана» кен байыту комбинатының құрылысы» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы;

-«Мелиоратор» ЖШС мен «Ke Zhou Jider Trade Co Ltd» арасында «Қызылорда қаласында цемент зауытын салу» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы.

Сонымен қатар, осы инвестициялық форумға Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілігінің бірінші хатшысы Ивона Вишневска (Iwona Wishnewska) қатысты.

13-14 қараша күндері «Байқоңыр» II инвестициялық форум өткізілді.

Форумның негізгі мақсатты шетелдік және отандық инвесторларды тарту, жаңа бизнес-әріптестер іздеу, мемлекеттік органдар өкілдерімен еркін диалог жүргізу алаңын құру, аймақтағы кіші және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, аймақтың инвестициялық тартымдылығын көтеру және туризмді дамыту болып табылды. Форумның жұмысына бірқатар министрліктердің, мемлекеттік компаниялардың өкілдері, шетел мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, шетелдік және отандық ірі бизнес қауымдастығы басшылары қатысты. Форум барысында  ынтымақтастық туралы 20 меморандумға қол қойылды.

Салалар бойынша:

-қаржы институттары - 3;

-білім саласы  - 4;

-металлургиялық кластерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту -6;

-«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойында жол сервисі объектілерінің құрылысы -3;

-ауыл шаруашылығы саласы – 2;

-индустриялық-инновациялық даму -1;

-туризмді дамыту -1.

Нақтысы:

-облыс әкімдігі мен «Шинхан Банк Қазақстан» акционерлік  қоғамы арасында бірлескен комиссиялар, жұмысшы топтар құрып, олардың қызметін үйлестіру туралы;

-облыс әкімдігі мен жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы арасында кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірлескен инвестициялық қорлар құру туралы;

-облыс әкімдігі мен «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамы арасында экономиканың нақты секторын, кіші және орта бизнес кәсіпорындарын несиелендіру жобаларын әзірлеу туралы;

-облыс әкімдігі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университет және Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалы арасында жалпы білім беретін мектеп, техникалық және кәсіптік білім оқу орындары бітірушілерін бакалавриатқа оқуға жіберу, қабылдау, жыл сайынғы білім гранттарын тағайындау туралы;

-облыс әкімдігі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет және Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университет арасында жалпы білім беретін мектеп, техникалық және кәсіптік білім оқу орындары бітірушілерін бакалавриатқа оқуға жіберу, қабылдау, жыл сайынғы білім гранттарын тағайындау туралы;

-облыс әкімдігі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университет және «Мәскеу болат және қорытпа институты» Ресей Ұлттық зерттеу техникалық университет арасында жалпы білім беретін мектеп, техникалық және кәсіптік білім оқу орындары бітірушілерін бакалавриатқа оқуға жіберу, қабылдау, жыл сайынғы білім гранттарын тағайындау туралы;

-облыс әкімдігі мен Байқоңыр қаласы Әкімшілігі арасында бастауыш және орта кәсіптік, техникалық-кәсіптік және ортадан кейінгі білім саласында әріптестік туралы;

-«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамы мен «Ferrum Vtor» Жауапершілігі шектеулі серіктестік арасында Қызылорда облысында металлургиялық кластерді дамыту және тау-кен байыту комбинатының құрылысы туралы;

-облыс әкімдігі мен «Ghassan Holding Group» инвестициялық қор арасында Қызылорда облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қайта жаңғырту және модернизациялау бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы.

 

Халықаралық ынтымақтастық

 

2-4 маусым аралығында Қызылорда облысында 20 жуық елдің елшілерінен, сонымен қатар БҰҰ, ЮНИСЕФ балалар қоры, Евразиялық даму банкі, ЮНЕСКО, Европалық қайта құру және даму банкі секілді халықаралық ұйымдардың да өкілдерінен құралған дипломатиялық топ жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты-Қызылорда облысының даму әлеуетін, инвестициялық ахуалын анықтау және Қызылорда облысының экономикалық мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылып, өзара тиімді ынтымақтастық үшін, сондай-ақ Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы мен туризмін дамыту болып табылды.

Сапардың бірінші күні делегация Байқоңыр ғарыш айлағында болып, ғарыш зымыранының ұшырылуын тамашалады. Сонымен бірге, шетелдік қонақтар Қармақшы ауданындағы «Қорқыт-ата» бірегей мемориалды кешенінде болды.

Сапардың екінші күні дипломатиялық корпус делегациясы Қызылорда қаласындағы «Бастау» бизнес-орталығында болып, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметімен танысты. Арнайы қонақтар үшін отандық және шетелдік бизнес-серіктестерге қолдау көрсету мақсатында құрылған Инвесторларға қызмет көрсету орталығының презентациясымен ұштастырылды.

        

2013 жылдың тамыз айында Украинаның Бас консулдығының М.Колядиннің облыс әкімімен кездесуі өткізілді. Кездесудің басты мақсаты Украина мемлекеті және Қызылорда облысының арасындағы экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарау болып табылды. 

Сондай-ақ, кездесу барысында Украинаның әйгілі ақыны Т.Шевченконың 200 жылдық мерейтойына байланысты, Қызылорда облысында ақынның бюстін қайта қалпына келтіру мәселелері қозғалды.

13 қыркүйек күні Оңтүстік Корея Республикасының Алматы қаласындағы консулдығының басшысы Сон Чхи Кын бастаған Корея делегациясы Қызылорда облысында жұмыс сапармен болды.

Жұмыс сапарының мақсаты еліміздің оңтүстіктегі Қызылорда, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында Корея-Қазақстан бизнес-мәслихатын өткізуге арналды. Бұл шара Бірінші Корея мәдениет бизнес-керуеніне іргетас қалайды. Кездесуде Корея Республикасының Қазақстандағы бас консулы Сон Чхи Кын Корея жаңа үкіметінің экономикалық бағыты туралы баяндады.

 

27-29 қазан аралығында Қазақстан Республикасындағы  Германия Федеративтік Республикасының Дипломаттары Фердинанд Барон фон Рихтхофен, Михаель Пабет және Михаель Герлах, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен болды.

Іссапар барысында «Байқоңыр» кешенін оның ішінде Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр космодромымен танысты.  

 

13-14 қараша күндері Қазақстандағы герман экономикалық одағының мүшелерімен бірге Германияның Қазақстандағы Бас консулы Михаэль Грау бастаған делегация «Байқоңыр» ІІ Инвестициялық форумының пленарлық мәжілісіне қатысты.

Делегация құрамында GTAI (инвестициялар бойынша қызмет көрсететін Германия агенттігі) Қазақстандағы тілшісі және Қазақстандағы герман экономикалық өкілдігінің басшысы болды.

Делегацияны облыс әкімі Қ.Көшербаев қабылдады. Кездесу барысында металды руда кен орындарына бай облыстың оңтүстік аймағында металлургиялық кластерді дамыту және мұнай кен орындарын анықтап, өндіру, сонымен қатар тұрғын-үйлер құрылысын жіті бақылау, ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Германия делегациясы қалалық инфрақұрылым энергия үнемдеу және қайта қалпына келетін энергия көздерін қолдану есебінен дамыту негізінде осы сала бойынша озық неміс тәжірибелері мен технологияларына назар аудару қажеттілігіне тоқталды.

Сонымен қатар, осы делегацияның құрамында «AMSTERDAM Media Group» ЖШС атқарушы директоры Е. Утяшева қатысып, 2013 жылдың 4 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «AMSTERDAM Media Group» ЖШС Қызылорда облысын туристтік аймақ ретінде дамыту мақсатында халықаралық «Байқоңыр» брендін дамыту және бекіту концепциясының презентациясын ұсынды.

 

18-22 қараша күндері Израиль мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдары (Ярон Яир, Михаил Шапиро, Самуил Спринцин, Николай Орловски, Лия Орловски) Қызылорда облысының шөл дала аймақтарын игерудің озық технологияларын қолдану, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және тиімді егін шаруашылығын жүргізу саласында бірлескен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында сапармен болды.

 

21-22 қараша күндері Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн және Бас консулдың сыртқы-экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесшісі Иштван Маклари Қызылорда облысында жұмыс сапары барысында облыс әкімінің қабылдауында болды. Кездесу барысында аймақтың ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымын дамыту, жүгері өсіру, кептіру және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жалға алу, мамандарды оқыту мәселелері талқыланды.

 

18 желтоқсан күні Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының 3-ші хатшысы Заур Магомедов облыста ресми сапармен болып 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты. Бұл ретте, ол облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларымен кездесіп, қажетті ақпараттармен қамтылды.

23 желтоқсан күні Қытай Халық Республикасының «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» компаниясының вице-президенті Чжанг Лижонг Қызылорда қаласында іссапармен болып, облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген мәжіліске қатысты. Мәжілісте компанияның облысқа инвестициялар тарту бойынша ниеттері назарға алынып, қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Негізінен, жобалар төмендегідей болып отыр:

-арнаулы және кешенді құйынды өндіретін ферроқорытпа зауыттың құрылысы (жоғары көміртекті, төмен аллюминдік ферросилициясы (FeSi), феррованадий, ферромолибден және т.б.)

- газ даярлау және тасымалдау қондырғысының құрылысы;

-қуаттылығы 150 МВт газтурбиналды электростанциясының құрылысы;

-ванадий аккумуляторларын өндіруді ұйымдастыру;

-күріш қауызын таза металдық кремний және кремний көміртегін айырып алу арқылы өндіретін зауыттың құрылысы;

-қуаттылығы 4,0 млн. тн. полиметалдық шикізатты жоғарғы технологиялық концентрат қорғасынын, цинк және басқа элементтерін айырып алу мақсатында өндіретін зауыттың құрылысы;

-тиекті арматуралары, сораптар, электр қозғалтқыштары, мойын тіректерді және өндірістік жиынтықтарын Қазақстан Республикасының тау-кен өндірістік компаниялары және мұнай-газ салалары үшін, қосалқы бөлшектерді, түйіншектерді, агрегаттарды және әркелкі жабдықтарды "Қазақстан Темір Жолы" ҰК акционерлік қоғамының қозғалмалы құрамы үшін өндіретін машина жасаудың зауытының құрылысы;

- Қызылорда қаласында жылына қуаттылығы 600 мың тн. мұнай өңдеу зауытының құрылысы;

-технологиялық жабдықтардың өңдеуші орталықтарын, Чехия Республикасының машина жасау технологияларының ассоциациясы арқылы машина жасау зауыты үшін жеткізілімдердің қамсыздандырылуы.

Қазіргі таңда екі жақ арасында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандум жобасы жасалынып, қол қоюды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 

 

Облыстан тыс жерлерге сапарлар

 

2013 жылдың 26 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан делегациясының Монако Князьдігіне ресми сапары болды. Қызылорда облысының өкілі ретінде облыс әкімінің орынбасары Ғ. Әміреев делегация құрамында болды.

Ресми сапардың негізгі мақсаты Монако мен Қазақстанның арасында тығыз қарым-қатынас қалыптастыру, қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру негізінде инвестициялар тарту, соның ішінде жасыл экономиканы дамыту мәселелерін талқылап, зерттеу мақсатында тәжірибе жинақтау болып табылды.

Сапар барысында екі ел басшысымен Қазақстан мен Монако арасындағы мазмұнды байланыстардың мән-маңызы жан-жақты сараланды. Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығына байланысты қазақ бизнес өкілдерімен болған форумда жергілікті компаниялардың бірі Қызылорда жерінде күн батареяларынан тұратын электр стансасын орнату жөнінде байлам жасасты.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының климаттық жағдайы ескеріле отырып, «HYDROCOCEPT SOLAR» компаниясының өкілімен туризм, баламалы энергетика, энергия үнемдеу, жасыл экономикаға өтуі, ұтымды энергия құрылыстарын салу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Бизнес-форум барысында «HYDROCONCEPT SOLAR» компаниясының директоры Э. Виллалонга мен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев «Қызылорда облысының әкімдігі және «Hydroconcept-Solar» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойды.

«HYDROCONCEPT SOLAR» компаниясының директоры Эрик Виллалонга Қызылорда облысының шекарасында күн электро станциясының құрылысын жүргізетіндігін және жоба нәтижесінде жылына 20-дан 30 МВт-қа дейінгі қуат көзін өндіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

 

2013 жылдың қазан айында халықаралық тәжірибені зерттеу және өңіраралық байланысты нығайту мақсатында қазақстандық делегация құрамында облыс әкімі орынбасарының Польша Республикасына жұмыс іссапары ұйымдастырылды.

Іссапар барысында Польша Республикасының Малопольское воеводствосының воеводы Станислав Крачика (Stanisław Kracik) және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ. Әміреев «Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының әкімдігі және Польша Республикасының Малопольское воеводствосы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігі мен «4UP TRADE», «PONAR» компаниялары арасында темір жол саласы үшін қосалқы бөлшектер шығаруға байланысты бірлескен кәсіпорындар құру бойынша меморандум жасалды.

Ынтымақтастық келісімдерде Польша тарапынан ауылды дамыту, сондай-ақ мәдени өсімдіктердің сорттарын қорғау жөніндегі көшпелі семинарларды өткізу шаралары қарастырылды.

Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастықты қолдай отырып, ауыл  шаруашылығын дамыту саласында тәжірибе алмасу, біліктілікті көтеру жөніндегі семинарларға Қызылорда облысының мамандары мен шаруашылық, кәсіпорын басшыларының қатыстырылуы, кезегімен бірлескен кәсіпорындарын құру мәселелері талқыланды.

 

27 қазан – 4 қараша күндері аралығында әріптестік қарым-қатынасты орнату және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қытай Халық Республикасына облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев бастаған делегация барды.

Іссапар Іле-Алатау автономиялық республикасының Құлжа-Ининь қалаларында, ҚХР астанасы Пекин қаласында және Харвин провинциясында орын алды.

Ресми іссапар барысында Іле-Қазақ Автономдық облысының үкіметі және Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы меморандумға қол қойылды.

Осы меморандум шеңберінде, тараптар инвестициялық, инновациялық-индустриалдық, әлеуметтік жобаларды, оның ішінде шағын және орта бизнес, білім, медицина, ілгері жылжытуға және жүзеге асыруға жәрдемдесу жайлы бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет білдірді.

Іссапардың екінші күні Пекин қаласында жалғасын тауып, делегация мүшелері Қытайлық машина құрылысы инжинирингтік корпорациясымен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында, делегация Қытай Халық Республикасында озық технологияларды енгізу бағдарламасы бойынша, тарихы кеңге жайылған, 1988 жылдан бері елдің ғылыми-техникалық әлеуетін, мүмкіндіктерін жүзеге асырып келе жатқан «Факел» бағдарламасымен танысты.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында, делегация Харбин провинциясының Хэйлунгцзиян қаласындағы индустриалдық аймақтарды аралап, жекелеген кәсіпорындармен тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, аймақтағы мұнай машина жасау зауыттары мен металл кесетін құрылғылар жасайтын өндіріс орындарынғы жұмысшылармен кездесіп, қызметкерлердің жұмыс жүйесі оң бағасын тапты.

Жоғарыдағыдай мазмұнда, іссапардың келесі күні Хуэй автономдық окруындағы Нинся қаласында жалғасты. Автономды окруктағы индустриалды аймақтың мұнай газ өңдеу жабдықтарын жасайтын зауыт және мұнай газ шикізат өнімдерін терең өңдейтін зауыттың жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасты.   

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен бірлескен мұнай өңдеу саласындағы жабдықтар даярлайтын өндіріс орнын ашу мақсатында шетелдік 12 қызметкерлер мен инвесторларға визалық қолдау көрсету мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақыру хаттары жөнелтілді.    

 

28-29 қараша күндері Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Татарстан Республикасына жұмыс сапары өтті. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев, бірқатар облыстық басқарма басшылары, кәсіпкерлер болды.

28 қараша күні делегация Набережная Челны қаласында болып, «ТАНЕКО» және «ТАИФ-НК» ААҚ-да көрмелермен танысты. Сонан соң Елабуга қаласындағы «Алабұға» ерекше экономикалық аймақтың жұмысымен танысты.

Сол күні кешке Казань қаласындағы «Казань» аэропортының 1А Халықаралық терминалында болды. Одан кейін делегация 17 қараша күні авиаапат болған жерге қаза тапқандарды еске алу орнына гүл шоқтарын қойды.

29 қараша күні «Химград» технополисінде және жоғары технологиялар саласындағы «IT-парк» жұмысымен танысты. Онда «ГЛОНАСС+112» зардап шеккендерді құтқаруды үйлестіру жүйесінің мүмкіндіктерін, жоғары технологиялар саласындағы технопарктің, «Электрондық Татарстан» жобасының, бизнес-инкубатордың презентациясына қатысты.

Татарстан Республикасының экономикалық және инвестициялық әлеуетін, Иннополис және СМАРТ Сити Казань жобаларын таныстыру барысында облыс әкімі Татарстанның ірі компаниялар өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Евразиялық экономикалық интеграция: жетістіктері мен проблемалары» тақырыбындағы халықаралық форумның пленарлық мәжілісіне қатысып, баяндама жасады.

Казань федералдық университетімен танысу барысында облыс әкімі Қызылорда облысынан Казань қаласының университеттерінде дәріс алып жатқан студенттермен, магистранттармен, аспиранттармен кездесті. Сонан соң делегация Казань Кремлінде болып, Құл Шариф мешіті мен Благовещенский Соборын аралады.

Татарстан Республикасы президентінің резиденциясында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Татарстан Республикасы президенті Р.Миннихановпен кездесуі өтті. Одан кейін кеңейтілген құрамда делегациялардың  кездесуі өткізіліп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жұмыс

2013 жылдың 25 қазанында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев пен басқарма басшыларының қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлескен Алтыншы жұмыс тобының отырысы ұйымдастырылды.

Отырыс барысында инвестиция тарту жұмысын жақсарту, Қызылорда облысының  инвесторларға қызмет көрсету орталығымен бірігіп тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау, Қызылорда облысының  ауылшаруашылық кооперативтерін  көтермелеу, инвесторларға құрылыс материалдарын өндіру  мақсатында берілетін жерге рұқсат алуға оңайлатылған түрде жету, шетелдік инвесторлар мен облыстағы кіші және орта кәсіпорындардың іскерлік байланысын дамыту және енгізу стратегиясын жасау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлескен Төртінші басқарушы комитетінің (Париж) бірлескен видеоконференциясы ұйымдастырылды. Видеоконференцияға Қазақстан Республикасы атынан ҚР Мемлекеттік қызмет істеріг агенттігінің төрағасы Ә.Бәйменовтың төрағалық етуімен облыс атынан облыс орынбасары Ғ.Әміреев қатысты. Видеоконференция нәтижесінде алдағы уақыттағы ЭЫДҰ-дың қысқа мерзімде орындау керек ұсыныстардың бірі ЦОИ-ға облыстың е-картасын жасау боп табылды. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жасалған е-картасын негізге ала отырып жұмыс жасау жоспарлануда. Аталған сайтқа қосымша ретінде Шетелдік тікелей инвесторларға арналған Қызылорда облысы территориясында құрылыс салуға рұқсат алу рәсімдерін және жеке меншік мүліктердің тіркеу реттіліктерін жинақтап сайтқа орналастыру жоспарлануда.

 

Облысқа шақырылған шет ел азаматтарына рәсімделген визалары бойынша

«Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрінің м.а. 2013 жылғы 5 наурыздағы №08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №175 бірлескен бұйрығына сәйкес облысқа шақырылған шет ел азаматтарына визалар рәсімделініп, рұқсаттарын алу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда шет елдерден келетін азаматтардың визаларын рәсімдеуге байланысты 18 азамат шақыртылды. Атап айтқанда,  ҚХР-нан - 5 азамат шақыртумен келсе, Польша Республикасынан-2 инвестор шақыртылды.

Нәтижесінде, «PONAR» гидравликалық-қозғаушы жабдық өндiрушi компанисы және «4UP TRADE» қаржы-инжиниринг компаниясы «Қызылорда локомотив жөндеу депо станциясы базасында көпсалалы біріккен кәсіпорын жұмыс тобын құру» жобасын ұсынып, жылу электр орталығының құрылысына қатысуды жоспарлап отыр.

Ал, Польшалық «FAM» компаниясы өңірімізде мырыш зауытының құрылысын жүргізуге ниет білдірді.

«Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» компаниясы Қызылорда облысында металлургиялық кластерді бірігіп  дамытуға бағытталған мақсатта Қытай Халық Республикасынан инвесторлар шақыртылды.

Сонымен қатар, 2014 жылдың қаңтар айының үшінші онкүндігінде Польша Республикасынан 5 инвестор, Қытай Халық Республикасынан-6 инвестор, Филиппин Республикасынан - 1 инвестордың келуі жоспарланып отыр.

 

Қызылорда облысының Қазақстан Республикасындағы шетелдік елшіліктермен жұмысы

Қызылорда облысының халықаралық байланыстарын нығайту және аймақтың әлеуеті зор салалары мен табиғи, транзитті, экономикалық, өндірістік мүмкіндіктерін, инвестициялық климатының қолайлылығын көрсету мақсатында 2013 жылы Қазақстандағы шетелдік елшіліктер және консулдықтармен тығыз байланыстар орнатылып, олармен тікелей жұмыс жүргізілді.

Атап өтсек, олар: Вьетнам, Венгрия, Украина, Польша, Чехия, Ресей Федерациясының, Белорусия, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасының, Германия Федеративті Республикасының, Біріккен Араб Әмірлігінің, Израиль, Монако Княздігінің Қазақстандағы елшіліктері мен консулдықтары.

Жоғарыда аталған елшіліктер және консулдықтармен ынтымақтастық келісімдер, бизнес-мәслихаттар, облыс әкімімен кездесу және аймақтың жалпы табиғи-өндірістік жағдайымен таныстыру сапарлары, соның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағында болу, ғарыш зымыранының ұшырылуын бақылау іс-шаралары ұйымдастырылды.

ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылдың 14 ақпанындағы сауда-экономикалық миссиясын  ұйымдастыру шараларын жүргізу, жергілікті даму жоспарын құру және экспортты дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2013 жылдың қараша айында Татарстан Республикасына өткізілген жұмыс сапарының ұйымдастырылу барысында Татарстан Республикасының және Ресей Федерациясының елшіліктерімен достық қарым-қатынастар орнатылып, аталған іс-шара елшілікпен бірлесе жасалған жұмыстарға сәйкес нәтижелі өтті.

Қазіргі уақытта басқарма елшіліктермен экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жолында жан-жақты жұмыстар атқарып жатыр, яғни байланыстағы елшіліктердің тізімі жасақталып, әрбір елдің ұлттық мереке күндерінде тиісінше құттықтаулар жіберіліп тұрады.


Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының 2013 жылғы шілде-қараша айлары аралығында атқарған жұмыстары туралы
 
«Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №176 қаулысымен жаңадан құрылды.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Монако Князьдігінде өткізілген бизнес-форумда жаңартылмалы электр көздері саласындағы жобаларға инвестиция тарту және оларды бірлесіп жүзеге асыру туралы Қызылорда облысы әкімдігі мен «Hydroconcept Solar» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.
2013 жылдың 13-14 қарашасында Қызылорда және Байқоңыр қалаларында ІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумы өткізілді.
Қызылорда облысының әкiмдігі. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Форумға қатысуға Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк-бiрлестiктер,банк секторы, мемлекеттiк органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және басқа елдердің өкiлдерi шақырылған.
Форумның өткізілуі туралы анонс республикалық, облыстық баспа және электрондық БАҚтарға орналастырған. Билбордтар және ұрандар қол жетер тиісті орындарында орнатылған.
Форум «Бастау» бизнес-орталығында өткізілді. Форумның ашылуы алдында қатысушылар  «Байқоңыр» ӘКК» АҚ инвестициялық жобаларымен және Қызылорда қаласының даму перспективаларымен танысты.
Форум қатысушылары арасында орталық атқарушы орган өкілдері, ұлттық компаниялар өкілдері, шетел елшіліктерінің өкілдері, шетел компаниялар өкілдері, даму институтарының өкілдері, мемлекеттік  органдар өкілдері және Қызылорда облысының бизнес-әріптестері қатысты. Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Чехия, ФРГ, Оңтүстік Корея мемелекеттерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Форум бағдарламасы пленарлық мәжіліс және 4 секциялық отырыстармен өткізілді.
Секция отырысы барысында 20 меморандумдарға қол қойылды. Оның ішінде 6 металлургиялық кластер және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын қайта құру жүйесі бойынша, білім саласы бойынша 4, «Батыс Европа-Батыс Қытай» жол бойы инфрақұрылымы нысандарын салу бойынша 3, қаржы институттарымен 3, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2, индустриалды-инновациялық даму саласы бойынша 1, туризм даму саласы бойынша 1. 
Ағымдағы жылдың 28-29 қараша күндері Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Татарстан Республикасына жұмыс сапары өтті. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев, бірқатар облыстық басқарма басшылары, кәсіпкерлер болды.
Татарстан Республикасы президентінің резиденциясында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Татарстан Республикасы президенті Р.Миннихановпен кездесуі өтті. Одан кейін кеңейтілген құрамда делегациялардың  кездесуі өткізіліп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 

Мемлекеттік орган қызметінің жоспарлары мен көрсеткіштері

«Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №176 қаулысымен жаңадан құрылды.

Қазіргі таңда мекеменің 2013-2017 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары әзірленуде (облыстық мәслихаттың шешімі 2013 жылғы 21 тамыз күні қабылданған)

Салалық бағдарлама:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 15-01-2018 10:00

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика