Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2018 жылдың І тоқсаны   бойынша  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Орман шаруашылығы мекемелерімен орманды күзету, қорғау және өсімін молайту бойынша бірнеше жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде 10333 мың га орман отырғызу жұмыстары жоспарланып, оның көктем айында 3497 гектары орындалды. Оның ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2500мың гектары орналастырылды.Орман көлемін арттыру мақсатында ағаш көшеттерін өсіретін 6,3 га уақытша тұқымбақ ұйымдастырылуда. Биылғы 2018 жылы 1 наурызда «2018 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі  іс-шаралар жоспары» бекітілді. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 10 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.Орман өрттерін сөндіру үшін 2018 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,9 тонна,  бензин 9,2 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Ауылдық округтерге 227 дана ескерту хаттары таратылып, теледидар арқылы 3 рет, ақпарат құралдарына 5 рет мақалалар жарияланды. Жыл басынан бері өрт қауіпті деген жерлерге 57 дана аншлагтар мен паннолар  орналастырылды. Орман өртінің алдын алу мақсатында, жыл басынан бері 10 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 25 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 76 рейдтер ұйымдастырып, заңсыз орман ағашын кесудің                            5 жағдайы анықтап, тиісті шаралар қабылданды. Жыл басынан бері салаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы  130 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 121 дана, ағаш кесу билеті - 9 дана.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2018 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  2 каналдың (Арал ауданы Ақирек ауылдық округіндегі «Басықара», Қармақшы ауданы Иіркөл және Төребай би ауылдық округтеріндегі «Балажарма» каналдарына)  тазалау жұмыстарына және Қызылорда қаласының Бірқазан, Талсуат ауылдық округтеріне және Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 232,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылуда.

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 002 "Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылы 49,8 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс аумағындағы 26 көлдің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленетін болады.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 214 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 203 су айдыны (көлдер) мен 37 аңшылық алқаптар тізімге алынған. Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай, 203 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 143-і және 37 аңшылық алқаптардың 30-ы ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Балық аулау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 01.02.2018 жылғы  № 58 бұйрығымен 2018 жылға облысқа 7415 тонна балық аулау лимиті бекітілді.        2018 жылдың І тоқсанында табиғат пайдаланушыларға балық аулау үшін 92 рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 22 млн. теңге қаржы түсірілді.

Балық экспорты

2018 жылдың І тоқсанында облыс аумағында 925 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Ресей Федерациясына – 508,7 тонна, Европа елдеріне – 275,7 тонна(Польша, Голландия), ТМД елдеріне – 100 тонна (Грузия , Украина), Қытайға – 40 тн.

Браконьерлермен күрес шаралары

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 33 фактісі анықталып, оларға 108,27 мың.теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның  96,25 мың. теңгесі өндірілді. Табиғатқа келтірілген залалы үшін 90,0 мың теңге айыппұл салынып, 72,0 мың теңгесі өндірілген.

Мелиорациялық жұмыстар жүргізу

2018 жылға облыстық бюджеттен Арал ауданындағы «Тұщы-1», «Тұщы-2» және «Қаракөл» көлдерінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында мелиорациялық жұмыстар жүргізуге қаржы бөлінді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2018 жылдың  3 айында 86 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру мемлекеттік қызметі көрсетілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы -0, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 86 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 3 айында табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 148 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру мемлекеттік қызметі көрсетілген, яғни II-санат бойынша - 9, III-санат бойынша – 8, IV санат бойынша – 131.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 0, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 148  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылға   атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі  6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқаруда.

Облыс бойынша орман өсімін молайту мақсатында 2017 жылда мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 га ағаш көшеттерін егу жоспарланып, толығымен орындалды. 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл іс-шараға облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшыларынан келісім алынды. Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Ауылдық округтерге 1890 дана ескерту хаттары таратылып, теледидар арқылы 5 рет, ақпарат құралдарына 14 рет мақалалар жарияланды. 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3193  шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 63 дана аншлагтар мен паннолар  орналастырылды. Қызылорда төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман және дала өрттерін сөндіру кезінде қызметтердің өзара іс-қимылын жасауын ұйымдастыру мәселесі бойынша облыстық өрт тактикалық кестесін бекітіп, орман мекемелері төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, осы жылдың сәуір айында 8 өрт-тактикалық жаттығуларын  өткізді. Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 174 рейдтер ұйымдастырып, заңсыз орман ағашын кесудің 8 жағдайы анықтап, тиісті шаралар қабылданды. Жыл басынан бері салаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы  208 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 197 дана, ағаш кесу билеті - 11 дана. Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызмет тіркелмеген.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елбасы биылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге жерді пайдалану тиімділігін арттыру және суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажеттігін тапсырды.

Облыста 238 мың га. суармалы жерлердің 179 мың га. инженерлік жүйеге келтірілген. 60 мың га. пайдаланылмайды.  Бүгінгі күні, облыста 188 мың га. болатын суармалы жерлерді қалпына келтіру жөнінде 122 млрд. теңге болатын нақты 3 (үш) жобаларымыз бар. Атап айтқанда,

15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (7 млрд.теңге);

144 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (102 млрд.теңге);

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы

(13 млрд.теңге).

 ПУИД-2 жобасы (63 млн.теңге)  мен 29 мың гектар (531 млн.теңге)  суармалы жерді айналымға қосу жобасына енген су шаруашылығы нысандарын паспорттауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 594 млн. теңге қаржы бөлінді.

 «ПУИД-2» мен «29 мың гектар суармалы жерді қайта айналымға қосу» жобалары бойынша Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 Ал, ПУИД-3 жобасына енген су нысандарын құжаттандыруға

2018 жылға облыстық бюджеттен 410 млн. теңге бөлінді.

Жалпы аталған 3 (үш) жоба іске асырылған жағдайда, суармалы жерлердегі 11 мың 802 шақырым (пуид-2 - 913  км, пуид-3 - 8,2 мың км,  29 мың га - 2,7 мың км) су жүйелері мен 11 мың 165 шақырым (пуид-2 -1,8 км, пуид-3 - 8,4 мың км,  29 мың га - 1,9 мың км) қашыртқы-дренаж жүйелері және олардың бойындағы 64 мың дана гидротехникалық құрылыстар жөнделетін болады.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 214-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. 2017 жылы 7 каналды тазалау (Қызылорда қаласындағы «Бозбай», «Дүкенбай», Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол») және өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана  насос қондырғыларын алып беру жұмыстарына 333 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 7 каналды тазалау жұмыстары аяқталып, 8 дана насос қондырғысы алынып берілді. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 2017 жылы облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №779 қаулысына сәйкес «Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және реконструкциялау» жобасын бастау жұмыстарына Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 293,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті салынды.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толықтай және жергілікті маңызы бар 203 су айдындарының 142 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 61-і резервтiк қорда тұр. Облыс аумағында 37 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 32 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Бүгінгі күні, 5 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.         2017 жылдың 12 айында 7536 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 140 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2017 жылы облыс аумағынан 3410 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Ресей Федерациясына 2171,6 тонна, Европа елдеріне (Дания, Германия, Польша, Голландия) – 910,2, ТМД елдеріне (Әзірбайжан, Грузия,Өзбекстан) – 268,7 тонна және Қытай Халық Республикасына - 60 тонна.

 Браконьерлермен күрес шаралары

        Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 45 фактісі анықталып, оларға 192,6 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, толықтай өндірілді.  Табиғатқа келтірген залалы үшін  174,5 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Биотехникалық іс-шаралар

        2017 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 2,9 млн. теңге қаржы бөлінді Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылды.

         Мелиорациялық жұмыстар

         2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп,  Қазалы ауданында "Мариям-Ақкөл", Қармақшы ауданында "Қаракөл", "Таскөл", "Қоңыраулы-көлдей" көлдерін сумен қамтамасыз етілуі мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

Арал өңірі балықшыларының слеті

         2017 жылы да Қамбаш көлінің жағасында Арал өңірі балықшыларының халықаралық үшінші слеті өтті.

         Бұл шараны 2018 жылы да кең көлемде ұйымдастыру жоспарлануда.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың  12 айында 319 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 8, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 311 келіп түскен. Сонымен қатар, 2017 жылдың 12 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 531 рұқсат берілген, яғни II-санат бойынша - 28, III-санат бойынша – 53, IV санат бойынша – 450. Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 10, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 521  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қалдықтарды басқару жүйесін дамытудың 3 (үш) нысаналы көрсеткіштері.

Атап айтсақ:

Бірінші - тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі.

2017 жылы 145,0 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталып, оның 6,45 мың тоннасы қайта өңделген. Пайыздық үлесі - 4,45 %.

 (Анықтама: өңірде «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-гі қалдықтарды қайталама ресурс ретінде өңдеу жұмыстарын жүзеге асырып, нәтижесінде шатыр жамылғысы (черепица) мен жаяу жүргіншілер жолына арналған тақтайшалар (тратуарная плитка) әзірлеуде.

Ал, «Smart Rubber» (Смарт Ровер) ЖШС-нің «Ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін әзірлеу» өндірісін жүзеге асыруда.

Аталған өңеркәсіп 2016 жылы Қытайға 120,0 мың және Германияға

60,0 мың метр су түтіктерін экспорттаса, 2017 жылдың 9 айында Германияға жер асты суару түтіктерінің 120,0 мың метр өнімін экспорттаған).

Екінші - облыс халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту. Облыс тұрғындарының 55,24 пайызы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.

 (Анықтама ретінде: қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту көрсеткішінің республика бойынша орташа деңгейі – 66,4 пайызды құрайды. Қызылорда облысы

5 орынға орналасқан. Яғни, Астана қаласы, Алматы қаласы, Павладар мен Маңғыстау облыстарынан кейін).

Үстіміздегі жылы Энергетика министрлігінің қолдауымен адам өміріне қауіпті болып табылатын құрамында сынап бар жарамсыз электр шамдарын қалдықтарды бөліп жинау мақсатында 850 дана арнайы контейнерлер орнатылып, өз жұмыстарын сәтті жүргізді.

Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан жер асты контейнерлерінің жүйесі енгізіліп, 45 дана жер асты контейнерлері орнатылды. Бұл контейнерлер қағаз және үлкен көлемді (крупногабаритный) қалдықтарды бөліп жинау қызметін атқаруда.

Үшінші - Экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің (полигондар) үлесі.

Облыс аумағында орналасқан полигондарды санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында, жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешетін боламыз.

Атап айтсақ, соңғы 3 (үш) жылда облыстық бюджеттен

67 млн.теңге бөлініп, облысқа қарасты аудан орталықтарына полигон құрылыстары жүргізілді. (Қармақшы ауданы Жосалы кенті, Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті). Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыс әкімінің өкімдеріне сәйкес, көктемгі және күзгі маусымдарда облыс аумағын санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру мақсатында, санитарлық тазалық айлығы жүргізілді.Ұйымдастырылған сенбіліктерге әр апта сайын облыс бойынша барлығы 30 мыңнан астам адам күші (барлығы 300 мың 200 адам) мен

388 арнайы техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде арнайы полигондарға 52,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 32 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жүйелері тазаланды. Сонымен қатар, жалпы халықты ынталандыру мақсатында «Таза көше», «Таза мөлтек аудан» және «Таза қала» конкурстар ұйымдастырылды.Нәтижелері «Алтын Күз» сабан тойында жарияланды.

«Үлгілі ауыл» жобасы туралы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында, облыс әкімінің бастамасымен ағымдағы жылдан бастап, Қызылорда облысының елді мекендері арасында «Үлгілі ауыл» байқауын өткізу туралы шешім қабылданып, байқаудың ережесі облыс әкімінің 2017 жылғы 20 қарашадағы

№ 690-ө өкімімен бекітілді.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылдың ІII  тоқсанына  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі               6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Облыс бойынша орман өсімін молайту мақсатында 2017 жылда мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 га ағаш көшеттерін егу жоспарланып, есепті кезеңде 3709 гектарға сексеуіл, жеміс, саялы  ағаш көшеттері егілді. Ал қалған 7000 гектары  агротехникалық талаптарға сәйкес күз айында егілетін болады.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3193  шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 16 дана аншлагтар мен паннолар  орналастырылды.

Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 120 рейдтер ұйымдастырып, заңсыз орман ағашын кесудің 6 жағдайы анықтап, тиісті шаралар қабылданды.

Жыл басынан бері салаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы  204 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 195 дана, ағаш кесу билеті - 9 дана.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 209-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

2017 жылы 7 каналды (Қызылорда қаласындағы «Бозбай», «Дүкенбай», Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол» каналдарын) тазалау,  өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге      8 дана  насос қондырғыларын алып беру жұмыстарына 408 млн.теңге бөлініп, соның ішінде бүгінгі күнге Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс» каналын тазалау жұмыстары аяқталды.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылуда.

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 002 "Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы   49,6 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленуде.

Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен сурамалы жерлерді қалпына келтіру бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1) «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2) «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ПУИД-3) 144,3 мың гектар;

3) 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

Суармалы жерлерді қалпына келтіру жобалары

Жоба атауы

Қаржы көзі

Көлемі

мың га

Құжаттандыру

млн. теңге

Тартылған инвестиция

млрд. теңге

ПУИД-2

Дүниежүзілік банк

15,1

63

7

29 мың га

Азия Даму банкі

29

531

13,4

ПУИД-3

Дүниежүзілік банк

144,3

810

102

Барлығы

 

188,4

1,4

млрд. теңге

122 млрд. теңге

 

Оның ішінде:

ПУИД-2 жобасы бойынша

ПУИД-2 жобасына енгізіліп, кезінде құжаттандырылмай қалған су шаруашылығы нысандарын құжаттандыруға Жалағаш ауданының бюджетіне 63 млн. теңге трансферт бөлінді.

ПУИД-2 жобасына енгізілген 15,1 мың гектар суармалы жерлерлердегі су нысандарының құжаттары толық әзірленіп, республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы туралы

Республика бойынша қалпына келтірілетін 610 мың гектар суармалы жерлердің құрамында Қызылорда облысы бойынша 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарланған. 

Қайта айналымға қосуға жоспарланған 29 мың гектар аумақтағы суармалы жерлерде 2,7 мың шақырым су жүйелері мен 1,9 мың шақырым қашыртқы жүйелері және олардың бойында 3,3 мың дана су құрылыстары орналасқан.

2017 жылы облыстық бюджеттен суармалы жерлердегі су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 531,4 млн.теңге (1-кезекке – 323 млн.теңге, 2-кезекке 208,4 млн.теңге) бөлінген.

Бүгінгі таңда, Жалағаш және Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталып, су нысандарын республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда, облыстағы пайдаланылмай жатқан 60 мың гектар суармалы жерлердің 50 пайызы қайта айналымға қосылатын болады.

ПУИД-3 жобасы бойынша

Алдын-ала жүргізілген түгендеулерге сәйкес, ПУИД-3  жобасына енгізілген суармалы жерлерде 8171 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер мен 8379 шақырым болатын қашыртқы-дренаж жүйелері және олардың бойында 46 мың дана су құрылыстары бар. Құжаттандыруға қажетті қаржы көлемі 810 млн. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аудан әкімдіктері жобаға енгізілген иесіз су объектілерін коммуналдық меншікке алу жұмыстарын ұйымдастыруда.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Балық аулау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 10.03.2017 жылғы  № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

            2017 жылдың 9 айында 3512 тонна балық ауланып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін республикалық бюджетке 80 млн. теңге қаржы түсірілді.

 

Балық экспорты

2017 жылдың 9 айында облыс аумағынан 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Ресей Федерациясына -         1 577 тонна және Европа елдеріне - 758 тонна (Дания, Германия, Польша, Әзірбайжан, Голландия, Грузия, Өзбекстан).

 

Балық шабақтарын құтқару шаралары

2017 жылдың тамыз-қыркүйек  айларында  облыс бойынша күріштік алқаптар мен бөлектенген су айдындарында қалған балық шабақтарын құтқару шаралары жүргізілді.

Аталған шараға аудан әкімдіктері, мемлекеттік ұйымдар және табиғат пайдаланушылар қатысып, 3,6 млн. дана балық шабақтары су айдындарына жіберілді.

Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында Арал теңізіндегі Көкарал бөгетінің алдында жиналған балық шабақтарын құтқару шаралары жүргізілді.

Аталған шараға, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ғылыми ұйымдар мен табиғат пайдаланушылар қатысты.

Нәтижесінде – 6,9 млн. дана балық шабақтары құтқарылып, Кіші Арал теңізі мен жақын маңдағы су айдындарына жіберілді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың 9 айында 201 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлік арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қортындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 8, қағаз жүзінде – 0, электронды портал арқылы – 193 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 9 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 258 рұқсат берілген, яғни II–санат бойынша  - 23, III-санат бойынша – 40, IV-санат бойынша – 195.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 9, қағаз жүзінде – 0, электронды портал арқылы – 249 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс әкімінің 2017 жылғы 31 тамыздағы №634-ө өкімімен үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегі мен 11 қарашасы аралығында күзгі маусымдағы көркейту, көгалдандыру және тазалық айлықтары жарияланды.

Осыған сәйкес, облысымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде апта сайын жаппай сенбіліктер ұйымдастырылуда.

(Бірінші сенбілік - 2017 жылғы 9 қыркүйекте, екінші сенбілік - 2017 жылғы      16 қыркүйекте, үшінші сенбілік-2017 жылғы 23 қыркүйекте).

2017 жылғы 9 қыркүйек, 16 қыркүйекте және 23 қыркүйекте   ұйымдастырылған сенбіліктерге жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер қатысып, апта сайын барлығы 30 мыңнан астам адам күші мен 334 техника жұмылдырылды.

Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, ұйымдастырылған сенбіліктер нәтижесінде полигондарға 1,68 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылса, 270 шақырымға жуық арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды.

 

«ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» «WhatsApp» мессенджері.

         Қазіргі заманауи технологияны пайдалана отырып елді мекендердегі санитариялық тазалық жағдайын бақылау мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде «Эко - Патруль Қызылорда» жобасының жобасы қайта жандандырылып, басқарманың қатаң бақылауына алынды.

Жобаның мақсаты - заманауи технологияны пайдалана отырып, аймағымыздың санитариялық тазалық жағдайын бақылау жасау және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «Whatsapp» мессенджерге келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдардың назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару:

2017 жылы қаңтар-қыркүйек  айларында облыс бойынша

114 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталса, оның

3700 мың тоннасы қайталама ресурс ретінде өңделген. Пайыздық үлесі – 3,24 %.

Облыс тұрғындарының 55,24 % тұрмыстық қатты қалдықтарын тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Облыс бойынша қалдықтарды уақытша сақтайтын 4300-ден астам контейнерлер бар.

Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-гі “Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру” жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жоба 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген.

Қазіргі таңда мөлтек аудандарда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында арнайы контейнерлерден тұрғындардың істен шыққан, құрамында сынабы бар электрүнемдеуші 26466 дана шамдар жиналып залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының аясында Қызылорда қаласы аумағында тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинау үшін арнайы 24 дана контейнер орнатылды.

Қазақстан Республикасының Өңдірушілердің Кеңейтілген міндеттемелерінің Операторымен бірлесіп, үстіміздегі жылы облысқа

850 дана тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер алу жоспарлануда.

 

Бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы туралы

2017 жылы 30-31 мамырда Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы өтті.

Форумның мақсаты - Арал өңірінің қазіргі экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының және Орта Азия елдерінің басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форум барысында, бірқатар өзара ынтымақтастық туралы мынадай келісімдерге қол қойылды.

1) «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;

2) «Арал өңірі «Алтынсу» жабайы жануарларды жерсіндіру орталығын құру» жобасы;

3) «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық құру» құру;

Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі  ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылдың ІI тоқсанына  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылға орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 га ағаш көшеттерін егу жоспараланып, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында оның 3709 гектарына сексеуіл, жеміс ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде  2500 гектары Арал теңізі ұлтанына егілген, ал қалған көлем агротехникалық талаптарға байланысты күз айында егілетін болады.

Облыс бойынша 2017 жылы орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 187 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 178 дана, ағаш кесу билеті - 9 дана. Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 72 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 5 жағдайы анықталып, 56,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді. Табиғатқа келтірген залал 173,3 мың теңгені   құрап,  оның 36,1 мың теңгесі өндірілген. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы                      30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен                   54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Ауылдық округтерге 1780 дана ескерту хаттары таратылып, теледидар арқылы 3 рет, газет, журналдарға  6 рет мақалалар жарияланды.

Орман өртінің алдын алу, болдырмау мақсатында  жаңадан 185 км  минералдық жолақтар  және 1710км ескі  минералдық жолақтар қалпына келтірілді.

Мемлекеттік орман қоры жерлерін орман зиянкестерінен, аурулардан қорғау мақсатында  бірінші жартыжылдықта 297 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары атқарылып және 3078 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу және апатты су қоймаларды жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі пысықталуда.

Қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Шиелі ауданының Күміскеткен учаскесінде сыйымдылығы 600 млн. текше метр болатын жаңа су қоймасының құрылысын салу үшін техника экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2017 жылы 31,4 млн. теңге  қаржы бөлініп, мердігер мекеме "Сартөбе" ЖШС - мен ТЭН әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Cондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 238,6 мың гектар суармалы жердің 188,4 мың гектарын қалпына келтіру жоспарлануда.

1. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ИДЖЖ /ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2. Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

3. «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ИДЖЖ/ПУИД-3) 144,3 мың гектар.

Үстіміздегі жылы ПУИД-2 және су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теңге және Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға облыстық бюджеттен 384 млн. теңге қаржы бөлінді. 

Жобаға енген су нысандарын құжаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін  оларды белгіленген тәртіпте республикалық меншікке өткізу жұмыстары атқарылатын болады.

Қазіргі таңда, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

2017 жылы 4 каналды (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналындары) тазалау,  өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана  насос қондырғыларын алып беру, Арал ауданындағы  «Баян» және «Көкіш» каналдарын жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарына 398 млн. теңге бөлініп, соның ішінде бүгінгі күнге Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс» каналын тазалау жұмыстары аяқталды.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылуда.

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 002 "Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға бөлінген 49,6 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленуде.

Сонымен қатар,  «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған кешенді іс шаралар жоспары» жобасына Жол картаға Қызылорда облысы бойынша жалпы құны 19,3 млрд.теңге болатын 155 жоба ұсынылып,  Қазақстан Республикасының  энергетика,  инвестициялар және даму,  ішкі істер, ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірескен бұйрықтарымен  Жол карта 2017 жылғы 23 маусымда  бекітілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны мен 36 аңшылық алқаптар тізімге алынған.

Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай, 196 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 144-і және 36-ы аңшылық алқаптардың 32-і ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

         Балық аулау

         ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 10.03.2017 жылғы  № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

         2017 жылдың І жартыжылдығында 2200 тонна балық ауланып, балық аулауға берілген рұқсаттары үшін республикалық бюджетке 62 млн. теңге қаржы түсірілді.

Балық экспорты

2017 жылдың І жартыжылдығында облыс аумағында 1784 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Европа елдеріне - 680,67 тонна (Дания-127,64 тн, Германия -29,01тн, Польша-242,4 тн, Әзірбайжан-59,8 тн, Голландия–101,82 тн, Грузия-120 тн) және Ресей Федерациясына - 1 103,3 тонна.

         Браконьерлермен күрес

         Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 11 фактісі анықталып, оларға 61,1 мың. теңге әкімшілік айыпұлдар мен табиғатқа келтірген залалы үшін  20,3 мың. теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.  

        Арал өңірі балықшыларының слеті

        2017 жылы 30 маусым - 1 шілде күндері  Арал ауданында Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі  Арал өңірі балықшыларының  халықаралық үшінші слеті өтті

Слетке, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының өкілдері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері, Дания мемлекеті мен республиканың басқа облыстарынан (Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан)  делегациялар, сонымен бірге, балық шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері қатысты.

Слетте балықшылардың тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып,түрлі номинациялар бойынша еңбек озаттары марапатталды, шара соңы белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен гала-концертке ұласты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі

2017 жылғы маусым - қыркүйек айларында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде.

Қызылорда облысы аталған көрмеге республикада бірінші болып балық өнімдерін жеткізді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың  6 айында 149 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 8, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 141 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 6 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 181 рұқсат берілген, яғни II-санат бойынша - 22, III-санат бойынша – 31, IV санат бойынша – 128.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 1, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 180  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс әкімінің өкімімен жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша үстіміздегі жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында көктемгі көркейту, көгалдандыру және тазалық айлығы жарияланды.

Сондай-ақ, көркейту - көгалдандыру жұмыстары барысының қажеттілігіне сәйкес маусымдық кезең қосымша тағы екі айға ұзартылды.

Маусымдық кезеңде ұйымдастырылған сенбіліктерге жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер қатысып, апта сайын барлығы 40 мыңнан астам адам күші мен                       400-ге жуық техника жұмылдырылды.

Қала және аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, сенбіліктер нәтижесінде полигондарға 72,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылса,

270 шақырымға жуық арықтар мен аяқ су жолдары тазаланып, 128 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару:

2017 жылы қаңтар-мамыр айларында облыс бойынша

61,7 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталса, оның

1,64 мың тоннасы қайталама ресурс ретінде өңделген. Пайыздық үлесі – 1,2 %.

Облыс тұрғындарының 55,24 % тұрмыстық қатты қалдықтарын тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Облыс бойынша қалдықтарды уақытша сақтайтын 4300-ден астам контейнерлер бар.

Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-гі “Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру” жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жоба 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген.

Қазіргі таңда мөлтек аудандарда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында арнайы контейнерлерден тұрғындардың істен шыққан, құрамында сынабы бар электрүнемдеуші 26466 дана шамдар жиналып залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының аясында Қызылорда қаласы аумағында тұрғындардан құрамында сынабы бар электрүнемдегіш шамдарды жинау үшін арнайы 24 дана контейнер орнатылды.

Қазақстан Республикасының Өңдірушілердің Кеңейтілген міндеттемелерінің Операторымен бірлесіп, үстіміздегі жылы облысқа

850 дана тұрғындардан құрамында сынабы бар электр үнемдегіш шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер алу жоспарлануда.

Бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы туралы

2017 жылы 30-31 мамырда Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы өтті.

Форумның мақсаты - Арал өңірінің қазіргі экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының және Орта Азия елдерінің басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық ұйым өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар, сарапшылар және т.б. қатысты.

Форум барысында, бірқатар өзара ынтымақтастық туралы мынадай келісімдерге қол қойылды.

1) «Арал теңізінің шығыс жағалауынан «Жасыл белдеу» құру жобасы;

2) «Арал өңірі «Алтынсу» жабайы жануарларды жерсіндіру орталығын құру» жобасы;

3) «Қамыстыбас» көлінің жағалауында «Арал» ғылыми – туристік орталық құру» құру;

Қызылорда облысының Атласын дайындау және ГИС технологиясының негізінде Арал өңірінің интерактивті электронды картасын» әзірлеу және өзге де жобалар бойынша.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар форумның қарарын қабылдап, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылған күні 26 наурыз - «Арал теңізінің күні» болып жариялау жөніндегі  ХАҚҚ-ның Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының бастамасын қолдады.

 

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2017 жылдың І тоқсанына  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылы орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 261 адамға берілді. Орман билеті - 126 дана, ағаш кесу билеті - 135 дана. Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 47 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 4 жағдайы анықталып, 22,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және олардың табиғатқа келтіргені 150,7 мың теңге залалды құрап, 13,5 мың теңге бюджетке түсірілді. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Өртке қауіпті деген жерлерге 32 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1220 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 3 рет мақалалар жарияланды.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылы 4 су шаруашылығы нысандарын жөндеуге (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет» және «Дәулет-арық» каналдарын, Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс» каналын, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналын) Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын ұстап тұру, Жаңақорған ауданындағы Қыраш және Көлтоған су қоймаларындағы гидрометрикалық бекеттерді күтіп ұстап тұруға, Арал ауданы Қаратерең ауылдық округіндегі «Баян» каналымен Бөген ауылдық округіндегі «Көкіш» каналының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, 8 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру (Қазалы ауданы Бірлік, Көларық, Тасарық, Бозкөл, Майдакөл, Өркендеу, Ақжона, Алға ауылдық округтеріне,) сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында жалпы аумағы 16760 гектарды құрайтын 22 көлдің Қараөзек арнасы Арал теңізі су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобаларын әзірлеуге, яғни барлығы  475,3 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің күміскеткен учаскесінде суларды жинау үшін су қоймасын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,4 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны мен                       36 аңшылық алқаптар тізімге алынған.

Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізі толықтай,  196 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 144 және 36-ы аңшылық алқаптардың 34-і ұзақ мерзімге бектіліп берілген.

            Балық аулау

            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 111 бұйрығымен 2017 жылға облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

            2017 жылдың 3 айында 1078 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 27 млн. теңге қаржы түсірілді.

Балық экспорты

2017 жылдың 3 айында барлығы 523,5 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Европа елдеріне 181,04 тонна (Дания-31,74 тн, Польша-129,3 тн, Әзірбайжан-20,0 тн) және Ресей Федерациясына 342,5 тонна.

            Браконьерлермен күрес

            Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 11 фактісі анықталып, оларға 61,1 мың. теңге әкімшілік айыппұлдар салынды және оның 49,8 мың. теңгесі өндірілді.

          Табиғатқа келтірген залалы үшін  20,3 мың. теңге айыппұл салынып 9,0 мың. теңгесі өндірілді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2017 жылдың  3 айында 76 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 7, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 69 келіп түскен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін табиғат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерге 104 рұқсат берілген, яғни II-санат бойынша - 11, III-санат бойынша – 15, IV санат бойынша – 78

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 1, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 103  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар беру қызметі көрсетілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Қызылорда қаласының тұрмыстық

қалдықтарды кәдеге жарату жобасы бойынша.

 

2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын (бұдан әрі - жоба) қаржыландыру бойынша алдын - ала келісім жасалды.

Осыған сәйкес, 2016 жылғы қазан айында Еуропалық даму және қайта құру банкісімен жобының несиелік келісім шарты жасалды. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2017 - 2020 жылдар аралығы.

 Жоба бойынша жүргізілген техникалық экономикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жоба аясында: қалдықтарды механикалық - биологиялық өңдеу бойынша кешендерінің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою және тиісті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша облыс көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу тереңдігі бірнеше есеге өседі деп жоспарлануда.

2017 жылдың I тоқсанында  «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату» жобасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Арал өңірін тұрақты дамыту

бойынша «Арал-2017» форумы туралы.

2017 жылғы 25-26 мамыр аралығында облыс әкімдігі Қазақстан Республикасындағы Халықаралық аралды құтқару қорының атқару дирекциясы және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Арал  өңірін тұрақты дамыту бойынша форумды өткізудің жұмыстарын ұйымдастырып, «Арал-2017» Арал өңірінің тұрақты даму форумын ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімінің 2017 жылғы 13 наурыздағы №511-ө жұмысшы тобын құру туралы өкімі шықты. Арал өңірінің тұрақты даму форумын ұйымдастыру мақсатындағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тұрақты даму форумын ұйымдастырылуына қажетті қаржы көлемі нақтылау жұмыстары жүргізілуді.

Облыс көлеміндегі санитариялық тазалық,

 көркейту және көгалдандыру жұмыстары туралы

 

Облыс әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы №497 ө-өкіміне сәйкес биылғы жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығы облыс аумағын санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру мақсатында, көктемгі тазалық айлығы болып белгіленді.

Көктемгі  маусымда ұйымдастырылып жатқан  сенбілікке әр   апта сайын облыс бойынша барлығы 30 мыңнан астам адам күші (барлығы 300 мың 200 адам) мен 280 - 180 арнайы техникалар жұмылдырылуда.

Нәтижесінде арнайы полигондарға 52,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 32 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптарын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдану профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыс көлемінде жалпы халықтың санитарлық тазалық мәдениетін дамыту мақсатында атқарылып жатқан шаралар бойынша ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жергілікті басылым беттерінде «Қала тазалығы», «Үлгілі үй», «Таза қала», «Ақпараттар ағыны» т.б. арнайы айдарлары ашылып, тұрақты турде жариялануда.

Атап айтқанда, облыстық «Ақмешіт» газетінде,«Сурет айғақ», «Қала тазалығы-бәрімізге  сын», «Тазалыққа талап күшейтілсін», «Тазалық сақтау-адамдық борыш  т.б.

Санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру тақырыптары бойынша облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарының  бағдарламаларынан және жаңалықтар топтамасынан көрсетілді.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 18 наурыздан бастап Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» жобасы іске қосылды.

Жоба мақсаты - заманауи технологияны пайдалана отырып, аймағымыздың санитариялық тазалық жағдайын бақылау жасау және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «Whatsapp» мессенджерге келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдардың назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылуда.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016 жылға атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

Облыс бойынша 2016 жылы орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры жерлеріне барлығы 10 707 гектар жерге сексеуіл, саялы, ағаштарын егу жұмыстары  атқарылса, оның ішінде 5000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына орналастырылды. Сонымен қатар, орман қоры жеріне егу және көгалдандыру кезінде ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету үшін  17,8 гектар жерге саялы ағаштардың уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орман мекемелерінің, уақытша орман тұқымбақтарында қарағаш, үйеңкі, шаған, сыр талы, терек, сексеуіл ағаштарының көшеттері өсірілді.  Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында, орман қорының 594 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орман ауруларымен зақымдалған 1700 гектар жерге химиялық залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.  Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 222 адамға берілді. Орман билеті - 209 дана, ағаш кесу билеті-13 дана. Сонымен қатар, ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылып, көрсетілген мемлекеттік қызмет тіркелмеген.  Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 181 рейдтер ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 20 жағдайы анықталып, 82,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және олардың табиғатқа келтіргені 2110,7 мың теңге залалды құрап, 36,8 мың теңге бюджетке түсірілді.  Облыс әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №244-ө өкімімен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылып, 2016 жылдың 8 сәуірінде облыстық жұмыс тобының отырысы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді. Бүгінгі күні, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна,  бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Орман өртін болдырмау мақсатында облыстағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1786 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 19 рет мақалалар жарияланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылы мемлекеттік орман қоры жерінде орман өрті тіркелген жоқ.

 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 208-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды.

Осыған байланысты, 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына және Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 297,3 млн. теңге бөлініп, белгіленген жұмыстар толық орындалды.

Нәтижесінде 420 га жерге егін егу, 460 га шабындықтарды суландыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қызылорда қаласы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық-құжаттамасына өзгерістер енгізіліп қайта дайындауға облыстық бюджеттен 6,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық құжаттама әзірленді.

Үстіміздегі жылдың 26 қазанында облыстық бюджетті нақтылау барысында жалпы құны 18,7 млн. теңгені құрайтын Қараөзек арнасының Қожатай учаскесінде габионнан жасалатын  су тоспасын салу жобасын бастауға Қармақшы ауданының бюджетіне 5 млн. теңге трансферт бөлінді. Жобаны қоса қаржыландыруға аудан бюджетінен 500 мың теңге бөлінді. Қалған 11,9 млн. теңге 2017 жылы бөлінді.

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен Күміскеткен су қоймасын салу жобасының техника экономикалық негіздемесін әзірлеу  жұмыстарын бастауға 1 млн. теңге қаржы қаралды. ТЭН әзірлеуді жалғастыруға қажетті 31,4 млн.теңге 2017 жылға арналған облыстық бюджетте қаралды.

2016 жылғы 7 шілдеде Қамыстыбас көлінің жағасында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен сурамалы жерлерді қалпына келтіру бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1) «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2) «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ПУИД-3) 144,3 мың гектар;

3) Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

Жалпы, ПУИД-2 жобасына енгізілген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теңгеге және Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға 840 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, 2016 жылға 2 млн. теңге,  2017 жылға 384,4 млн. теңге қаржы бөлінді

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толықтай және жергілікті маңызы бар 196 су айдындарының 146 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 50 резервтiк қорда тұр.

Облыс аумағында 36 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 31 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Бүгінгі күні, 5 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

         2016 жылдың 12 айында 7786,0 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 101,803 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың 12 айында барлығы 3604 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1412,8 тонна (Дания-453 тн, Польша-259 тн, Грузия-280 тн, Әзірбайжан-420 тн) және Ресей Федерациясына 2191,2 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 12,947 мың теңге бөлініп, 114 қасқыр мен 1030 шибөрі ату жоспарланып, жоспар толық орындалды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

 2016 жылдың 12 айында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 407 рұқсаттар берілді.

         Браконьерлермен күрес шаралары

         Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 92 фактісі анықталып, оларға 392,245 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, толықтай өндірілді.

         Табиғатқа келтірген залалы үшін  78,4 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Арал өңірі балықшыларының слеті

2016 жылғы 8-9 шілде күндері  Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі түрде  Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өтті.

Слеттің мақсаты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында балықшылардың өткені мен бүгінгісін саралап, алдағы міндеттерді белгілеу және осы саладағы ардагерлер мен балықшылардың еңбек жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалды.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың 12 айында  1170 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алуға құжаттармалар тапсырылған оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 146, қағаз жүзінде - 2, электронды портал және  МЕМСАРАПТАМА арқылы – 1022.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 12 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар алуға табиғат пайдаланушылардан 435 өтінімдер келіп түскен, II-санат бойынша - 55, III-санат бойынша – 89, IV санат бойынша – 291.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 14, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 421  табиғат пайдаланушылардан қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  өтінімдер келіп түсті.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

2016 жылы облыс бойынша 145,0 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.      

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады. Аталған мекемемен 2016 жылы

5,0  мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (3,45 %) ТҚҚ өңделген.                

Сондай-ақ, 2016 жылдың 2-ші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, «Қызылорда облысындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша Жол картасы» әзірленіп,

ҚР Энергетика Министрлігімен келісіліп, бекітілді.

Қазіргі таңда, Жол картаның тиісті тармақтарының орындалуын үлестіру жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылғы облыс әкімінің өкімдерімен санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының көктемгі және күзгі маусымдық кезеңдер жарияланды. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан нақты іс-шара жоспарлары қабылданып, аймағымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде сенбіліктер ұйымдастырылды.

Көктемгі және күзге маусымдарда ұйымдастырылған сенбіліктер нәтижесінде апта сайын облыс бойынша барлығы 75 мыңнан астам адам күші (барлығы

422 мың 300 адам)
мен 380 - 400 арнайы техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде арнайы полигондарға 72,8 мың текше метрден астам қоқыстар мен қалдықтар шығарылып, 42 шақырымнан астам арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптарын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдану профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға 8507 әкімшілік шаралар қолданылып, 12 млн. 633 мың теңгеге жуық айыппұлдар салынды.

Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды

кәдеге жарату жобасы бойынша

2014 - 2016 жылдар аралығында облыс бойынша 425 мың тоннадан аса тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталып, оның

3,6 пайызы ғана қайталама ресурс ретінде өңделген.

Осы жағдайды тиісті деңгейге жеткізу үшін бүгінгі таңда облысымызда Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жоба аясында, қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу бойынша кешенінің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою жұмыстары және тасымалдау қызметін жетілдіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Нәтижесінде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайталама ресурс ретінде өңдеу көрсеткіші 40 пайызға өседі деп күтілуде.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016  жылдың ІІI тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша    2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына және Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 365,1 млн. теңге бөлінді.   Бұл жұмыстар бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазанына бөлінген қаржының 182,1     млн. теңгесі игеріліп, 2 каналдың тазалау жұмыстары толық аяқталды, 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары алынып берілді.    Сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қызылорда қаласы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық-құжаттамасына өзгерістер енгізіліп қайта дайындауға облыстық бюджеттен 6331,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.      

2.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 146 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 38 резервтiк қорда тұр.

Облыс аумағында 33 аңшылық алқаптар орналасқан, оның ішінде 30 аңшылық алқап конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Бүгінгі күні, 3 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

            2016 жылдың 9 айында 4116 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 53,43 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың 9 айында барлығы 2790,3 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1156 тонна (Дания-325,7тн, Польша-210,6тн, Грузия-280тн, Әзірбайжан-340тн) және Ресей Федерациясына 1634,3 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 114 қасқыр мен 1030 шибөрі ату жоспарлануда.

2016 жылдың 9 айында 54 қасқыр мен 739 шибөрі  атылды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

 2016 жылдың 9 айында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 300 рұқсаттар берілді.

            Браконьерлермен күрес шаралары

            Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 67 фактісі анықталып, оларға 286,22 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 275,62 мың теңгесі өндірілді.

          Табиғатқа келтірген залалы үшін  57,2 мың теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Арал өңірі балықшыларының слеті

2016 жылғы 8-9 шілде күндері  Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі түрде  Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өтті.

Слеттің мақсаты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында балықшылардың өткені мен бүгінгісін саралап, алдағы міндеттерді белгілеу және осы саладағы ардагерлер мен балықшылардың еңбек жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалды

3. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың 9 айында 410 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Сонымен қатар, 212 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 19, III-санат бойынша – 55, IV санат бойынша – 138  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 10, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 202 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2016  жылдың ІІ тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 545 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.Атап айтқанда, 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

  Облыс әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы №244-ө өкімімен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылып, 2016 жылдың 8 сәуірінде облыстық жұмыс тобының отырысы өткізіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

   Облыс бойынша орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру машинасы мен 50 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Сонымен қатар               19 трактор тіркемесімен, 1 дана өрт-химиялық  станциясы, 9 дана радиостанция,  26 дана арқаға салып жүретін өрт сөндіргіштер, 415 ұрғыш, 99 дана балта,                 183 дана күректер дайындалды. Өртке қауіпті учаскелерге 16 қадағалау мұнаралары орнатылған.

Орман  өртін болдырмау мақсатында осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары, 3153 шақырымға ескі жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 20 дана аншлаг, панно орналастырылып, ауылдық округтерге 1721 дана ескерту хаттары таратылып, ақпарат құралдарына 15 рет мақалалар жарияланды.

Орманды жанама пайдалануға  189 дана орман билеті босатылып,  орман қоры жерлері мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2016 жылдың есепті кезеңінде 4307 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 3000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген. 

2016 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 7 фактісі анықталып, 61,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толық өндірілді және  олардың табиғатқа келтіргені 1987,3 мың теңге залалды құрап, 14,8 мың теңге бюджетке түсірілді. 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 197 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 184 су айдыны (45 500 га).

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 184 су айдындарының 145 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 39 резервтiк қорда тұр.

 Табиғат  пайдаланушыларға бекітіліп берілген  жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің мерзімі аяқталуына байланысты, 33 су айдыны мен Кіші Арал теңізінің 4 учаскесін табиғат пайдаланушыларға қайта бекітіп беру жұмыстары жүргізілді.

Облыс аумағындағы резервте тұрған 5 аңшылық алқаптар конкурсқа шығарылып, 2 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді.

Бүгінгі күні, 3 аңшылық алқап резервтік қорда тұр.

Балық аулау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы      22 ақпандағы № 73 бұйрығымен 2016 жылға облысқа 7883 тонна балық аулау лимиті бекітілді.

         2016 жылдың ІІ тоқсанында 2743 тонна балық аулауға рұқсаттар беріліп, республикалық бюджетке 36,92 млн. теңге қаржы түсті.

Балық экспорты

2016 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 2319 тонна балық өнімдері экспортталса, оның ішінде Европа елдеріне 1055 тонна және Ресей Федерациясына 1264 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды (Дания, Польша, Грузия, Әзірбайжан).

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2016 жылға аталған шараға облыстық бюджеттен 15 073 700 теңге бөлініп, 115 қасқыр мен 1078 шибөрі ату жоспарлануда.

2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 8 қасқыр  және 170 шибөрі  атылып, аңшыларға 1 533 800 теңге сыйақы төленді. Жыртқыш аңдардың санын реттеу шарасы екінші жартыжылдықта жалғастырылатын болады.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру

2016 жылдың ІІ тоқсанында табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін 177 рұқсаттар берілді.

  Браконьерлермен күрес шаралары

  Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 38 фактісі анықталып, оларға 201,4 мың теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, оның ішінде 74,2 мың теңгесі өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін  40,1 мың теңге айыппұл салынып, 18,9 мың теңгесі өндірілді.

Биотехникалық іс-шаралар

        2016 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1 153 мың теңге қаржы бөлінді.

        Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жем сатып алу, шөп шашу, астау, аншлагтар орналастыру, тұз шашу, пана дайындау және жабайы аң-құстардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылуда.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2016 жылдың І жартыжылдығында  299 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 86, қағаз жүзінде - 2, электронды портал арқылы - 138, МЕМСАРАПТАМА арқылы - 73 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың І жартыжылдығында өтінімдері бойынша 130 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 14, III-санат бойынша – 30, IV санат бойынша – 86  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 4, қағаз жүзінде - 0, электронды портал арқылы – 126  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді.

 

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

Облыс бойынша 2016 жылдың жартыжылдығында 83 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады.

2016 жылғы жартыжылдығында  облыс бойынша  аталған мекемемен 1,7  мың тонна ТҚҚ өңделген.

Облыс көлеміндегі иесіз қалдықтар туралы

Басқарма тарапынан облыс көлеміндегі иесіз қалдықтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда облыста үлкен көлемде 3 аймақта жинақталған иесіз қалдықтар анықталып отыр.

Атап айтсақ:

  1. Арал ауданындағы «Чайка» және «Березка» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 40 гектар,

    ал, көлемі жобамен – 80 мың текше метрді құрайды;
  2. Арал ауданындағы «Урал» әскери қалашығының орнындағы құрылыс қалдықтары. Жалпы ауданы – 50 гектар, ал, көлемі жобамен –

    100 мың текше метрді құрайды;
  3. Қармақшы ауданындағы Байқоңыр ғарыш айлағының №9 және

    №20 алаңдарының бұрынғы таратылған әскери бөлімдерден қалған құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Жалпы ауданы – 100 гектар, ал, көлемі жобамен – 188 мың текше метрді құрап отыр.

(Ескертпе: Арал ауданы, Арал қаласында «Чайка», «Березка» және «Урал» әскери қалашықтарының орындарындағы құрылыс қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін Арал аудандық сотына Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы №03-8/2015 арызы жолданып, Арал аудандық сотының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №2-1091/5 шешімімен аталған иесіз қалдықтар коммуналдық меншікке түсті деп танылды.

Ал, Қармақшы аудан әкімдігі тарпынан жоғарыда аталған иесіз қалдықтарды сот шешімімен республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде).

Облыс көлеміндегі санитариялық  тазалық, көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

2016 жылғы 29 ақпандағы №226-ө өкіміңізге сәйкес, осы жылғы көктемгі маусымдағы  санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы 10 наурыз бен 10 мамыр аралығы болып белгіленді.

Көктемгі маусымдағы қажеттілікке сәйкес, 2016 жылғы

17 мамырдағы №291-ө өкіміңізбен аталған екі айлық үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін ұзартылды.

Осыған сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары бойынша нақты іс-шара жоспарлары қабылданып, аймағымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде сенбіліктер ұйымдастырылды.

Аталған сенбіліктерге облыс бойынша апта сайын 40 мыңға жуық адам күші мен 380 - 400 арнайы техникалар жұмылдырылды.  

Бүгінгі күнге дейін 12рет ұйымдастырылған сенбіліктерге барлығы

159 100 адам қатысқан.

Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін арнайы полигондарға 48 мың текше метрден астам тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстар жинақталып, шығарылды.

Санитариялық тазалық жұмыстарының барысы туралы

Елді-мекен атауы

Жұмылдырылған адам күші (адам)

Жұмылдырылған техника саны (дана)

Шығарылған қоқыс көлемі

(мың текше метр)

Арал

3087

53

6,1

Қазалы

3826

51

6,3

Қармақшы

3457

57

6,2

Жалағаш

3300

43

5,1

Сырдария

3750

47

4,2

Шиелі

4100

40

3,3

Жаңақорған

3820

42

4,1

Қызылорда

14860

67

13

Барлығы

40200

400

48,3

Орта есеппен

193 мың тонна

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанынан облыс бойынша санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шараларын үйлестіруші жұмысшы тобы құрылып, жұмыстарды жоғарғы деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті іс-шаралар атқарылды.

Сонымен қатар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тарапынан санитариялық тазалық жұмыстарының барысын бақылау мақсатында арнайы жедел топтар құрылып, рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.

Бұл жедел топтардың рейд жұмыстарының нәтижелері жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда.

Санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын насихаттау мақсатында жергілікті «Қазақстан-Қызылорда, «Қоғам ТВ» телеарналарынан «Аймақ тазалығы – өз ауламыздан басталады», «Қала тазалығын сақтайық» тақырыптарында бейнероликтер күніне

4 реттен
жүргізілді.

2016 жылғы 19 наурыздағы сенбілікте облысты көркейту және көгалдандыру мақсатында Тұңғыш президент атындағы саябақта ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласы бойынша аталған шараға облыстық басқармалардан барлығы 270 қызметкерлер қатысып, 2100 ағаш көшеттері отырғызылды.

Акция облысымыздың барлық елді мекендерде жалғасын тауып, облыс бойынша барлығы 5 мыңға жуық адам күші жұмылдырылып,

15 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. 

Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен «Таза ауыл», «Таза көше», «Таза аула», «Таза мөлтек аудан» конкурстарын ұйымдастырылып, жеңімпаздарды жергілікті БАҚ - ы арқылы жарияланды.

2016 жылғы 16 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен облысымыздың барлық деңгейдегі елді мекендерінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы ұйымдастырылды.

Бұл акцияға меншік нысанына қарамастан республикалық, облыстық, аудандық мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің мүшелері жұмылдырылды.

Акцияға 22 мыңнан астам адам күші жұмылдырылып,

60 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Акция барысында атқарылған жұмыстар жергілікті телеарналар мен баспасөз беттерінде жарияланды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, аудан, кент, ауылдық округтер әкімдері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды атқаруда.

Атап айтсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарын негізінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру  талаптырын бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылуда.

Жыл басынан бастап, жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға 5725 әкімшілік шаралар қолданылып, 14 млн. 289 мың теңгеден астам айыппұлдар салынған. Өндірілгені - 6 млн. 684 мың теңге, яғни, 46 пайыз.

Облыстық әділет департаменті және Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып, салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында қарқынды жұмыстар атқаруда.

Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасы туралы

2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкісімен бірлесіп, Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру бойынша алдын - ала келісім жасалды.

Келісімнің жалпы соммасы - 9,0 млрд. теңге.

Бұл жоба аясында, қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу бойынша кешеннің құрылысы, жаңа санитариялық полигон құрылысы, қазіргі полигонды жою жұмыстары жүргізілетін болады.

 «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен кеңесшілер ретінде таңдалған Финляндия мемлекетінің FCG Design and Engineering Ltd компаниясы таңдалып, аталмыш компания 2015 жылғы 15 маусымнан бастап жұмыстарын бастап,  жобаға қажетті бастапқы деректер жинақтау жұмыстары жүргізуде.

Осы жоба жүзеге асырылған жағдайда тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделу көрсеткіші бірнеше есеге өседі деп күтілуде. 

Пестицидтер бойынша жол картасын бекіту туралы

Энергетика министрлігі 14-ші халықаралық пестицидтер бойынша форумды 2017 жылы Астана қаласында ұйымдастыру және жұмысына қатысты мәселелері жөнінде облыс және қала әкімдіктеріне Жол картасын дайындау туралы тапсырма берілген.

Жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігіне пестицидтер бойынша Жол картасы әзірленіп, 30.06.2016 05/1-6/4469 хатымен бекітуге ұсынылды.

Тұрмыстық қатты қалдықтардыбасқару саласын жетілдіру  бойынша Жол картасын бекіту туралы

   Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, Қызылорда облысындағы тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын жетілдіру бойынша Жол картасының (бұдан әрі-Жол карта) жобасы әзірленіп, Энергетика Министрлігіне бекітуге ұсынылды.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2015 жылға атқарған жұмыстары туралы ақпарат

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,03 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 494 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқаруда.

Атап айтқанда, облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағы мен ауылшаруашылығы құрылымдарына қарасты орманды алқаптарда өрт қауіпі бар кезеңдерде жүргізілетін шаралардың іс-шара жоспары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

 Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №681-ө өкімімен 2015 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

  Облыс бойынша орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру машинасы мен 51 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Сонымен қатар 20 трактор тіркемесімен, 1 дана өрт–химиялық  станциясы, 9 дана радиостанция,  29 дана арқаға салып жүретін өрт сөндіргіштер, 425 ұрғыш, 91 дана балта, 149 дана күректер дайындалды. Өртке қауіпті учаскелерге 16 қадағалау мұнаралары орнатылған.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы 8 су шаруашылығы нысандарын жөндеуге (Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналын, «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту» Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналын, Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналын, Мырзабай ахун ауылдық округіндегі «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналын, Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық»каналын, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналын) Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын ұстап тұру, 2 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру (Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округіне, Қызылорда қаласындағы Жібек жолы каналына) жұмыстарына, яғни барлығы  369,5 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар толығымен орындалды.

Үстіміздегі жылы жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде 8 елді мекеннің аяқ сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га).Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 180 су айдындарының 134 конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 46резервтiк қорда тұр.

Балық аулау

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы балық аулау лимиті 6725-тен 8 394 тоннаға (20 пайыз) ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізінен ауланатын балық 30 пайызға өсті.Бүгінгі күнге, облыс бойынша 7750 тонна балық ауланды.

Балық экспорты

Соңғы жылдары, балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді. 2014 жылы 715 тонна экспортқа шығарылса, 2015 жылы  4 млн. 657 мың АҚШ доллары болатын  846 тонна балық өнімдері  Грузия, Дания, Польша, Австрия, Азербайжан мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. 

Жыртқыш аңдардың санын реттеу

2015 жылға аталған шараға 124 қасқыр мен 590 шибөрі ату жоспарланды.

Бүгінгі күнге, 94 қасқыр (75 пайыз) және 590 шибөрі  (100 пайыз) атылып, аңшыларға 6 млн. 687 мың теңге сыйақы төленді.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру

Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі  2015 жылдың 28 ақпанынан бастап табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін рұқсат бере бастады.Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға және облыс көлеміндегі  30 аңшылық шаруашылық субъектілеріне аң аулауға рұқсаттар берілуде.

  Браконьерлермен күрес шаралары

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 88 фактісі анықталды.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

2015 жылы 974 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 211, қағаз жүзінде - 363, электронды портал арқылы - 247, МЕМСАРАПТАМА арқылы - 65 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.Сонымен қатар, 2015 жылы өтінімдері бойынша 392 табиғат пайдаланушыларға II-санат бойынша - 21, III-санат бойынша – 58, IV санат бойынша – 313  қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

Оның ішінде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 93, қағаз жүзінде - 35, электронды портал арқылы – 264  табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін  рұқсаттар берілді.

5.Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша

Қалдықтарды басқару саласы бойынша

Облыс көлемінде жыл басынан бастап 141,0 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған.

Облыс бойынша «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеумен айналысады.

Жыл басынан бастап облыс бойынша  аталған мекемемен 3,75  мың тонна ТҚҚ өңделген. Пайыздық үлесі – 2,66 пайыз.

Бүгінгі таңда, облыс тұрғындарының 51,54 пайызы  тұрмыстық қатты қалдықтарын тасмалдау қызметімен қамтамасыз етілген.  

Облыс көлеміндегі полигондарды экологиялық және санитариялық талапқа сәйкестендіру

Облыста 145 тұрмыстық қатты қалдықтар жинақтау нысандары (полигондар) бар болса, оның 3-і Экологиялық Кодекс талаптарына сәйкес заңдастырылған.

Бүгінгі таңда, тиісті талаптарға сәйкес келмейтін 142 өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою нысандарына арналған жер учаскелерін заңдастыру мақсатында (ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабының

9-тармақшасы)
Қызылорда облысы бойынша 131 ауылдық округ, 9 кент және 2 қала (Қазалы, Арал) әкімдіктері тарапынан түскен өтініштері арқылы сұратылған жер учаскелеріне алдын-ала таңдау жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 403,19 гектар жер учаскелеріне облыстық жер комиссиясының оң қорытындылары  қабылданып, облыс әкімдігі қаулыларымен белгіленді.

Атап айтсақ, Арал ауданы бойынша  Арал қаласы, Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері мен 21 ауылдық округі, Қазалы ауданы бойынша Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы мен 19 ауылдық округі, Қармақшы ауданы бойынша Жосалы кентіне және 11 ауылдық округі, Сырдария ауданы бойынша Тереңөзек кенті мен 13 ауылдық округі, Шиелі ауданы бойынша Шиелі кенті мен 21 ауылдық округі, Жаңақорған ауданы бойынша Жаңақорған кенті,

4 ауылдық округі (21 ауылдық округтердің жер орналастыру жобаларына қажетті 17 137 мың теңге аудандық бюджеттен 2016 жылға бөлінген)


2015 жылдың ІІІ тоқсанында  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

      2015 жылдың есепті кезеңінде  438 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, елді-мекендер мен ауылдық округтерге  1238  ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 25 рет мақалалар жарияланды.

       Қыс мезгілінде халықты отынмен қамтамасыз етуге 2015 жылға 28,1 текше метр жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, есепті кезеңде 5,4 мың текше метрі игерілді.  

Орманды жанама пайдалануға  161 дана орман билеті босатылып  жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2015 жылдың есепті кезеңінде 2007 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.   Ағаш көшеттерін өсіретін 7,6 га орман тұқымбағы ұйымдастырылып, 59,9 га жердің шығымдылығы нашар бұрынғы жылғы егілген орман екпелері толықтырылды. 

 Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын 297  мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 500  га сексеуіл алқабына химиялық  өңдеу жұмыстары атқарылды.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

2015 жылы елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 8 су шаруашылығы нысандарын  (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді», Жалағаш ауданы Мырзабай-ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту) жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Оның ішінде, қазіргі таңда 5 су шаруашылығы нысандарының жұмыстары толығымен аяқталып (Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді»), 3 су шаруашылығы нысандарының жұмыстары жүргізілуде (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданы Мырзабай-ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту) және  елді-мекендерге аяқ су апару үшін (Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне және Қызылорда қаласы «Жибек жолы) 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары  сатып алынып берілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

  Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га).

Бүгінгі күні, облыс аумағында балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі толығымен және жергілікті маңызы бар 180 су айдындарының 141 (немесе 78%) конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.

Қалған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының 39-ы резервтiк қорда тұр.

Балық аулау

  2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы балық аулау лимиті 6725-тен 8 394 тоннаға (20 пайыз) ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізінен ауланатын балық 30 пайызға өсті.Бүгінгі күнге, облыс бойынша 4627 тонна балық ауланды.  Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі 2015 жылдың 28 ақпанынан бастап табиғат пайдаланушыларға жануарлар дүниесін (балық аулау, аң ату) пайдалану үшін рұқсат бере бастады.Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға және облыс көлеміндегі 30 аңшылық шаруашылық субъектілеріне аң аулауға рұқсаттар берілуде.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша .

  2015 жылдың тоғыз айында 746 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді. 2015 жылдың жылдың тоғыз айында өтінімдері бойынша 299 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға үшін оның ішінде, II-санат бойынша - 18, III-санат бойынша - 38, IV санат бойынша – 243 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

5.Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша

Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында 99,7 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделуі бойынша

Облыс көлемінде «Ибрайхан и К ЛТД»  ЖШС-гі ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысады.

2015 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында  облыс бойынша  аталған мекемемен 1,8  мың тонна ТҚҚ өңделген.

Иесіз қалдықтар туралы

Облыс бойынша белгілі себептермен көп көлемде жинақталған қалдықтарға қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып мониторинг жүргізіліп, иесіз қалдықтарға түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында үш аумақта жинақталған иесіз қалдықтар жинақталып отыр.

Облыс бойынша санитариялық тазалық,

көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

Күзгі маусымдағы

Облыс әкімінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі №98-ө «Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» өкімі қабылданды.

Осы өкімге сәйкес, облыстың барлық қала және аудан әкімдіктерінде осы тектес өкімдер қабылданып, барлық деңгейдегі елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда, аталған сенбіліктерге 14 мыңнан астам адам күші мен

398 дана техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 3,5 мыңнан астам текше метр коммуналдық қалдықтар шығарылды.

Сонымен қатар, санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының күзгі маусымдағы жүргізілу мерзімінде атқарылған жұмыстар тұрақты түрде облыстық және жергілік баспасөз беттерінде жарияланып, насихатталуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің басшылық құрамдарынан құрылған жұмысшы тобы қала және аудандарды аралап, санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын насихаттау мақсатындағы көшпелі мәжілістер ұйымдастырылуда.

Атап айтсақ, 2015 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Арал және Қазалы аудандарында, 28 қыркүйекте Қармақшы және Жалағаш аудандарында көшпелі мәжілістер ұйымдастырылып, мәжілістерге ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.


2015 жылдың І жартыжылдыққа атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

2015 жылдың есепті кезеңінде 2007 гектар жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.Ағаш көшеттерін өсіретін 7,6 га орман тұқымбағы ұйымдастырылып, 59,9 га жердің шығымдылығы нашар бұрынғы жылғы егілген орман екпелері толықтырылды. Орман алқаптарының санитарлық жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын 297  мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 500  га сексеуіл алқабына химиялық  өңдеу жұмыстары атқарылды.

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

2015 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  6 канал  тазалау (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналы жұмыстары жүргізілуде  және  елді-мекендерге аяқ су апару үшін (Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне және Қызылорда қаласы «Жибек жолы) 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары  сатып алынып берілді.

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

 

Басқарма мамандары су айдындарының тізбесін қайтадан нақтылау жұмыстарын жүргізіліп, облыс әкімінің  2015 жылғы 17 наурыздағы № 875 қаулысымен 180 су айдынының тізімі бекітілді.Су айдындарының 149-ы (83%) ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі күні  31 су айдыны (көлдер) резервте тұр.2015 жылдың  1-ші жартыжылдығында құны 1 978 944 АҚШ доллары болатын 472 тонна балық өнімдері Грузия, Азербайжан, Дания, Польша мемлекеттеріне экспортқа шығарылды(өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 58 пайызға артты). 

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатттар беру

 Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары бойынша балық аулауға 138 рұқсаттар және аң аулау алқаптарын пайдаланушыларға 16 рұқсаттар берілді.

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша

 

2015 жылдың 6-айында 513 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

 

Тұрмысттық қатты қалдықтарды жинақталуы бойынша

Облыс бойынша 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында  71,5 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, өндірістік қалдықтар 47 мың тонна (бұдан әрі – ТҚҚ) жинақталған.

Облыс бойынша санитариялық тазариялық, көркейту және көгалдандыру  жұмыстарының барысы туралы

Бүгінгі таңда облыстың барлық елді мекендерінде  сенбілік ұйымдастырылды. Аталған сенбіліктерге 41 600 астам адам күші мен 354 дана техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде, арнайы полигондарға 26,5 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

 


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының

2015 жылдың I тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Басқарма бойынша 2015 жылдың I тоқсанына 6 бағдарлама бойынша  облыстық  бюджеттен 172974 мың теңге қаржы бөлініп, нақты орындалғаны  171504,7  мың теңге (99,2 %).

1.Орман шаруашылығы саласы бойынша

 

             2015 жылы өрт қауіпті маусымда   Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары  облыс әкімінің орынбасарымен 2015 жылдың 18 наурызында бекітілді.

          Орман өртін алдын алу болдырмау мақсатында, осы жылы 438 шақырымға жаңадан өрт жолақтарын жүргізу, 3193 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтіру жоспарланып, 2015 жылдың І-тоқсанында  54 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 116 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, елді-мекендер мен ауылдық округтерге  586 ескерту хаттар таратылып, ақпарат құралдарына 5 рет мақалалар жарияланды.

           Қыс мезгілінде халықты отынмен қамтамасыз етуге 2015 жылға 28,1 жыңғыл бұталарын кесуге рұқсат алынып, есепті кезеңде 4 мың текше метрі игерілді.  

Орманды жанама пайдалануға  83 дана орман билеті босатылып, 57  мың гектар жер мал жайылымдық, бақша егуге, шөп шабуға 1 жылға берілді. 

2015 жылдың есепті кезеңінде 2000 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді, оның ішінде 1000 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілген.   

2015 жылдың басынан бері заңсыз орман ағашын кесудің 6 фактісі анықталып, олардың табиғатқа келтірген залалының көлемі 27,8 мың теңгені құрап толығымен өндірілді.

 

2.Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

 

2015 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында    6 каналды тазалауға (Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналын, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналын, Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналын, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналын, Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық»каналын, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналын), елді-мекендерге аяқ су апару үшін 2 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру жұмыстары жоспарланып отыр.

Осы жұмыстар жүзеге асқанда 4542 га. жер суландырылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Жаңа Шиелі магистралды каналының су алу мүмкіншілігін арттыру үшін Сырдария өзенінде матадан су тіреуіш құрылысын салу» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Казсушар» республикалық мемлекеттік мекемесімен  құрылыс жұмыстары жұргізілуде.

 

3.Балық шаруашылығы саласы бойынша

 

             Балық шаруашылығы облыс үшін маңызды ауылшаруашылығы салаларының бірі.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс әкімдігінің қаулысымен Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2015 - 2017 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі (328 800 га), Сырдария өзені (263 000 га) мен жергілікті маңызы бар 180 су айдыны (45 500 га) бар.

Тіркеуге алынған балық шарушылығына маңызы бар 180 су айдынының 149-ы ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. Бүгінгі күні, 31 жергілікті маңызы бар су айдындары (көлдер) резервте тұр.

2015 жылға  балық аулау лимиті 8391 тонна көлемінде бекітілді.

Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен 2015 жылғы 14 ақпанда облыстағы балық шаруашылығын дамыту жөнінде мәжіліс өтіп, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

 

Жануарлар дүниесін қорғау:

 

          1) Браконьерлікке қарсы күрес шаралары:

          Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға 33 638 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді.

2) Биотехникалық іс-шаралар:

          2015 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.

          Аталған қаржыға жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру:

Жануарлар дүниесін пайдалануға 80  рұқсат берілсе, оның ішінде  Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарынан  балық аулауға 64  және аң аулауға 16 рұқсаттар берілді.

2015 жылдың I-ші сәуіріне 197 тонна балық ауланып, бюджетке 9 757 800 теңге қаржы түсті.

Жануарлар дүниесін қорғау:

1) Браконьерлікке қарсы күрес шаралары

          Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің күшімен жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 28 фактісі анықталды. Олардың 4-не хаттамалар толтырылып, 39 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Табиғатқа келтірген залалы үшін 8 тұлғаға 33 638 теңге айыппұл салынып толығымен өндірілді.

2) Биотехникалық іс-шаралар

          2015 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға қаржы бөлінді.

          Аталған қаржыға жануарларды қысқы уақытта қосымша қоректендіру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

 

4. Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша 2015 жылдың 1-тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

2015 жылдың І-тоқсанында 251 шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары берілді.

Жыл басынан бері өтінімдері бойынша 127 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға, оның ішінде, II-санат бойынша - 8, III-санат бойынша - 10, IV санат бойынша – 109 қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсаттар берілді.

 

 

5.Табиғат қорғау шаралары бойынша

 

Санитариялық тазариялық жұмыстарының барысы туралы

«Облыс елді мекендерінде санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» облыс әкімнің 2015 жылғы  6 наурыздағы өкімімен  үстіміздегі жылдың 14 наурызы мен 16 мамыры аралығында санитариялық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды. Осы өкімді  іске асыру мақсатында, облыс бойынша біршама  жұмыстар атқарылуда.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, облыста  3 рет сенбілік ұйымдастырылып, аталған сенбіліктерге 20250 астам тұрғындар мен 318 дана техникалар жұмылдырылды.

Нәтижесінде, арнайы полигондарға 5261 мың текше метр тұрмыстық қалдықтар шығарылып, 8300 шақырымға жуық көшелер мен арықтар тазаланды.

 

Құрамында сынап бар қатерлі

қалдықтарды бөліп жинау тәжірбесін енгізу

2014 жылғы мамыр айынан бастап «ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі Құрамында сынап бар қатерлі қалдықтарды бөліп жинау жұмыстарымен айналысуда. 

«ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі жыл сайын құрамында сынап бар шамдарды бөліп жинау, өндеу және залалсыздандыру үшін  қабылдайтын болады.

«Экотром - 2У» құрылғысының қуаттылығы жылына 1500 тонна қауіпті қалдықтарды өндеуге және залалсыздандыруға мүмкіндік береді.

Есепті кезеңде ЭКО - Н Сервис» ЖШС-гі арқылы 5870 дана құрамында сынап бар энергоүнемдегіш шамдар өңделді.

 


Нет контента...

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 16-04-2018 17:34

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика