Новость:: 

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен орман шаруашылығы қызметкері күні болып қазан айының 3 жексенбісі белгіленген. Сонымен қатар, облыстық мұрағаттың қорларындағы іс-қағазды зерделеу барысында Қызылорда орман шаруашылығы 1934 жылы бұрынғы Оңтүстік – Қазақстан агроорман шаруашылығының құрамынан Қазалы, Қызылорда және Шиелі орман шаруашылығы учаскелері 6 620 358 гектар  орман алқабымен бөлініп шыққан.

        Қазіргі күні облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн га болса, оның 3,07 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер жұмыс жасайды.

2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 11334 га орман отырғызу жұмыстары, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 6300 га орналастыру жүргізілуде.

2019 жылы орман көлемін арттыру мақсатында ағаш көшеттерін өсіретін 22,6 га уақытша тұқымбақ ұйымдастырылуда.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 18-10-2019 16:59
Жаңартылған күні: 18-10-2019 16:34

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
8 + 11 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика