Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 08/06/2018 - 11:18
    Мазмұны:

    А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі көптеген жылдар бойы Арал теңізі суының тұздану мәселесі алаңдатқан Сыр өңірі үшін бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті. «Ал, «Арал дағдарысы» - Арал бассейнінде өмір сүретін 35 млн. адамға әсерін тигізіп отырған, адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптардың бірі. 6 млн. гектардан асатын аймақ тұзды шөлге айналып, атмосферасындағы тұзды тозаң көзі болды. Осындай қиын жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаев Арал теңізін қалпына келтіру туралы тарихи шешім қабылдап, «ғасыр жобасы» - «САРАТС» қолға алынды, аймақтың балық шаруашылығы қайта жанданды. Бүгінгі күні САРАТС жобасының екінші кезеңі басталып кетті. Енді теңіз Арал қаласына жетеді деген сенім мол», - деп атап өтті аймақ басшысы.

    Сондай-ақ, облыс әкімі өзге де өзекті мәселе – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыран-тасығыштарын ұшырылу мәселесі шешім тапқанын жеткізді. «Протон» зымырандарын ұшыру қысқартылып, 2026 жылы оларды мүлдем ұшырмау туралы шешім қабылданды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

  • Дата публикации: 04/06/2018 - 12:24
    Қоршаған ортаны қорғау саласының құрылғанына 30 жыл толуына орай және 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған шара туралы
    Мазмұны:

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы 5 маусым -  Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып белгіленді. Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу еліміздің басты міндеттері болды.  Экология саласы - қашан да экономиканы алға жылжытушы күш, әрі экономиканың негізгі діңгегі десек, бүгінгі мерекені Сыр елінің экология саласының мамандары толымды жетістіктермен қарсы алып отыр.Шара барасында Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті бірлескен жоспарына сәйкес спорттық, Қоршаған ортаны қорғау саласының 30 жылдығы және 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған бейнетүсірілімді тамашалау, облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың құттықтауы мен марапаттау рәсімі және тағы да басқа іс-шаралар қамтылатын болады.

    Аталған шаралар Елбасының экология саласына, қоршаған ортаға деген қамқорлығын насихаттау болып табылады.

  • Дата публикации: 24/05/2018 - 15:30
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының әкімдігі 2018 жылғы 24 мамырда Қызылорда қаласында Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен (GIZ), Орталық Азияның Аймақтық экологиялық Орталығы (ОААЭО) және АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігімен (ЮСАИД) бірлесіп «Қазіргі заман тарихы ағымындағы Арал теңізі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.   Конференцияның мақсаты - Арал теңізі бассейнінің өзекті мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару және Орталық Азиядағы табиғи және су шаруашылығы құрылымдарының қазіргі жағдайын терең зерттеу.Халықаралық конференцияда экспедицияға қатысушылар, ғалымдар, жоғары оқу орындары  мен  ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және  Орталық Азия мен  Ауғанстан елдерінің су шаруашылығы салаларының қызметкерлері, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері белсенді жұмыс жасады.

  • Дата публикации: 04/05/2018 - 15:15
    Мазмұны:
    Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 73-ші отырысында су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды. 3-4 мамыр күндері өтетін іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің салалық министрлік өкілдері қатысуда.
    Қызылордада өтетін 73-ші мемлекетаралық комиссия отырысына қатысу үшін Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзода және Түрікменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Магтымгулы Байрамдурдыев жұмыс сапармен келді.
    Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясы 1992 жылда Орталық Азия елдерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелері бойынша шешім қабылдау алаңы ретінде құрылды.
    Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов атап өткендей, биыл болжам бойынша аяқ су аз болады, сондықтан су ресурстарын мемлекеттер арасында үлестіру мәселесі өте маңызды, әсіресе Сырдария өзенінің төменгі ағымында орналасқан Қызылорда облысы үшін өзекті болмақ.
    Комиссия отырысында қатысушылар 2017-2018 жж. Сырдария мен Әмудария бассейндеріндегі  вегетацияаралық кезең қорытындысын талқылап, 2018 ж. вегетациялық кезеңде су алу лимиттері мен су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті, сондай-ақ, «Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын кешенді басқару пайдалану және қорғауына  ақпараттық-талдау қамтамасыз ету және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөнінде» Келісім жобасы бекітілді. Одан бөлек, қатысушылар мемлекетаралық комиссияның жұмысын одан әрі күшейту мәселелерін талқылап, комиссияның 74-ші отырысын өткізу бағдарламасы мен орнын келісті. 
    Түстен кейін отырыс қатысушылары Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы комиссия жұмысының көрші мемлекеттер арасында су шаруашылығы мәселелерін реттеудегі маңыздылығын атап өтті.
    Естеріңізге сала кетейік, биыл Халықаралық Арал теңізін құтқару қорының құрылғанына 25 жыл болды. 1993 ж. 25 наурыз күні Мемлекет басшыларының Қызылорда қаласында өткен саммитінде қорды құру жөнінде шешім қабылданды. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдерінің су ресурстарын бірлесе басқару жөніндегі әріптестігіне биыл тура 100 жыл болмақ, өйткені 17 маусым күні «Түркводхоз» - бұрын құрамында комиссия мүшелері болған Түркістан республикасының су шаруашылығы басқармасының құрылуына 100 жыл болады.
    «Арал теңізі мәселесі баяғыда жеке бір аймақ немесе елдің шеңберінен шығып, бүкіләлемдік деңгейдегі мәселе болды. Жағдайды жақсарту үшін су ресурстарын тиімді пайдаланып, су алу лимиттерін сақтау бойынша жұмысты әрі қарай күшейту керек. Осы мәселелер 15 наурыз күні Астана қаласында Мемлекет басшылардың кездесуінде талқыланды. Ал тамыз айында Ашхабадта Халықаралық Арал теңізін құтқару қорына қатысушы елдерінің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы жоспарлануда», - деп атап өткен облыс әкімі Мемлекет басшыларының отырысына орай комиссия жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныс айтты.
    Кездесуге қатысушылар комиссия отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның жұмысына барынша ықпалдастық жасалғанын атап өтті. Мәселен, Өзбекстан Республикасының Су ресурстары министрі Шавкат Хамраев суды пайдалану мәселелері Орталық Азия елдері үшін аса маңызды екенін және өз тарапынан осы салада әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты.
    Мемлекетаралық комиссияның 74 отырысы Ашхабад қаласында ү.ж. қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарлануда.

  • Дата публикации: 23/04/2018 - 17:44
    Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен облыста 2018 жылғы 21 сәуірде «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық акциясы өткізілді.

    Аталған шара облыстың барлық деңгейдегі елді-мекендерінде жүргізіліп, оған аумақтық, облыстық, қалалық, аудандық мекеме қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Акцияға облыс бойынша барлығы  24188 адам жұмылдырып, 62073 дана ағаш көшеті егілді.

  • Дата публикации: 18/04/2018 - 15:19
    Арал теңізінің құрғаған ұлтанына фитоорманмелиоративтік жұмыстар жүргізу жобасы туралы
    Мазмұны:

    2018 жылдан бастап Қызылорда облысы аумағында Оңтүстік Корея Республикасының қаржыландыруымен «Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Арал теңізінің құрағағн ұлтанының 10 мың гектар жерге (2018ж-5 мың га, 2019ж-5 мың га) сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіледі.  Ағымдағы жылдың көктем айында 5000 гектар жердің топырағы дайындалып, күз айында сексеуілді  көшетпен отырғызу жұмыстары басталады. Жоба шеңберінде Арал және Қазалы орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана «Беларус-12212» тракторы тіркемесімен, 2 дана УАЗ автокөлігі және 2 дана вагон-жатақхана алынды.

  • Дата публикации: 14/04/2018 - 15:04
    «Ағаш отырғызу»  акциясы  өтті
    Мазмұны:

    2018 жылғы 14 сәуірде Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде  «Ағаш отырғызу»  акциясы  өтті.

    Аталған шара  облыстың  барлық деңгейдегі елді-мекендерінде жүргізіліп, оған аумақтық, облыстық, қалалық, аудандық мекеме қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты.  Акцияға облыс бойынша барлығы 54550  адам жұмылдырып, 32200  дана ағаш көшеттері егілді.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен облыста 2018 жылғы 21 сәуірде «БүкілҚазақстандық ағаш отырғызу күні» бірыңғай республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

    Осыған сәйкес іс-шараға меншік нысанына қарамай барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындарың  белсенді қатысуға шақырамыз.

  • Дата публикации: 21/02/2018 - 11:07
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 154-бабының  2-тармағына сәйкес 2017 жылға арналған қалдықтарды түгендеу есептерін ұсыну мерзімі 2018 жылдың 1 наурызына дейін  лгіленген. Есепті Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне ұсыну немесе https://oos.energo.gov.kz мекен-жайы бойынша «Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде толтыру қажет.

  • Дата публикации: 19/01/2018 - 10:24
    Мазмұны:

    Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымы арасында талқыланды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Шаменов Елбасының биылғы Жолдауында белгіленген 10 міндеттеріне тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде, Жолдаудың «ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» екінші бағыты бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай, утилизациялау және қайта өңдеу үшін қабылданатын шараларға тоқталып өтті. «Расында, көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан  басты экологиялық проблемалардың бірі - қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс мәселесі» - деді Бауыржан Шаменов. Бүгінде, облыс аумағында орналасқан 145 тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтайтын полигондар бар болса, қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 37 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. Соның ішінде, 12-сі тұрмыстық қатты қалдықтар, 9-ы мұнай қалдықтары, 8-і медицина қалдықтары, 2-уі құрамында сынабы бар қалдықтар саласында. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай, жою және қайта өңдеу бойынша зауыттар мен полигондар салу және қолданыстаға полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізетіндігін жеткізді. Жолдаудың «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бағыты бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Изкенов түсіндірме берді.

  • Дата публикации: 06/12/2017 - 15:45
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) өз құзіреті шегінде барлығы 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

    1)  «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»; 

    2) «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;

    3) «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»;

    4) «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануқа рұқсат беру»;

    5) «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру»;

    6) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру»;

    7) «Ағаш кесу және орман билетін беру»;

    8) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу».

    Жыл басынан бері ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін  шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері, жеке кәсіпкерлерден 437 өтініштер келіп түскен.

    Ал, ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін табиғат пайдаланушылардан 443 өтінім келіп түскен.

    2017 жылдың 11 айында табиғат пайдаланушылардан жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алу үшін 414 өтінім келіп түскен.

    «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қала және аудан орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемлері арқылы қызмет көрсетіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.

    «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 208 мемлекеттік қызмет көрсетілді (ағаш кесу билеті-10, орман билеті-198).

    «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу», «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануқа рұқсат беру» және «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  сұраныс болмауына байланысты қызмет көрсетілмеген.

    Қазіргі таңда, табиғат пайдаланушыларға «ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру», «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» және «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтері бойынша еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтінімдер жіберіп, мемлекеттік қызмет алуға болады.

    Сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарыңызға Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №1 ғимарат, Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелер үйі, 2 қабатында жауап алуға болады. Байланыс телефонымыз: 8(7242)60-53-62, электронды пошта: prd@korda.gov.kz.

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика